7


  • Учителю
  • Открытый урок по хореографии на тему Чунга-чанга

Открытый урок по хореографии на тему Чунга-чанга

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы №33 «Нұрсәт» МдБО

Би жетекшісі

</<font face="Times New Roman, serif">Қыдырбай Гүлайым Өтемісқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Хореография

ҰОІӘ тақырыбы: "Чунга-чанга" биі.(В.Шаинский)

ҰОІӘ мақсаты: Балаларға "Чунга-чанга" биі туралы жан-жақты түсінік беру.Олардың танымдық қабілеттерін арттыру.Әуен мен ырғақты түсінуге баулы, дене қимыл -қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру.

ҰОІӘміндеттері:

Бірнеше бөліктен тұратын би қимылдарын, олардың орындалуын үйрету.

Балаларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрістерін тәрбиелеу.

Балалардың ойлау, есту сақтау қабілеттерін дамыта отырып, би сабағына деген қызығушылықтарына арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын жаттығу.

ҰОІӘ-нің барысы:

Балалар залға әуен ырғағымен кіріп,шеңбер бойымен жүреді.Шеңбер жасап аяқ ұшымен жәйлап жүреді, қолдары жоғарыда болады, өкшелерімен жәймен жүреді.Музыка ырғағымен, шеңбер бойынша екі қолдарын артқа қойып жәй жүгіреді.Қоянша секіріп, денесін жеңілдетеді.Жаттығу жасау үшін балалар шеңбер бойымен, дөңгеленіп тұрады.

Балалар мұғаліммен, келген қонақтармен амандасқаннан кейін жаттығуын бастайды.

1-жаттығу: Қолымен белде,аяқ иық кеңдігінде

1-Басымызды оңға бұрамыз.

Бастапқы жағдай.

2-Басымызды солға бұрамыз

Бастапқы жағдай.

2-жаттығу: Қолымыз белде, аяқ иық кеңдігінде

1-Басымызды оңға қарай айналдырамыз.

Бастапқы жағдай.

2-Басымызды солға қарай айналдырамыз

Бастапқы жағдай.

3-жаттығу: Екі қолымыз иықта, аяқ иық кеңдігінде

1-Иығымызды алға қарай айналдырамыз.

Бастапқы жағдай.

2-Иығымызды артқа қарай айналдырамыз

Бастапқы жағдай

4-жаттығу: Қолымызды жанымызға созып ұстаймыз, аяқ иық кеңдігінде

1-Қолымызды жоғары көтеріп айналдырамыз.

Бастапқы жағдай.

2-Қолымызды төменге көтеріп айналдырамыз

Бастапқы жағдай

5-жаттығу: Қолымыз белде, аяқ иық кеңдігінде

1-Оңға қарай иілеміз.

Бастапқы жағдай.

2-Солға қарай иілеміз.

Бастапқы жағдай

6-жаттығу: Жерге жатып, аяқтарын жоғары көтеріп, велосипед қимылын жасайды.

7-жаттығу: Аяқтарын созып, қолдарын артқа қойып отырып, аяқ ұштарын жоғары және төмен көтереді. Орындарынан тұрып, денесін жеңілдетеді.

Мұғалім: Енді біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын ,өткен сабаққа шолу жасайық.

-Балалар, біз өткен сабақта қандай биді үйрендік?

Балалар "Балапан"биін үйрендік.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.Олай болса , "Балапан" биінің қимылдарын есімізге түсіріп қайталайық.

"Балапан" биі қайталанады.



Мұғалім: Балалар, сонымен бүгінгі біздің жаңа сабағымызда "Чунга-чанга" биін үйренеміз.

Би қимылын сендерге көрсеткеннен кейін, сендер менімен бірге қайталайсыздар.

( "Чунга-чанга" биі туралы түсінік беру )

Басталуы: Балалар залдың ортасында тұрып, оңға ,солға қарай сәл теңселеді аяғы иық ендігіне қарай қойылған, бармақтарын тырбитып шынтағынан бүгіліп, дененің екі жағына қолдары жайылған.

1-шумақ: Балалар шеңбер бойымен жүреді, қадамы ұсақ, тізені жоғары көтеріп, қолды музыкаға байланысты (жоғары -төмен) қозғалтады.Шумақтың бітуінде залдың ортасына қатар түзеп тұрады

Қайырмасы: Балалар сәл жүреліп отырады.Қол басы төмен түскен, шынтақ иық деңгейінде бүгілген.Денені түзулеп оңға қарай бұрылады, қол алғашқы жағдайда оралады.Қимыл қозғалыс қайырма біткенше қайталанады.Өлең барысында балалар шынтағынан бүгілген қолды төмен түсіріп, алға қарай секіреді, қолын бастапқы қалыпқа келтіре, артқа қарай секіреді.Бұл қимылдар кезінде тізе серпіле бүгіледі.Бүгілген тізе жағдайында жан-жағына тербеле иіліп , тұрған орнында екі рет айналып шығады.

2-шумақ: Балалар 1-шумақтың қимыл-қозғалысын қайталайды.Би балалардың қатарға тұруымен аяқталады.Балалар қолдарын шұғыл жоғары көтеріп, тізені сәл бүгіп отырады.Қолдың алақаны алға қарап, бармақтары тырбиған.

Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз.

Ойын "Әуеніне қимылын тап!" деп аталады.Ойынның шарты:

Мен қазір әртүрлі ырғақтағы әуендерді ретімен қосамын,Ал, сендер сол әуендерге сай ырғақпен билеулерің керек.

Балалар:Иә, түсінікті.

Мұғалім:Жақсы.Олай болса, ойынды бастаймыз.(Ойын ойналады).Ойында белсенділік танытқан балаларды мұғалім мадақтайды.

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында, балалардан сабақтың қалай өткенін, олардың не үйренгенін сұрап, сабақты аяқтаймын.

Мұғалім: Бүгінгі сабақта біз қандай би үйрендік ?

Балалар:Чунга-чанга.

Мұғалім: Би сіздерге ұнады ма, балалар ?

Балалар: Иә ұнады

Мұғалім: Қандай ойын ойнадық ?

Балалар: "Әуеніне қимылын тап" ойнын ойнадық

Мұғалім: Жарайсыздар!. Бүгінгі сабақтабарлығын жақсы қатысып,би қимылдарын үйрендіңдер.Рахмет, балалар, сабақ осымен аяқталды.Балалар музыка әуенімен шеңбер жасап, қоштасып шығып кетеді.

Қош сау болыңдар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал