7


  • Учителю
  • Құттықтаймын, ана, мерекеңмен! ертеңгілік

Құттықтаймын, ана, мерекеңмен! ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Құттықтаймын, ана, мерекеңмен!»

Ертеңгілік

Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Мусулманкулова Т.К.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Сіздерге арналған шағын концертімізді ашық деп жариялаймыз.

Сахнаға ұлдар шығады.

Досжан:

Гүл-гүл жайнап бәріміз,

Кірді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен,

Құттықтаймыз бәріміз!

Нұрасыл:

Ақ тілекті ағылтып біз тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздерінен көреміз шаттық райын,

Өтсін солай әр күнің мен әр айың!

Ермек:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Мереке күні бір-бірден,

Қыздарға да сыйлаймыз!



Ұлдар:

-Жігіттер, бүгін аналардың мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой?

-Сонымен қатар, қыздардың да мейрамы. Қыздар да келе жатыр! Қарсы алайық! (Музыка әуені естіледі де, балалар залға кіреді).

Би «Мама»

Ән «Ақ мамам»

1.Еркелесем күнім дейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін



Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам

Құлыншағым күнім



2.Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен сол жақын маған

Ол жанымда жүрсе менің

Батырларша батылданам.



3.Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып



Балалардың тақпақтары: (ортаға шығып).

Алижан:

Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз, сыйлаймыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап тақпақ жырлаймыз.



Сардар:

Анаң болса қасында,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді керемет!

Алихан:

Анам менің панам ғой

Содан қорған табам ғой

Асықпа анам ертең ақ

Отын болып жанам ғой.



Алинур:

Анам менің асыл жан

Құшағы нұр шашылған

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан.



Әмір:

Апатайым, анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің.



Расул:

Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөзі адамның,

Анаға айтар лебізі!



Дарын: (ортаға шығып)

Ал, қыздарым қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтарын майысып,

Би биле мына халыққа!



Би «Қуыршақтар» (қыздар)



Аяулым: (ортаға шығып) Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.



Дина:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін!



Кәусар:

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.



Адина: (ортаға шығып)

Аналардың жарысы,

Дәл осылай басталсын.

Ойын ойнап бір сәтте,

Жастық шағын еске алсын!

Ойын «Анамызды сәндейік» (музыка ырғағымен)

(балалар аналарын моншақтар, жүзіктер, қалпақ, орамал, помада қолданып сәндейді).

Сабыр: (ортаға шығып) Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы таппағым.

Өзің жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрінде!

Айгерімнің орындауында Ән «Ерке қыз»

Әнуар: (ортаға шығып)

Анам үшін күнде мен,

Еденді мен жуамын.

Дүкенге нанға барамын,

Сыпырамын үй ішін,

Жуамын ыдыс-аяқты.

Бірақ анам мен үшін,

Оқымайды сабақты.

Би «Мен көмекшімін» (ұлдар)

Мадина: (ортаға шығып)

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз!

Ән «Көктем» (қыздар)

1.Жайнайды жасыл бақ,

Ойнаймыз асыр сап.

Көгілдір көктемдей,

Бақытты жас ұрпақ.



Қайырмасы:

Сайрай бер көктемде бұлбұл әні,

Көктемде ағады тау бұлағы.

Көңілді ән шырқап, би билейміз,

Елімнің бақытты жас ұрпағы.



2.Көктегі жұлдыздар,

Жердегі шоқ қыздар

Қызығып қарайды,

Бақытты ұл-қыздар.



БУКЕТ ҰСТАТУ(ортаға шығып)

Ерасыл:

Анашым аялаған,

Құшағың сая маған

Әлемнің бар асылын

Мен үшін аямаған.





Ілияс:

Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз бір жоқ күнің .

Ұсынамыз біз бүгін,

Сізге сұлу шоқ гүлін.

(балалар жасаған шоқ гүлдерін ұсынады)

Диана: (ортаға шығып)

Шалқып-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз!

Ән «Құттықтаймын, мама» (хормен айтылады)



Тәрбиеші: Осымен біздің «Мерекеңмен анашым, құттықтаймын!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болыңыздар!























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал