7


  • Учителю
  • Қош келдің, Жаңа Жыл!сценариі

Қош келдің, Жаңа Жыл!сценариі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектепалды даярлық 5-6 жас

«Жаңа жыл» ертеңгілігі



Өлең оқиды:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Таңырқанып тұрмаңыздар!

Сәнді шырша шақырады,

Шырша жырын жырлаңыздар!

Құрметті ата-аналар, қонақтар келе жатқан 2016 жыл мешін жылы құтты болсын. Барлық қазақстандықтардың отбасына жаңа жыл жарылқап, бақыт, құт-береке әкелсін. Жаңа жылға арналған мерекемізді бастайық!

Балалар кіреді. Шыршаның жанына шеңберге тұрады. Ән айтылады.



Ән : «Орманда шырша туыпты»

А: Келіңдер жас ұлаңдар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімде сан қилы,

Қызық-қызық сырлар бар.

Сонымен , балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер!

  • Қараңдаршы, балалар, айнала қандай әдемі, өздерің де сондай әдемісіңдер. Ой, мынау не? Бұл сиқырлы жамылғы ғой. Оның жұлдызын қолға алып сиқырлы сөздер айтса, кез келген арманың орындалады екен.

  • Сендер білесіңдер ме, бұл кімнің жамылғысы екенін?

Балалар: Шахеризаданың жамылғысы.

(Жүргізуші қолына бір жұлдызды алады)

  • Сиқырлы сөзді айтайық!

Балалар: Ертегі, ертегі, таңырқат біздерді!

(Әуен ойнайды. Шахерезада келеді)

Шахерезада: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен шығыс елінен келген Шахерезадамын. Мен өз сиқырлы жамылғамды жоғалтып алдым. Сендер оны көрмедіңдер ме?

Г: Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.

Ш: - Рахмет, сендерге! Менің жамылғым сиқырлы, оның әр жұлдызы да сиқырлы. (қолына жұлдызды алады)

Айымгүл: - балалар, Шахерезада жұлдызды қолына алды, біз сиқырлы сөздерді айтайық.

Балалар: Ертегі, ертегі, таңырқат біздерді!

(Әуен ойнайды. Аладдин келеді. Қолында шамы бар. Шамын уқалайды)

Жарық өшеді, Жын пайда болады.

Жын: У-ух-хо-хо! Бостандық! Мен сенің құлыңмын тақсырым, не қаласаң сол болады. Не сұрасаң тауып беремін. Сен мені шамнан шығарып құтұардың мен саған қарызбын! (Аладдиннің ағына жығылады)

Аладдин: міне керемет! Маған ешнәрсе керек емес, тек бір арманым бар. ол - шығыс ханшайымдарын көрсем деймін. Сол тілегімді орында!

Жын: Әміріңізге құлдық, тақсырым! Тілегіңді орындаймын!

(3 рет айналадыда бір рет шапалақтайды)

Қыздар шығыс биін билейді.

Би: «Шығыс»

Аладдин: -рахмет, саған, жын! Керекмет би екен. Керемет әдемі ханшайымдар екен.

Г: Аладдин біздің балалрымыздың жаңа жылға аранп жаттаған тақпақтары бар.

Тақпақтар: Санжар, Айым, Назерке, Нұрислам, Алмат, Інжу, Саяжан, Медина.

Шахерезада: балалар тақпақ айтты, ал мен ойын ойнатқым келеді. Қыс мезгілінде не істейміз?

Балалар: Қармен ойнаймыз, аққала жасаймыз, шанамен, конькимен, шаңғымен сырғанаймыз.

Шахерезада: Ендеше біз «Аққала» ойынын ойнайық.

Ойын: «Аққала салу» (Саяжан, Елдар, Аружан, Ерасыл, Аяжан, Әделия)

Аладдин: Балалар менің кететін уақытым болды, Жын менімен жүр екеуіміз жер аралап басқа балаларға көп қызықтар сыйлайық. Сау болыңдар!

Г: Ал біз мерекемізді көңілді әнмен жалғастырайық.

Ән « Ақшақар »

Шахерезада: - Балалар айтыңдаршы ақ сақалды, жылына бір рет келетін ата кім ол?

Балалар: Аяз ата.

А : Ендеше, Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

Аяз ата: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіздер ме апайлар! Мен сіздерге аластан келдім. Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар әкелдім. Сендер мені сағынған боларсыңдар!

Менің Ақшақарым кішкене немерем де келіп қалыпты қой, келе ғой, балам. (Әделияны шақырады)

Ақшақар:

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Ақшақармын аппақпын,

Менсіз қыстың сәні жоқ!

Г: Аяз ата, ақшақар сіздерге арнап балаларымыз ән айтып бергісі келеді.

Ән: «»

Аяз ата: Бәрекелді, керемет ән салады екесіңдер, аталарыңды қуантып жібердіңдер. Мен сендерге сйлық бермеппін ғой, ұмытып кетіппін, кәне, немерем, тездетіп сыйлықтарды таратайық.

(Қаптан сыйлық іздейді. Сыйлықтар жоқ. Қаптан сиқыршы шығады)

Сиқыршы: Бұл не айғай, не шу? (балаларды айналып өтеді)

Неге бәрін әдемі болып киініп алғансыңдар? Мен мерекені, күлкіні ұнатпаймын. Бәрі жылау керек.

А: Бүгін бізде мереке. Жаңа жыл мерекесі. Балаларға Аяз ата мен Ақшақар келді. Сен де сиқыршы бізбен ән айтып көңіл көтер.

Сиқыршы: Жо-жоқ! Мен ән айтпаймын. Мерекелеріңді бұзамын! Ха-ха-ха. Қане, менің көмекшілерім, қайдасыңдар? Келіңдер.

Би «Сиқыршылар»

Сиқыршы: Жетер, би биледіңдер, енді балалардың силықтарын алып қояйық!

Аяз ата сиқыршыға таяғымен сиқыр жасайды.

Аяз ата: Енді сен сиқыршы емессің, ешқашан сиқыр жасамайсың енді. Мен сенің сиқырыңды жойдым.

Сиқыршы Аяз атаға жығылып айтады:

Кешірші , Аяз ата мен енді ешқашан жамандық жасамаймын, мен жақсы сиқырлар жасаймын!

Аяз ата: Жарайды кешіремін. Енді жақсы істер істе.

Г: Аяз ата біздің балалр сізге тақпақ айтқысы келеді.

Тақпақтар: Альбина, Елдар, Малика, Аяжан, Исмира, Ислам, Руслан.

Аяз ата: Балалар, біздің шыршамын неге сөніп тұр?Шыршаның шамдарын жағайық.

Балалар:

Шырша, шырша , жан, жан.

Шамдарыңды жарқырат!

(шырша шамдары жанады).

Аяз ата: Шыршаға арнап ән айтайық, қанекей!

Ән «Шырша»

А: Ал мерекемізді ары қарай жалғастырайық! Аяз ата біздің ақшақарларымыз сізге арнап би белеп бергісі келеді, қабыл алыңыз.

Аяз ата: Әрине, көрейік, менің де немерем билегісі кеп тұр.

Би «Ақшақарлар»

Аяз ата: Бәрекелді, керемет би екен! Мен ыстықтап шөлдеп кеттім, маған су беріңдерші. (кружкадағы суды ішкендей болады. Балаларға кружкадағы жылтырларды шашады. Ал Шахерезада ата-аналарға шашады)

Г: Аяз ата, біз бір қызықты ойын білеміз.

Ойын « »

Аяз ата: Бәрекелді, көңіліміз толып жатыр сендерге. Өздерің өнерлі екенсіңдер. Енді , Сиқыршы, мен сені кешірдім, сен мына балалардың силығын жеткіз мына жерге. Сыйлықсыз Жаңа жыл болмайды ғой.

Сиқыршы: Жарайды, ата! Мен ескі жыл мен жаңа жылды жіберейін. (кетеді)

Әуенмен Мешін мен Қой кіреді.

Мешін мен Қой: Жаңа жыл құтты болсын!!! Тақпақтарын айтады.

А: Рахмет, сіздерге жаңа жыл мен ескі жыл.

Аяз ата: Балалар, маған тақпақ айтып беретіндерін бар ма. Келіңдер ортаға.

Тақпақтар: Тамерлан, Данияр, Ақниет, Зара, Дияр, Жансая, Аружан.

Аяз ата: Ал балалар, мен сендерге разы болдым. Аталарыңның көңілін көтердіңдер. Енді менің кететін кезім де келді. Басқа балалар мені тосып отыр. Жаңа жыл баршаға бақыт әкелсін! Қош сау болыңдар! (Кетеді.)

Балалар: Сау болыңыз!Сау болыңыз!

Г: Балалар мұңаймаңдар, Аяз ата келесі жылы келеді.

</ А: Құрметті балалар, қонақтар, ата-аналар, келе жатқан Жаңа 2016 жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Жаңа жыл жарылқап, ескі жыл есіркесін. Мешін жылы барлық қазақстандықтарға бақыт пен қуаныш, тыныштық әкелсін!

Балалар: Жаңа жыл құтты болсын!!!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал