7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат

Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сандар туралы түсінік беру. Сандар әлеміне саяхат жасай отырып балаларға тапсырмалар орындату және қызығушылықтарын арттыру. Сандарды толық айтқызуға үйрету. Тура ,кері санау, есептер шығару дағдыларын қалыптасу. Шартты өлшеуіштердің көмегімен сусымалы заттар мен таны
предварительный просмотр материала

26. 01.16

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Қуыршақ» ересектер тобы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта»,

Бөлімдері: Қарапайым математика. Тіл дамыту. Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Сандар әлеміне саяхат»

Көрнекілігі: Үлестірмеді заттар, суреттер, сандар, «Шеңбер» тақтасы. Билингвалды компоненттер: үш -три- three-세

төрт-четыре-four-네

бес-пять-five-다섯

алты -шесть-six-여섯

жеті-семь-seven-일곱

Мақсаты: Балалардың он көлеміндегі сандар құрамы туралы білімдерін пысықтау. Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. Шартты өлшеуіштердің көмегімен сусымалы заттарды өлшеуді, санауды үйрету Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дидактикалық ойын арқылы сан құрамын анықтауға дағдыландыру.Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық







Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық. Осы жақсы лебіздерді

Мейірімді жүрекпен

Бір-бірімізге сыйлайық!

-Сәлеметсіздер ме!

-Здравствуйте!

-Good morning!

-안녕하세요

Балаларға қонаққа тауық келеді.



Балалар шаттық шеңбер бойында амандасады.















Тауықты көріп балалар таңқалады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға «Сиқырлы сандар айтысы» арқылы 1-ден 10-ға дейінгі сандармен танысты-

рады.

«Сандар айтысы» Бір күні цифрлар нөлмен таласып қалады.

2 саны:

Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, балалар 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.

- Ештеңе, ештеңе,- деп баска цифрлар шулап кетті.

- Сендер түк түсіңбейді екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң жағына қатар тұра

қалсам бір қаңдай санға айналады?

Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны бо-

лып шыға келді.

- Мен сендердің барлығың-

ды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсыңдар дейсіндер. Көне, жақсылап ойланыңдаршы, менің қадірімді!

Цифрлар осыдан кейін өз қателіктерін түсініп, айтысқандарын қойды.























«Сиқырлы сандар» сыры:



«Бір» дегенім баған ғой,

Басына құс қогған ғой.



«Екі» қаз бұл шалқиған,

Құйрық мойны қайқиған.



Екі ілгешек бірікті,

«Үш» боп шықты білікті.

Орындықты төңкердік,

Оны бестен кем көрдік.



«Бес»мойыны иілген.

Орақ дерсің бүгілген.



Жатып та, тұрып та,

«Алты» ұқсар құлыпқа.



«Жеті» көсеу баяғы,

Жалғыз оның аяғы.

Қос жүзік, қос жүзіік,

Базарға кел өткізіп.



«Тоғыз» цифр акрорбаты,

Бірде тоғыз, бірде алты.



Бір мен нөлдің қоспасы, Кеткен мәңгі достасып.



Сандарды тура және кері санау

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

бір-один-one-하나

екі-два-two-두

сегіз-восемь- eight -여덟

тоғыз-девять-nine-구

он-десять-ten-열

Жұмбақ есептер Мұз айдындағы 1 бала Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай 2 бала Жағалауда тұр қарап Енді осы бар баланың Санын айтсаң жарадың. (3)



Ағашта 5 алма,

Жерде 2 алма.. Барлығы қанша алма ?

«Торғай нешеу?»

Талдан ұшты көп торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Соңында біреу қап келді,

Алдында төртеу, топ келді,

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер!

Санамақтар айту.

Бір-таңертең тұр,

Екі-шынығып бекі!

Үш-тазала тіс,

Төрт-сабындап жу бет,

Бес-сүртін тез,

Алты-үйді жина жалпы,

Жеті-киін енді,

Сегіз-асыңды жеп, іш,

Тоғыз-ыдысыңды жу тегіс,

Он-сабағыңды оқы!

Дидактикалық ойын: «Сандар қиылысы»



Тосын сәт:

Қолында тарысы бар тауық келеді. Балапандарына тарыны тең бөліп беру үшін көмек сұрай келеді.

Тауықтың тапсырмасы:

  • Тарыны балапандарға 2 тәрелкеге тең бөліп беру керек. Қалай бөлеміз?

  • Балалар суреттегі пішіндерді санап таңбалайды. Сергіту сәті: 1,2,3- ал кәнеки ұш, 4,5,6,- қарлығаш боп қалқы. 7, 8,9,10- ал, кәнеки қон!

Балалар қызығушылықта-

рын танытады.











Балалар «Сиқырлы сандар айтысын» тамашалайды.







































Балалар сандар сырын ұғынады.





Балалар тақпақ айтады.

Бекнұр: Санау үшін сандарды,

Қалам, дәптер, хаттарды.

Тану үшін сағатты,

Болу үшін сауатты

Білу керек сандарды.

Алтынай:

Жазу үшін сандарды,

Білу керек таңбаны

Түрлі-түрлі сиқы бар,

Ол таңбалар сиқырлар.





Сиқырлы сандар сырын білуге тырысады.





















































Балалар сандарды төрт тілде санайды.



















Балалар жұмбақ есептердің жауабын табады..





3 бала







7 алма











5 торғай















Балалар қимылмен жасайды.











Балалар ойынды қызыға ойнайды.





Балалар тауыққа көмек беруге тырысады.





Балалар өз ойларын білдіреді.





Балалар тапсырмаларды орындайды.





Балалар қиылмен сергіп алады.



Рефлексивті-реттеушілік

Балалардың оқу іс-әрекет барысындағы ынталарына ризашылығын білдіреді. Балаларды мақтап, мадақ-

тау. Бағалау ретінде, жұл-

дызшалар тарату.

Балалар тауыққа көмек бергендеріне қуанды.

Тәрбиешінің мақтауынан ереше әсер алады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: 1-ден 10-ға дейін сандарды санауды, салыстыруды;

Түсінеді: Сусымалы заттардың көмегімен сандарды салыстыруды.

Қолданады: Жұмбақ есептерді шешуді, тақпақтар, санамақтар айтуды, салыстыруды қолданды, тапсырмаларды мұқият орындауды, ойын барысында белсенді болуды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал