7


  • Учителю
  • Утренник Жаңа жыл в детском саду

Утренник Жаңа жыл в детском саду

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:









(Музыка әуенімен балалар кіреді).

Жүргізуші: Балалар, біздер бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.

Жүргізуші: Балалар біздің шыршамыз қандай?

Балалар: Үлкен, биік, әдемі, ойыншықтары түрлі- түсті, қызыл жасыл ойыншықтармен безендірілген.

Жүргізуші: Балалар мынау не?

Балалар: Қоңырау.

Жүргізуші: Бұл жай қоңырау емес, сыйқырлы қоңырау. Егер қоңырауды сыңғырлатсақ ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді. Қәне сыңғырлатып көрейікші.

Аққала: Көңілсіз қолмен мұрнын жауып кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе? Сен неге көңілсізсің бүгін?

Аққала: Маған қарандаршы?

Жүргізуші: Аққала сен не мұрнынды жоғалтып алдын ба? Ренжіме Аққала біздің балаларымыз саған көмектеседі. Балалар қалталарынан іздеп көріндерші? Орындықтың астын іздеп көрейікші? Әлде ата-аналар сіздер алдыңыздар ма?

Балалар: Жоқ.

Жүргізүші: Балалар олай болса орманға барып Аққаланың мұрнын іздеп қайтайық. Мен паровоз боламын, ал сендер вагондарым боласындар.



Жүргізуші: Балалалар орманға да келіп жеттік. Мынау кім қорылдап жатқан?

Аю: Кім бұл мені ұйқымнан оятқан, менің орманымда не істеп жүрсіндер?

Жүргізуші: Аюжан бұл біздер мына Аққаланың мұрнын іздеп жүрміз. Сенде жоқ па?

Аю: Менде мына жаңғақтар ғана бар. Аққала мына жаңғақты қойып көрші.

Аққала: Жоқ, жоқ бұл маған тұра келмейді бұл менің мұрным емес.

Жүргізуші:Аққала ренжіме сенің мұрнынды іздеп табамыз. Кел, аюмен бірге ойын ойнап көңіліңді көтер.

Ойын «Қорбандаған аю».

Жүргізуші: Олай болса аққаланың мұрнын іздеу үшін енді ұшаққа мінейік.



Қане балалар мына шыршаның жанына келіп қонайық.

(Шырша түбінде қоян отырады).

Жүргізуші: Балалар қарандаршы? Бұл жерде қоян отыр екен. Сәлеметсің бе қоян. Бұл жерде не істеп отырсын?

Қоян: Мен Жаңа жылдық мерекеге достарымды күтіп отырмын. Ал сендер не істеп жүрсіңдер?

Жүргізуші: Біз мұнда Аққаланын мұрнын іздеп келдік.

Қоян: Мүмкін мына менің сәбізім тура келер.

Аққала: (мұрынды киеді) рахмет саған қоянжан, менің мұрным осындай еді, қандай тамаша, алақай, алақай.

Жүргізуші: Аққала енді көңілің көтерілді ме? Олай болса біздің қояндарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қояндар».

Жүргізуші: Балалар біздің Аяз атамызбен Ақшақар кешігіп жатыр ғой. Қане барлығымыз бірге , Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар шақырайықшы.

Аяз ата:Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларын.

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан.

Аталарын сендерге,

Шаршап келді алыстан.

/Балалармен амандасады/

Ақшақар:







Ақшақар: Аяз ата біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр.

Аяз ата: Балалар мен сендерге бір құпиямды ашайын. Қане барлығымыз аяқтарымызды тарсылдатамыз. (шырша шамдары жағылады).

Аяз ата: Қане шыршаға қарап алақанымызды жайып үрлейік. (шырша шамдары өшеді).

Ақшақар: Аяз ата олай болса шыршамен бір ойын ойнайық.

</ Ойын «Шырша».

Жүргізуші: Ой рахмет Аяз ата Ақшақар. Ойын ойнап балаларымыздың көңілдері бір көтеріліп қалды. Ал енді шыршамызды айналып бір ән айтайық.

Ән: «Шырша» хормен.

Жүргізуші: Сіздер алыстан шаршап келген шығарсыздар. Енді балаларымыздың тақпақ, әнін, биін тамашалаңыздар.

Мадина: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.



Айжан: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл-ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны.

Ерасыл: Аяз ата келсекен,

Бізге сыйлық берсекен.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.



Мерей: Аяз ата келіңіз,

Тамашаныц көріңіз.

Балаларға арналған,

Сыйлықтарды беріңіз.



Дулат: Жасыл шырша жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Келді сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.



Ақерке: Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.



Аяна: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.



Максат: Қандай әсем шыршамыз,

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпитерін арқалап,

Аяз ата келіп тұр.

Ақшақар: -Қане менің кішкентай ақшақарларым. Аяз ата мен ақшақарлармен бір би билеп берейін сізге.

Би: «Ақшақарлар».

Жүргізуші: Аяз ата балаларымыздың тағы тақпақтары бар екен соны тамашалаңыз.

Құрмет: Аяз ата аппақ,

Падаркісі тәттақ.

Падаркісін көп берсе,

Мен айтамын тақпақ.



Арнұр: Аяз ата қандайсың,

Жетпістегі шалдайсың.

Кәмпит пішіні берем деп,

Балаларды алдайсың!



Бексұлтан: Тоғай да, баулар да,

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да,

Өзіңді сағынды.



Арсен: Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Оң қолында мармалад,

Сол қолында шакалад.



Айару: Қарандар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.



Асия: Көптен күткен қыс келді,

Шырша тойын тойладық.

Аяз ата Ақшақар,

Сыйлығына тоймадық.



Асанали: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.



Аяз ата: Ой бәрекелді менің кішкентай Ақшақарларым өте тамаша билейді екенсіңдер. Ал енді меніңде сендермен бір ойын ойнағым кеп тұр.

Ойын: «Қатырмақ».

Ойынын шарты:

Аяз ата: Қазір мен қолдарынды қатырамын.

Ақшақар: Қане балалар қолымызды шапалақтайық.

Аяз ата: Енді аяқтарынды қатырамын.

Ақшақар: Қане аяғымызды тарсылдатамыз.

Аяз ата: Ал енді мұрындарынды қатырамын.

Ақшақар: Мұрындарымызды ысқылаймыз.

Аяз ата: Енді құлақтарынды қатырамын

Ақшақар: Енді құлағымызды жасырамыз.

Жүргізуші: Ал енді аяз ата біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыз.

Би: «Қуыршақтар».

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыз сізге тақпақ айтып би де билеп берді, енді сізге арналған әніміз де бар соны айтып берейік.

Ән: «Аяз ата» хормен.

Аққала: Аяз ата меніңде достарым осында екен менде сол достарымен бір би билегім кеп тұр.

Аяз ата: Ой рахмет балалар мен сендермен ойын да ойнадым, би де биледім мен сондай ыстықтап кеттім, бір салқын су болса.

Аққала: Қазір Аяз ата мен сізге су әкеп беремін. (шығып кетеді).

Жүргізуші: Аяз ата Аққала келгенше бәріміз бір би билейік.

Би: «Буги-буги».

(Аққала шана мен шелектегі суды алып келеді. )

Аққала: Аяз ата міне ішіңіз.

Аяз ата: Рахмет. (Аяз ата су ішейін деп жатқан кезде (саптыаяқ) бір кәмпит түсіп кетеді).

Аққала: Мынау не? Мұнда сыйлықтар бар екен ғой. Аяз ата сіз сыйқыршы екенсіз ғой. Мына шелектегі суды сыйлықтарға айналдырып жіберіпсіз ғой.

Аяз ата:Ия бұл менің балаларға әкелген сыйлықтарым. Қане Ақшақар, Аю, Қоян, Аққала қайдасыңдар мына сыйлықтарды балаларға таратып беріп жолға шығайық. Бізді тағы басқа балалар күтіп отыр . Сау болыңдар балалар, көрісенше.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал