- Учителю
- Сабақ жоспары. Тақырыбы: Мысығым.
Сабақ жоспары. Тақырыбы: Мысығым.
Қараоба орта мектебі
«Айгөлек» шағын орталығы
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Мысығым.
Тәрбиеші: Аскер Март
2015-2016 оқу жылы
Технологиялық карта
Айы күні:01.04.16
</ Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Мысығым.
Мақсаты: Мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салу, дене бөліктерін ретімен сызу жолдарын үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, ой-қиялын дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мысықтың үлкен етіп салынған суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: пеш, марғау.Оқу іс-өрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Педагог баяу әуен қойып, балаларға көздерін жұмғызып, Ертегілер әлеміне саяхатқа шығуды ұсынады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сұрақ-жауап арқылы айтқызады.
Балалар көздерін жұмып, ертегіні елестете жауап береді. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісін айтады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Педагог жетектеуші сұрақтар көмегімен «Менің мысығым» атты тақырыпқа әңгіме құрастыртқызады. Балалардың толық жауап беруін, анық, байланыстыра сөйлеулерін қадағалайды.
- Бүгін біз мысықтың суретін саламыз. Суретті салу барысында негізгі элемент үшбұрыш пен дөңгелек болады.
Мысықтың суретіне қарап, оның дене бөліктеріне: басы, құлағы, көзі, денесі, мұрты, құйрығы, аяғы т.б. талдау жасайды.
Сергіту сәті:
Пеш түбінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Сурет салу әдісі:
Ең алдымен денесін, басын, содан кейін аяқтарын, құйрығын салуды ұсынады.
Алдымен денесін үшбұрыш тәрізді салып алып, қызғылт сары бояумен бояу қажет.
Мысықтың денесін салғанда қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалтып, басын, тұмсығын, көздерін, құлағын, мұртын, алдыңғы аяғын салу керек. Соңында құйрығы сопақша пішінмен салынады.
- Сендерге бір өтінішім бар. Кім сурет салып болды, өзінің салған мысығына қандай ат қоятынын ойлансын және оған қандай қамқорлық жасайтынын айтып берсін. Педагог жұмбақ жасырады.
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
- Мысық тышқан аулайды. Оның жүні үлпілдек, мамықтай екен.
Суретке, үлгіге қарап мысықтың суретін салуға кіріседі. Дене бөліктерін атайды. Денесі үшбұрышқа ұқсайтынын айтады. Басын дөңгелектеп үзбей сызып шығады, қалаған түспен бояйды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Дене бөліктерін анықтап, қылқаламмен сызық жүргізіп алады, үшбұрышпен денесін, дөңгелекпен басын және басқа дене бөліктерін салады. Суретті тегістеп, әдемілеп бояйды.
Жұмбақтың шешуін тауып, жұмбақты жаттап алады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтайды және мадақтайды. Балалардың әңгімелеріне орай кімнің үй жануарларына өте жақсы қамқорлық жасайтынын айтады.
Балалар бір-бірінің салған суретін қарап, кімнің мысығы ең жақсы, үлпілдек немесе тегіс әдемі боялғанын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салуды.
Игереді: үй жануарларын салу дағдысын.
Меңгереді: шыдамдылықпен еңбек етуді.