7


  • Учителю
  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру 10 көлеміндегі сандарды қайталау

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру 10 көлеміндегі сандарды қайталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан Облысы

Ұлан ауданы

Герасимовка ауылы

Герасимовка орта мектебінің

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Муздапарова Райгуль Адиковна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: математикалық түсініктерді қалыптастыру

</<font face="Times New Roman, serif">Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «10 көлеміндегі сандарды қайталау»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. 10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау; заттардың қасиеттерін қайталау; 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту;

  2. Ой- өрісін, сөздік қорын дамыту;

  3. Бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты слайдтар, лента, сандар;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қимылмен көрсетіп айтады.

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі

Сөздің бәрі ақ тілек.

  • Балалар қазір қай мезгіл?

  • Қай ай?

  • Аптаның қай күні?

  • Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Слайттан қыс мезгілінің суреттерін көрсету.

Тосын сәт. (слайд арқылы)

  • Балалар, қараңдаршы суретте күннің көзін бұлт жауып, күн бізге шуағын шаша алмай тұр. Кәне, барлығымыз күннің көзін ашайық. Ол үшін бұлттарға жасырылған бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек.

  • Ендеше тапсырмаларды орындайық.

  1. Бұлт тапсырмасы

10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Балалар 0-ден 10-ға дейінгі сандарды көрсете отырып санайды.

(Слайдта бір бұлт жоғалып кетеді)

  1. Бұлт тапсырмасы

«Көршісін тап» ойыны.

3, 5, 7 сандарының алдыңғы және артқы қатарындағы сандарды тауып қою.

  1. Бұлт тапсырмасы

Суреттегі заттардың қасиеттерін атау. (жуан-жіңішке, ұзын-қысқа, биік-аласа)

  1. Бұлт тапсырмасы

«Сергіту сәті» орындау.

Солға, солға түзу тұр.

Оңға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

  1. Бұлт тапсырмасы

10 көлеміндегі сандар құрамына есептер шығару.

Шарларға жазылған есептерді шығарып, оның бекітілген орынын табады.

Барлық тапсырмалар орындап болғаннан кейін күннің көзі ашылып, шуағын төгеді.(слайд арқылы көрсету)

Қорытындылау.

Балалар орындарынан тұрып, қимылмен көрсетіп қайталайды.

Алақанды ашайық

Көкке қолды созайық.

Күннің нұрын алайық

Жүрегімізге салайық

Жиналған жылы шуақты

Бәрімізге шашайық!

Бағалау.

Балалар бірін-бірі бағалап, сөздерін дәлелдейді.



















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал