- Учителю
- Разработка на тему 'Күз- мереке, Күз-береке. 'Ертеңгілік
Разработка на тему 'Күз- мереке, Күз-береке. 'Ертеңгілік
Күз- мереке,Күз-береке.
Мақсаты : балаларға күз туралы әңгімелей отырып , бала бойынада қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту.Табиғатты аялай білуге баулып , сұрақтарға жауап беру қабілеттерін арттыру, имандылыққа тәрбйелеу.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,бүгін біздің әсем де әдемі мектебімізде ерекше мереке ол -Күз мерекесі.
Бүгін мейрам , біліп қой ,
Қуанышты күн біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды соғып қой.
Ал балалар тұрмайық
Қол соғайық жырлайық
Күзгі бақта бүгінгі
Билеп- билеп алайық.- дей отырып , бүгінгі мерекемізді бастайық .
Жұмбақ жасырамыз : Жазда тұрып жоғары , күзде жерге қонады.
(Жапырақ)
Балалар бізге қонаққа күз келеді :Күзді қарсы алайық.
-Күз келеді :
Таныстыру: Әр топ өздерін таныстырады.
Тақпақтарын айтады :
Өнер қуып балалар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер деиміз.
Сайысқа түскен балалар кезектесіп
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Өнер көрсету: О, қазақтың балалары ғажап неткен
Сұлулықты, өнерді қанат еткен
Паш етеді қазағымды күллі әлемге
Оларға ай қызығар қарап өткен.
Би: Шығыс биі.
Ән: Әке туралы. Орындайтын Іңкәр.
Би: Қамажай .Қыздар тобы.
Ән: Ертегілер.
Көрініс: Жемістер жыры.
Балаларымыздың әсем сән, үлгісін көруге ортаға шақырайық:
Би:Модница . Қыздар тобы.
Үй тапсырмасына кезек береиік :Әр топтағы бала өз ата-анасымен бірге дайындаған жұмыстарын көрсетеді.
Ән: Қарашы қазақ еліне .
Жүргізуші:
Балалар ,бүлдіршіндер , балапандар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Балалар тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
Ал құрметті қонақтар , көрермендер ата-аналар осымен Күз-мереке, Күз-береке :атты мерекемізді аяқтаймыз.
Құттықтау сөзді ата- аналарға береміз.
Мереке соңында балаларға сыйлықтар тапсырылады.