7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара Тәуелсіз ел атандық!

Сыныптан тыс шара Тәуелсіз ел атандық!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс шара Тәуелсіз ел атандық!









Аташева Ардах Батыровна.

Орал қаласы. №49 «Ақ ниет» бөбекжайы.





Тақырыбы: «Тәуелсіз ел атандық».

Мақсаты: Балаларға Отан, Тәуелсіз Қазақстанымыз туралы жалпы мағлұмат беру. Сөздік қорларын, балалардың Қазақстан туралы түсініктерін дамыту. Отанын, елін шексіз сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Елбасының портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, үнтаспа, түрлі - түсті жалаушалар.

Балалар Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен қолдарына жалаушалар ұстап залға кіреді.

Марш екпінімен жүріп өтіп, үш қатар тізбекке бөлініп жалаушалармен ырғақты қимылдар жасайды.

Музыка әуенімен орындарына барып тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар! Сіздерді «Күншуақ» тобының атынан келе жатқан еліміздің тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік - біздің бас ұранымыз, көгілдір туымыз, біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

Елдің елдігі,

Ердің ерлігі - Әнұран!

Әннің асылы,

Ұранның басымы - Әнұран!

Олай болса ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен ашайық.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Мұзда жанған желтоқсанның алауы,

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.

Ол әркімге еркін өмір сыйлады,

Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.

Біз бүгін тәуелсіз ел деп ұлының ұлағатты, қызының инабатты, халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетімізді мақтан етеміз. 1991 жылы 16 - шы желтоқсанда «ҚР- ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.

Дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды.

Енді ортаға мереке байланысты тақпақтарын айтуға бір топ бүлдіршіндерімізді шақырайық.

1.Аруханым: Тәуелсіздік көркі олда,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба,

Ақ орданың төрінде.

2.Дина: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қадірлеп,

Биікке іліп қояды.

3.Қанат: Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің.

Таратады хас үлгі,

Киесіндей жерімнің.

4.Аруна: Тәуелсіздік мен білсем,

Той мейраммен бас қалаң.

Ел мен жердің байлығы,

Төгіп - шашпау, ластамау.

5.Ұлан: Ұланымын елімнің,

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

6.Наргиза: Ата мекен ақ үйдің,

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл.

7. Қайсар: Тәуелсіздік жолында,

Талай - талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім - елтаңбам.

8. С.Аружан: Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Жүргізуші: Балалар, біздің республикамыз қалай аталады?

(Қазақстан Республикасы).

  • Қазақстан Республикасы қандай республика? (Егеменді, тәуелсіз).

  • Елбасымыз кім? ( Н.Ә. Назарбаев).

  • Балалар, еліміздің рәміздерін атаңдаршы?

  • Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұранымыз.

  • Әнұранның сөзін жазған кім? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).

  • Ал,әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов).

Балалар, біздің туған жеріміз, еліміз, республикамыз бір сөзбен қалай аталады? Отан деп аталады.

Олай болса, кім Отан туралы мақалдар біледі?



Аделя: Отан - алтын бесік.

Анеля. Отан - елдің анасы.

Осы кезде музыкамен клоун келеді.

Клоун: Сәлеметсіңдерме, балалар? Осы маңнан өтіп бара жатып сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Бұл қандай мереке? Қош келдіңіз, төрлетіңіз, біздер бүгін Республикамыздың Тәуелсіздік күнін тойлап жатырмыз.

Ән: «Шарлар».

Клоун: Әнді жақсы айттыңдар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Балалар: Ия, жақсы көреміз.

Ойын: «Шар үрлеу».

Ой, балалар жақсы ойнайды екенсіңдер. Рахмет сендерге.

Балалар, тыңдаңдаршы, бізге тағы да қонақ келе жатқан сияқты. Осы кезде әуенмен түлкі келеді.

Түлкінің сөзі.

Ойын: «Сылдырмақ».

Ой, жарайсыңдар, балалар! Өте өнерлі екенсіңдер. Құлындарым сендер аман болыңдар. Еліміздің болашағы сендерсіңдер. Елімізді көркейтіңдер. Біз енді жолымыздан қалмайық, сау болыңдар!

Осыдан кейін балалармен қоштасып клоун мен түлкі шығып кетеді.

Балалар біздің балабақшамыз қалай аталады? №42 «Алтын сақа».

Сендер балабақшаға келгенді ұнатасыңдарма?

Балалардың жауабы. Олай болса, қазір балабақша туралы бір ән

орындап берейік.

Ән: «Балабақшаға келемін».

Міне, балалар, әнді өте жақсы орындап шықтыңдар. Сонымен бірге

біздің бүлдіршіндеріміз өте жақсы би де билей алады.

Би: «Қазақ биі».

Жүргізуші: Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! Сол болашақтың тірегі мына бүлдіршіндеріміздің сәби күлкісі, ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын! Тәуелсіздігіміз құтты болсын!

Осымен «Күншуақ» тобының Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал