- Учителю
- 'нан қайдан шығады' ертеңгілігі (4 жасарлар тобы)
'нан қайдан шығады' ертеңгілігі (4 жасарлар тобы)
Білім беру саласы | «Қатынас» | ||
Бөлімі | Тіл дамыту | ||
Тақырыбы | М.Етекбаевтің «Нан қайдан шығады?» ертегісі | ||
Мақсаты | Білімділігі:сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуге үйрету: Дамытушылығы:егістіктегі жұмыс түрлерімен және көлік түрлерімен таныстыру Тәрбиелігі:еңбекқорлыққа тәрбиелеу | ||
Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер | Егістіктегі еңбек туралы сурет, наубайшы-қуыршақ, ертегі желісі бойынша салынған суреттер.
| ||
Билингвалды компонент | Нан-хлеб, наубайшы-пекарь,құмырсқа-муравей.
| ||
Іс-әрекет кезендері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс -әрекеті | |
Мотивациялық-қозғаушы | Үнтаспа қосылып, жер жыртып, бидай жинап жүрген трактор мен комбайынның дыбыстары естіледі.
Тіл ұстарту жаттығуы Ды-ды-ды, комбайн жинады; Ты-ты-ты, трактор жер жыртты
| Жарты шеңбер жасап отырады.үнтаспадан шыққан дыбысқа назар аударады. Дыбыстарды ажыратады.
Тіл ұстарту жаттығуын бірге айтады. | |
Ұйымдастыру-іздестіру | Есік қағып, наубайшы кіреді, амандасады. Наубайшы:
Шығармашылық сәт Балаларды «Өнер орталығына»отырғызып, тұзды қамырдан нан өнімдерін мүсіндейміз. Жасаған нандарын Наубайшыға сыйлатады.
Сергіту сәті Бірінші мен екінші, Болсын делік егінші Үшінші мен төртінші, Суға барды тракторшы. Бесінші мен алтыншы, Нан пісірді наубайшы. Тыныс алу жаттығуы Наубайшы балаларға тәрелкеге салынған нан, бауырсақты көрсетеі.
«Сөлемді аяқты»сөздік ойыны Еңбек сүйгіш құмырсқа, Асығады...........(жұмысқа) Ертегі тындаймыз М.Етекбаевтің «Нан қайдан шығады?»ертегісін оқып берейын.Ертегін талдайды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сөздік жұмысы: «жерді жыртты, наубайшы» деген сөздердің мағынасын түсіндіріп берейын. «Не болды, не шықты?» дидактикалық ойыны Тірек сызба арқылы ертегінің желісін қайталаймыз.
Мақал Еңбектің наны тәтті. | Наубайшымен амандасады,тыңдайды. Тұзды қамырдан нан өнімдерін жасап, Наубайшыға сыйлайды.
Өз ойларын айтады.
Өлең жолдарын айтып, мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Тыныс алу жаттығуын жасайды
Керек сөзді тауып, сөлемді аяқтайды. Ертегіні тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Тірек сызба бойынша ертегінің мазмұнын айтып шығады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Мақалды тыңдап, мағынасын түсініп алады. | |
Рефлексивті түзетішілік | Проп картасымен ертегі кейіпкерлерін салыстыра отырып, сабақты талдап, қортындылайды. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау. |
Кейіпкерлерді салыстырып, қорытынды жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек
Өз ойларын толық, жүйелі жеткізуді.
Нені игерді
Бір-бірімен сөйлеуді, ертегі сөздерінің мағынасын.
Нені біледі
Еңбек адамдарын құрметтеуді, еңбексүгіштікті, нанды қастерлеп, қадірлеуді