7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы Ер есімі-ел есінде

Сабақтың тақырыбы Ер есімі-ел есінде

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы : «Ер есімі -ел есінде».

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге ,оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып,өз елін, жерін қастерлейтін саналы да , парасатты, елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Батырлардың суреттері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн .

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Армысың алтын күн, Армысың жер ана Армысың аспан ата Армысың балабақша.

Тәрбие сағатының барысы:

Тарих кеші үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болып тұрады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Жеңістің батырларының ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген бұл оқиға 1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қәүіп төнді, Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Ат ауыздығымен су ішкен , ер етегімен су кешкен, сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға батыр апаларымыз М.Мәметова мен Ә.Молдағулова сияқты батырларымыз ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Ұлы Отан соғысына қатысқан Б.Момышұлы, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Р.Қошқарбаев т.б. батырларымызға құрметпен бас иеміз. Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Содан бері жыл сайын 9- мамыр Жеңіс күні деп тойлануда.

Балалардың мерекеге арналған өлең-тақпақтарын тамашалаңыздар.

Роза: Әлияны бұл күнде, Барлық бала біледі. Әр жүректе тұр күліп, Әлия атты батыр қыз.

Маржан: Мәншүк апай батыр қыз, Ардақтаймыз атын біз. Ұқсап Мәншүк апайға, Өсіп келе жатырмыз.

Бейбарыс: Тастар көкке атылды, Орман құлап, тау шулап. Жиырма сегіз батырды, Жеңе алмады жау бірақ.

Балжан: Оқ астында зулаған, Туған жермен бір болып. Жау алдында тұрды олар, Жиырма сегіз мың болып.

Ислам: Қайтпаған жауынан, Қаһарман Бауыржан. Қан ішер фашисті, Қырды ол мыңдаған.

Хор. Балалардың орындауында: « Достық» әні.

Бексұлтан: Үйлер де құламайды, Ешкімде жыламайды, Бейбітшілік болса. Балалар болады аман, Аналар болады аман, Бейбітшілік болса.

Рахим: Жау жеңілді ақыры, Атты бейбіт таң күліп. Жиырма сегіз батырды, Ұмытпайды жау бірақ.

Зере: Тоғызыншы мамырда, Гүл қоям алау-қабырға! Еске алып атамды, Үн қосамын дабырға.

Муслим: Барлық елдің бөбегі, Бір-біріне туысқан. Бәрімізге төгеді, Өз шуағын күміс таң.

Настия: Ойлап-ойлап тұрдым мен , Сауал бердім білгім кеп. - Құанышты мереке- Жеңіс күні қай күн?- деп.

Жангир:

Жамылды жер тұманды, Өрт ішінде қалды бақ. Жиырма сегіз батырды, Жеңе алмады жау бірақ.

Сергіту сәті.: Көк туым желбіре, Асқақтап аспанда. Жас ұлан ел бірге, Жасқанба сап түзе.

Тәрбиеші :

71 жыл - бейбіт көктем таңы атқалы. 71 жыл- шуақты күн таратқалы. Талай құс содан бері қайта оралды. Талай бақ әлеміне қайта орнады. Соғыста өлгендер тек оралмайды. Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді. 71 жыл-жауыздықтың ажал оғы. Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ел алдында борыштарын өтеп,еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған батырларымызға бас иіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Балалар батырлық, ерлік туралы мақал білесіңдер ме?

Мақжан:

Ерлік-ел есінде.

Яна:

Елін сүйген - ер болар.

Жайна:

Ерлік-елдің сыны.

Рабиям:

Ер есімі - ел есінде.

1945 жылы- 30 сәүірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен

Рақымжан Қошқарбаев 4 жылға созылған қан төгісті аяқтады.

Көрініс: Рейхстагқа ту тігу.(Балалардың сомдауымен).

Мағжан:

Арпалысып ел күнде, Аңсап талай жыл күткен. Жеңіс күні Берлинде, Рейхстагқа ту тіккен! Өрт тұлғалы келбетті, Қошқарбаев Рақымжан

Би: Қыздар,ұлдар биі.

Қорытынды : Сұрақ - жауап арқылы. Балалар 9-мамыр қандай мереке? Жеңіс куні. Батырларымыздың есімдерін қайталап айтайық.

Ардагерлеріміздің арқасында біз осы күнге жеттік. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақытын , құанышын сақтап қалды. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте, балабақшада алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз- бәрі осы Жеңістің арқасы. Біздер соғыстың емес , бейбіт заманның батырлары болайық. Білім алып өз жеріміздің, еліміздің патриоттары болайық.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал