- Учителю
- Ашык сабақ Тіл дамыту Ұқыптылық
Ашык сабақ Тіл дамыту Ұқыптылық
</<span> Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна
Сабақтың тақырыбы: Ұқыптылық
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға логикалық тапсырмаларды
ұқыптылықпен орындауға дағдыландыру.
2. Ақыл-ой логикасын, есептеу және есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
3. Сауаттылыққа , ойшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдістері: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
I Сабақ барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі;
- Оқушыларды түгендеу
- Құрал-жабдықтарын алдыру
- Зейіндерін сабаққа аудару
Б) Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма мазмұны сұралады. Берілген тапсырманың дұрыс-қателігі анықталады.
Үй тапсырмасы бекітіледі.
ІІ Жаңа сабақ
1.Ұқыпты, көркем етіп жаз:
Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ
Аққу аққу аққу аққу аққу
2.Сөзсуретті шеш. Қандай сөз шықты?
Жауабы: еріншек, салақ.
3.Қоян, қасқыр, түлкіге аю жаман қасиеттері үшін ұрысты. Қоян салақта, олақта емес. Түлкі еріншек емес. Қасқыр еріншек те, салақ та емес. Қай аңның қандай жаман қасиеттері бар болғаны?
Жауабы: қоян еріншек, түлкі салақ, қасқыр олақ.
4.Ұқыптырақ бол, тез жауабын жаз.
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары және (+), (-) таңбаларын пайдаланып мәні 54-ке тең болатын өрнек жаз.
Жауабы: 1+2+3+4+5+5+5+5+5+5+5+5+4=54.
Сергіту сәті: Шар үрлейік:
-үф, -үф!
Шар жарылды:
-пах!
5.Сабаққа асығамын деп, Дәуіржан бір оқулығын ұмытып кетті. Өрнектің мәнін төмендегі тиесілі цифрлар астына қойып, Дәуіржанның ұмытқан оқулығын тап.
50-26=т (14-7)+3=и
38+12=к 19+(19+28)=е
100-74=м (54+1)-33=а
Жауабы: математика.
Сабақты бекіту: логикалық тапсырмамен бекітіледі:
IV Үйге тапсырма: 34-бет, 6-тапсырма.
V Бағалау.