- Учителю
- Педагогикалық кеңес. Тақырыбы: «Балабақшаның білім беру нарығында алға ілгерілеуі шарты ретінде имиджін жасау»
Педагогикалық кеңес. Тақырыбы: «Балабақшаның білім беру нарығында алға ілгерілеуі шарты ретінде имиджін жасау»
Педагогикалық кеңес
Тақырыбы:
«Балабақшаның білім беру нарығында алға ілгерілеуі шарты ретінде имиджін жасау»
Мақсаты: педагогтарға имидж, имидж құрылымы жөнінде мағлұмат беру, балабақша имиджін қалыптастыратын жұмыс түрлерін қарастыру.
Күн тәртібінде
1. Қуаныш шеңбері. Рефлексия.
Ергасенова Г.Ж. - педагог- психолог
2. «Білгенге маржан...»
Кошанова А.Д. - әдіскер
3. «Имидж дегеніміз не?» ми шабуылы
Кошанова А.Д. - әдіскер
4. Имидж құрылымы.
Ергасенова Г.Ж. - педагог- психолог
5. Балабақша имиджі. Практикалық жұмыс.
Кошанова А.Д. - әдіскер
6. 2011-2012 оқу жылының рейтингі.
Кошанова А.Д. - әдіскер
7. Қорытынды рефлексия.
Ергасенова Г.Ж. - педагог- психолог
1. Қуаныш шеңбері. Рефлексия. Ергасенова Г.Ж. - педагог- психолог
2. «Білгенге маржан...» Кошанова А.Д. - әдіскер
Қазақстанның имиджін қалыптастырған 10 бренд. Бренд - имидждік образ.
Кез келген мемлекетте өзінің имиджі мен бет-бейнесі бар. Бұл өз кезегінде, елдің жағымды және жағымсыз жағынан танымал болуына әсер етеді. Мысалға, АҚШ доллармен, Макдональдспен; Ресей Горбачевпен, Путинмен, қатты қысымен, Ауғанстан есірткімен және тәлібтермен ассоциацияланады.
Ал қандай кейіпкерлер мен оқиғалар Қазақстанды танымал етеді? Бұл сұраққа Vласть журналы жауап беруге тырысқан. Басылым негізгі 10 брендті алға тартты. Олар:
Мұнай - Қазақстан әлем елдерінде бірінші кезекте дәл мұнаймен ассоциацияланады. Алғашқы қазақстандық мұнай 1899 жылдың қарашасында өндіріле бастады. Қазір Қазақстанда жыл сайын 81 миллион тонна мұнай шығарылады. Болжамдар бойынша, мұнай қоры қазақстандықтарға алдағы 50-60 жылға жетеді.
Байқоңыр - Қазақстан аумағында орналасқан әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы. «Байқоңырдан» Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды, осы жерден Ғарышқа алғашқы адам аттанды.
Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Президенті. Әлемнің көптеген адамдарында Қазақстан елдің Тұңғыш басшысы Н.Назарбаевпен ассоциацияланады. Ол Қазақ елінің президенті болып алғыш рет 1990 жылы сайланды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті - 2010 жылы Қазақстан ТМД елдері арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бірінші болып төрағалық етті. Төрағалықтың нүктесі ретінде Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өткізілді. Оған ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 елдің, ынтымақтастықтағы 12 серіктес-елдің, сондай-ақ өзге де халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылары, үкімет басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.
"Pro Team Astana" велокомандасы. Команданың тарихи беттері Александр Винокуровтың 2006 жылы Вуэльтада жеңіске жетуінен жазыла бастады. "Pro Team Astana" осы уақытқа дейін жеке және командалық сындарда алғашқы орындарды алып келді және солай болып қала беруде.
Невада-Семей - 20 жыл бұрын қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов антиядролық қозғалыс ұйымдастырды. Қазақ жеріне және халқына қасірет алып келген Семей ядролық полигоны 1991 жылы жабылды.
Борат - аттас фильмнің ойдан шығарылған кейіпкері. Кино Қазақстан туралы репортаж жасау үшін АҚШ-ға аттанған «қазақстандық» репортер туралы. Фильмнің сценарийі дөрекі қалжыңдар мен бұрмаланған фактілерден құралған, критиктер оны комедия деп атайды. Картина әлемде танымалдылыққа ие болды.
2003 жылдан бастап, әр үш жыл сайын Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. 2012 жылы өткен IV съезге әлемнің 40 елінен 87 делегация қатысты.
7-інші Қысқы Азия ойындары - 2011 жылдың қаңтар-ақпанында Астана мен Алматы қалаларында өтті.
Көңілді және тапқырлар командасы - Қазақстанның алғашқы командасы 2000 жылы КВН-ның Жоғарғы лигасында «Қазақстандық жоба» атауымен ойнай бастады. Өзінің алғашқы ойынында команда екінші орын алды, бірақ финалға ақыры шыға алмады. 2001 жылы қазақстандық «көңілді және тапқырлар» «Астана құрамасы» атала бастады. 2005 жылы қайта ребрендинг жасалып, олар "Астана.kz" атауымен өнер көрсете бастады. 2006 жылы қатысушылар алғаш рет жартылай финалға өтіп, үшінші орын алды. Ал 2010 жылы "Каzахи" КВН командасы пайда болды, оған ескі құрамның мүшелері енді. Командаға жеңіс үшін 0,6 балл жетпей қалды.
3. «Имидж дегеніміз не?» ми шабуылы.
Имидж (ағылш. image - бейне, бейнелеу) - өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.
-
Адамның өзіндік өмір сүру стилін имидж деп атаймыз. Ол тек қана сыртқы түрі, киім кешегі ғана емес сол адамның жасаған іс-әректтерінен байқалады. Яғни, адам өзінің сөйлеу мәдениеті, өзін дұрыс ұстауы әрі өз ортасына (барған жеріне лайықты киіну: жұмыс, қыдыруға, тойға, т.б.) байланысты киім-киісі болып табылады. Көп жағдайда имиджді тек киіну деп түсінеді, бірақ бұл қате тұжырым.
-
Имидж - белгілі бір топ түсінігінде қалыптасқан ұйым бейнесі. Ол қоғамда негізгі құндылық болып табылатын үгіт-насихат шаралары арқылы орын алады. Ұйымның жағымды имиджі оның нарықтағы бәсекелестігін жоғарылатады. Ол тұтынушылар мен серіктестер санын толықтырумен қатар, сауда-саттықты көбейтеді, оның көлемін ұлғайтады. Сондықтан имидж ұйымның стратегиялық мақсаттарына жетудің негізгі құралы болып табылады.
-
іскер адамның бет-бейнесі' оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді;
-
фирманың' тауарлардың' көрсетілетін қызметтердің' сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма - "гудвилл"' теріс айырма - "бэдвилл" деп аталады.
Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар.
4. Имидж құрылымы.
Сонымен имидж - адамның бойындағы таланттарының жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені - адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас. Әлбетте бұл тұстағы басты мәселе - педагогтың өз мамандығын жан-жақты жете меңгеруі. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Бұл үшін күн құрғатпай біліміңізді арттырып, әр түрлі мамандық саласында атқарылып жатқан жаңалықтарды назарыңыздан қағаберіс қалдырмауыңыз міндет. Бұл сіздің имиджіңізді табысты жалғастыратын берекелі бағдаршам болмақ. Атап айтқанда ол:
•өзіңізге деген сенімді арттырады,
•талантыңыз бен талабыңыз мойындалады,
•дерек көздерінің сенімі нығайып, информация алу жолы
жеңілдейді,
•бәсекелестікте әріптестеріңізді басып озасыз.
Мысалы, БАҚ жетекшілері өз журналистерінің талантын бағалап қана
қоймай, сырт пішіндерін де бағамдап отырулары тиіс. Ол үшін dress
code - киім кию өнерін үйрену артықтық етпейді. Бұл жөнінде арнайы
оқулықтар да жеткілікті, сайттарда сұрауыңызға қажетті мәліметтер
де мол. Онда
•ресми,
•дәстүрлі,
•спорттық үлгі,
•элегантты стиль,
•шығармашылық,
•романтикалық бағыттағы киім үлгілері туралы жан-жақты пысықтап
жазылған.
«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Жалпы
имидж тақырыбында әр түрлі бағытта пікір жарыстыруға болар. Піл
үлкен - бірақ ол мазаңызды алып, денеңізді шақпайды, маса кішкентай
- бірақ шағып алғаннан кейін, біраз уақыт мазаңыз кетіп, тыныштала
алмайсыз. 1990 жылдардың басында көптеген жеке ұйымдарды олар
туралы азаматтардың қоғамдық пікірі мен көзқарастары жөнінде ой
қорытындылары қызықтырды. Отандық ұйымдар имиджді қалыптастыру
бойынша қарқынды жұмыстар жүргізе бастады.
Ұйым имиджін экономистер, маркетологтар, менеджерлер, психологтар,
PR мамандары, дизайнерлер мен жарнама салаларын зерттеушілер
айналысады. Осы уақытқа дейін саяси жарнама мәселелерін
талдаулардан кейін, саяси кеңес беру төңірегінде зерттеулер жүргізе
бастағандықтан, оқу орындарының имиджі түсінігі жөнінде сараптаманы
жазуға итермеледі.
Жағымды имидж білім беру ұйымының негізгі мақсат-міндеттерін
көрсетіп, оның құндылықтарын жоғарылатады. Керісінше, орын алатын
жағымсыз имидж өсек, теріс көзқарастар қалыптастырып, білім беру
қызметінен бас тартушылардың санын арттырады.
Бүгінде отандық ғылымда аталмыш тақырып жеке зерттеу нысаны ретінде
жүргізілмей, көбіне жекелей проблемалары ғана зерттелген. Көрші
Ресей Федерациясында бұл тақырып бойынша 22 диссертация, оның
ішінде педагогика бойынша 8, психологиядан 7, экономикадан 5,
әлеуметтану мен филологиядан бір-бірден қорғалған екен. Бұл
сараптамалық мақалада осы ғылыми жұмыстар идеялары жаңа пікірлердің
арқауы болды.
Білім беру ұйымның имиджін жақсарту міндеті білім беру ордасының
тауары (беретін білімі) мен қызметін нақты тұтынушылармен байланыс
орнататын басшылыққа артылады. Себебі, аталмыш ұйымның қоғамдағы өз
орнын табу үшін ұмтылатын стратегиясы мен ресми саясаты жағымды
имиджге ықпал ететін маңызды фактор саналады.
Білім беру орнының имиджін қалыптастырудың құрылымы төмендегідей жеті сипаттамалық белгіден тұрады:
-
Білім беру мекеменің тауары (білімі) мен қызметінінің имиджі. Бұл көрсеткіш білім беру ұйымының балаларға беретін білімімен өлшенеді. Мұның негізгі сапалық құндылығына ұйымның мемлекеттік лицензияға ие мамандығы, мемлекеттік органдардан аттестация мен аккредитациядан өтуі, әкімшілік арасындағы өзара байланысындағы сыйластық қатынастары жатады. Білім беру қызметіне қажетті саналатын келесі ерекшеліктерге де мән берген жөн: негізгі қажетті нышандар (атауы, әнұран, санада тез жатталатын логотип, ту, ғимараттарының орналасу орны мен архитектуралық көрінісі, дизайны, бөлмелердің ішкі жағдайы); қуаттаушы, бекітуші нышандар (төлемақысы, әлеуметтік кепілдіктер).
-
Білім беру қызметін тұтынушылар имиджі. Балалар, олардың ата-аналары, жұмыс берушілер өмір салты олардың қоғамдық мәртебесін көрсетеді. Ол әлеуметтік-психологиялық тұрғыда айқындалып, өмір салтының келесі үш бөлігін көрсетеді: жеке тұлғалық құндылықтары (өз қызметін бағалау, жұмыс жасау стилінің көрсеткіші мен нәтижесі, баланың білім алуға ұмтылысы); тұлғаның мүдделері мен көзқарастарын айқындайтын құндылықтар жүйесі (шәкірттерінің білім алуын ойлау немесе жеке басын ойлау, ұжым арасындағы өзара сенімсіздік); тұлғаның белсенділігі.
-
Білім беру мекемесінің ішкі имиджі. Бұл тұста ұйым туралы өз қызметкерлерінің көзқарастары арқылы имидж қалыптасады. Түрлі сыртқы аудиторияға берілетін имидждік ақпараттың маңызды көзін педагогтар құрамы жеткізеді. Ішкі имидждің негізгі көрсеткішіне ұйымдастырушылық мәдениеті, қызметкерлерді басқару, білім беру ортасы мен оның әлеуметтік-психологиялық ахуалы жатады.
-
Білім беру мекеменің басшыларының имиджі. Білім беру ұйымының негізгі басшыларының қызметі олардың мақсат-міндеттері, талаптары, уәждері, алғырлығы, зеректігі, қабілеттілігі, құндылықтары мен ұстанымдары арқылы айқындалады. Дегенмен, басшылардың мына ерекшеліктеріне мән берген жөн деп санаймыз: КЕЛБЕТІ (киім киюі, шаш сәні, физикалық сипаттамасы, мимикасы, күлкісі, сөйлеу мәнері мен тембрі, сезім дәрежесі); ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (жынысы, жасы, берік отбасы, білім деңгейі, табысы, тұрғын үйі); ҚЫЛЫҚТАРЫ (кез келген жағдайда адамның көрсететін мінез-құлқы оның тұлғалық ерекшелігін көрсетеді); ҚЫЗМЕТІНЕН ТЫС ЖЕКЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ (қызметтегі өсу кезеңдері, отбасылық және достық айналасы, пікірлері, спортқа қызығушылығы, хоббиы, демалысты өткізу түрі).
-
Білім беру мекеменің педагогтарының имиджі. Педагогтардың біліктілігі, мәдениеттілігі, әлеуметтік-демографиялық жағдайы, өмір салты мен мінез-құлқының ерекшеліктері де білім беру ұйымының имиджіне ықпалын тигізеді. Біліктілігіне адамның түрлі қызметтерді атқаруға дайындық дәрежесі жатады. Мәдениеттілігі оның ақ ниетілігі немесе агрессивтілігі, сыпайылығы, төзімділігі, толерантылығы секілді ұстанымдары арқылы айқындалады. Әлеуметтік-демографиялық жағдайы бойынша педагогтардың жас ерекшеліктері, шығу тегі мен білімінің деңгейі, жыныстық құрамы қарастырылады. Өмір салты мен мінез-құлқының ерекшеліктерінде олардың жігерлігі, орындаушылығы, іскерлік және мәдени жинақылығы, өмірлік ұстанымдары көрініс табады. Сонымен бірге, педагогтардың бұқаралық ақпарат құралдарында көрінуі, еңбектерінің жариялануы білім беру мекеменің имиджіне оң ықпал тигізеді.
-
Білім беру мекемесінің визуалды имиджі. Білім беру ұйымы көрінісіне оқу ғимараттарының, аудиторияларының сыртқы келбеті, педагогтар мен балалрдың мінез-құлқы жатады. Имидждің мұндай түріне жеке, психологиялық және этникалық ерекшеліктері де ықпал етеді. Сән үлгісі ретінде саналатын әлеуметтік факторлардың да әсері мол.
-
Білім беру мекемесінің әлеуметтік имиджі. Білім беру ұйымының мемлекеттегі, өңір мен қаланың экономикалық-әлеуметтік өміріндегі рөлі мен әлеуметтік мақсаттары да имиджді айқындайды.
5. Балабақша имиджі бойынша жұмыс:
-балабақшаның эмблемасын (логотип), әнұранын жасау;
-авторлық және оқыту бағдарламаларын жасау (шығармашылық топтардың жұмысы «Бағдаршам әмірі», «Жас эколог», «Туған қалам - Семейім!», «Ұлттық қазына»);
-қалалық, облыстық және республикалық сайыстарға қатысу;
-балабақшаның жұмысы туралы бұқаралық мәліметтерге жіберу;
-балабақша педагогтарының жұмыс тәжірибелерін республикалық баспаларда жариялау;
-«Бала, бала, балақан» теледидарлы бағдарламасына қатысу;
-педагогтың имиджін жасау.
Тартымды имидж:
- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;
- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
Баланың өмірінің жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Педагогтың жеке басы баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған:
-
ұқыптылық,
-
іскерлік стиль,
-
мәнер,
-
әдеп,
-
күлкі жатады.
Сыртқы имиджді құраушыларға:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңізбен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ.
Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін:
• Мәнерлі сөйлеу.
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу.
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу.
7. 2011-2012 оқу жылының рейтингі.
Әр мекеменің имиджін рейтинг көрсеткіштері бағалайды. Рейтинг мақсаты -мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін бағалау.
Қызметінің тиімділігі бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінің рейтингі туралы ереже құрастырылған.
Қазіргі заманғы білім беруді дамытуда білім беру қызметінің сапасы туралы тұтынушылардың ақпараттану деңгейін арттырудағы, білім беру процесінің барлық қатысушыларына және қоғамға қаладағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің сапасы туралы сенімді ақпарат ұсыну қажеттілігі көкейкесті болуда. Қазіргі заманғы кезеңде сұранысты, ұсынысты және мектепке дейінгі білім беруді басқаруға қоғамдық қатысудың кеңеюін қамтамасыз ететін білім сапасы - мектепке дейінгі балалар мекемелерінің басты бәсекелестік артықшылығы.
Осы ереже қаланың мектепке дейінгі мекемелері қызметінің сапасын бағалау, қаланың мектепке дейінгі білім беру жүйесін мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі қағидаларын жүзеге асыру, білім беру қызметін ұсынуда мектепке дейінгі мекемелер арасында шынайы бәсекелестік туғызу мақсатында әзірленді.
Міндеттері:
-
білім беру қызметін ұсынуда мектепке дейінгі балалар мекемелері арасында шынайы бәсекелестік туғызу;
-
мектепке дейінгі мекемелер қызметін бағалау механизмін анықтау;
-
білім беру процесіне ата-аналар қауымын тарту;
-
тәрбиеші мамандығының беделін жоғарлату;
-
мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметінің тиімділігін қадағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштер кешенін анықтау, әзірлеу;
-
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жұмысындағы оңды және кері тенденцияларды айқындау;
-
білім беру қызметінде үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүрген мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелерін айқындау;
-
әрбір мектепке дейінгі балалар мекемелері нәтижелерінің өзгеру динамикасын тұтас да, жеке де индикаторлар бойынша қадағалау;
-
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сапасын арттыру жөнінде негізделген басқару шешімдерін қабылдау.
Қатысушылар және рейтинг мәні
Рейтингті құру нысаны ретінде білім бөлімі қызмет етеді. Мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелері бақылаудың дербес те, тұтастай қаланың білім беру жүйесінің құрамдас бірлігі ретінде де рейтинг нысаны болып табылады.
Рейтинг мәні икемді критерий базасын қолдану арқылы түрлі блоктар бойынша мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелерінің арасындағы білім беру жүйесінің көкейкесті жай-күйін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер мен индикаторлар болады.
Рейтинг жүргізу тәртібі
Рейтинг жүргізу үшін құрамын білім бөлімінің бастығы бекіткен ұйымдастыру комитеті құрылады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмысының тиімділігін бағалау мектепке дейінгі балалар мекемелерін екі санат бойынша - қаланың мектеп-балабақшалары, қаланың бөбекхана-балабақшалары мен қаланың дербес шағын орталықтары критериалды мәліметтер базасының мәні бойынша дәрежелеу әдісі арқылы жүргізіледі. Жалпы нәтижелерді ұсынудан басқа мектепке дейінгі мекемелер қызметі блок кесіндісінде көрсетілуі және жалпы бағалауға енетін бірнеше құрамдас бөлікпен ұсынылуы мүмкін.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін бағалау жүйесінде бағалаудың үш жолы белгіленген:
-
пайыздық
-
сандық
-
баламалық
Пайыздық жолды енгізу мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелерінің сандық сипаттамасының (толығуы, кадрлық құрамы) әр түрлілігімен түсіндіріледі.
Фактілер айқындайтын (болуы немесе болмауы, қатысуы немесе қатыспауы) пайыздық та, сандық та қатынасы арқылы бағалауға болмайтын рейтинг көрсеткіштері - бұл бағалау жүйесі баламалық ретінде белгіленген.
Рейтинг балға ауыстырылатын мынандай көрсеткіштерді ескереді:
-
6 айдағы балалар күні жоспарын орындау: (бақшаның жобалық қуаты жұмыс күндерінің санына көбейтіледі - бұл 100% болады, жобалық қуаты жұмыс күндерінің санына көбейтіледі - жылына 247, жоспар бойынша жылына 79040 балалар күні болу керек, бұл - 100%)
-
100% - 3 балл
-
70%-дан 100%-ға дейін - 2 балл
-
50%-дан 70%-ға дейін - 1 балл
-
50%-дан кем - 0 балл
-
6 айдағы балалардың сырқаттануына байланысты босатқан күндер саны:
-
15%-дан 20%-ға дейін - 3 балл
-
20%-дан 25%-ға дейін - 2 балл
-
25%-дан 30%-ға дейін - 1 балл
-
30%-дан 35%-ға дейін - 0 балл
-
1 топқа арналған дидактикалық ойындар саны:
-
60 және одан да көп ойындар - 3 балл
-
40-тан 960-қа дейін - 2 балл
-
20-дан 40-қа дейін - 1 балл
-
20-дан аз - 0 балл
-
1 топқа арналған сюжеттік - рөлдік ойындар саны:
-
20 және одан көп - 3 балл
-
15-тен 20-ға дейін - 2 балл
-
10-нан 15-ке дейін - 1 балл
-
10-нан аз - 0 балл
-
Үйірмелер және спорт секцияларымен қамту:
-
Балалардың 50% -дан азы - 1 балл
-
50-70% балалар - 2 балл
-
Балалардың 70% көбі - 3 балл
-
Қауіпсіздік техникасын сақтау: (балалар мен қызметкерлдердің жұмыс орнында жарақат алмауы)
-
Жарақаттану болмауы - 2 балл
-
Қызметкерлердің жарақаттануы - 1 балл
-
Балалардың жарақаттануы - 0 балл
-
Басқару және кадрлар:
- кадрмен қамтамасыз етілуі:
бос орын - 0 балл
бос орын жоқ - 1 балл
-
кадрлардың ағымы:
-
3%-ға кадрлардың ауысуы - 3 балл
-
3-тен 5%-ға дейін - 2 балл
-
5%-дан артық - 1 балл
-
тәртіптік жазаға тарту:
-
жоқ - 3 балл
-
1 қызметкер - 2 балл
-
1 қызметкерден артық - 1 балл
-
Біліктілік деңгейі:
-
20%-дан көбінің 1 және жоғарғы санаты бар - 3 балл
-
20%-ының 1 және жоғарғы санаты бар - 2 балл
-
10%-дан 20%-ға дейін 1 және жоғарғы санаты бар - 1 балл
-
10%-дан аз 1 және жоғарғы санаты бар - 0 балл
-
Курстық дайындықтан өту:
-
30%-дан жоғары - 3 балл;
-
30 %-дан аз - 2 балл;
-
20%-дан аз - 1 балл.
-
Сайыстарға қатысу:
Қалалық деңгейдегі сайыстардағы жүлделі орындар - 2 балл
Облыстық деңгейдегі сайыстардағы жүлделі орындар - 4 балл
Республикалық деңгейдегі сайыстардағы жүлделі орындар - 6 балл
-
Баламалық көрсеткіштер:
-
Инновациялық жобалар, бағдарламалар, технология енгізілген және қолданылады - 3 балл.
-
МҰ ата-аналар арасындағы рейтингі: (шағымдар бар немесе жоқ)
Шағымның болмауы - 1 балл;
Шағымның болуы - 0 балл.
-
Социуммен жұмыс (кеңестік пункттер):
-
АКП жұмысы туралы пікірдің болуы - 2 балл;
-
АКП жұмысы туралы пікірдің болмауы - 0 балл.
Есептеу тәртібі
Білім бөліміне ұсынылған рейтинг критерийлерінің мәнін растау үшін әрбір позицияның құжаттамалық растамасы болуы қажет. Ұсынылған мәліметтердің сенімділігі үшін мектепке дейінгі мекеме басшысы жауапты болады.
Есептеу нәтижесі бойынша барлық мектепке дейінгі балалар мекемелері орын санының қорытындысына сәйкес орналасады. Бірнеше мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қорытынды мәнінің немесе блок мәнінің сәйкестігі жағдайында рейтинг парағында олар бір позицияда орналасады, олардан кейінгі позиция мәні рет санынан сәйкестік санына қарай кемиді. Бірдей балдары бар топтарда мектепке дейінгі мекемелер мекеме нөмірінің тәртібімен орналасады.
Рейтинг әр блоктағы әр индикатор бойынша жалпы орын санымен анықталады. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жиынтық рейтингі блоктар бойынша алған орындар санына қарай есептеледі.
Рейтингтік кестені құрастыру үшін әрбір мектепке дейінгі балалар мекемелеріне толтыруға арналған қалып-үлгі ұсынылады. Ақпарат жинау жылына екі рет (10 қаңтарда, 10 шілдеге дейін) электронды және қағазға басып шығарылған түрде жүргізіледі.
Нәтиже үшін жауапкершілік
Рейтинг нәтижелерін уақытында тапсырмаған жағдайда мектепке дейінгі балалар мекемесінің алған балдары сақталады және рейтингтегі соңғы орыннан кейінгі позицияға орналасады.
Рейтинг нәтижелері
</ Рейтинг нәтижелері білім мекемелерінің порталында (gz.ssn.kz) орналастырылады және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің басшыларына, қызығушы пайдаланушыларға хабарланатын болады. Мәліметтер басқару шешімдерінің нұсқаларын әзірлеу және қалалық білім беру жүйесінің ашықтығы мен айқындылық қағидасын сақтау үшін пайдаланылатын болады.
Көбірек балл алған мектепке дейінгі балалар мекемелері білім бөлімінің дипломдарымен және ауыспалы «Үкі» даналық белгісімен марапатталатын болады.
Сонымен, 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша «№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК педагогикалық ұжымы II орынға иеленді.
8. Қорытынды. Рефлексия.
Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, адамның имиджі мен карьерасы бір-бірімен тікелей сабақтас жүреді дейді. Сонда адамның сырт келбеті әсем көрінгенімен, жұмысында әлсіз болса, онда ол адамды идеал деуге келмейді. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек.