7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы 1-қыркүйек-Білім күні

Сабақтың тақырыбы 1-қыркүйек-Білім күні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«1 қыркүйек - Білім күні»

Мақсаты:





Барысы:

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер құрметті балалар.Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Балалар бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне,бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады.Бұл күн сендер үшін ,яғни оқушылар үшінжәне біздер үшін

Білім - менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу - айдында

Жайып білім желкенін

Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге!

Бәріміз орнымыздан тұрып Шаттық шеңберін құрайық.





Бала бақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай мәпелеп,

Өсірді бізді бақшамыз.

Бұл -екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің сәніміз,

Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір

әнімізді балабақшамызға арнайық!

Ән «Айгөлек»

Тәрбиеші:

Білім керек бәріне!

Корабльді басқарып

Көк жүзіне самғасам

Тауды бұзып, тас жарып



Мұхиттарды жалғасам

Таңдандырар бар елді

Ғажап үйлер сала алсам

Жасартатын әжемді

Дәрі де ойлап таба алсам....

Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне.

Балалар 30 тамыз күні ата заң қабылданған күні.

Ата заң

Келе жатыр керім күн

Халық сүйіп қалаған

Ата Заңын елімнің

Құрметтейді бар адам.

Алтын заңым қорғайды

Бар адамның теңдігін

Әділетті қолдайды,

Арқа тұтып ел бүгін





Ол баршаға жөн нұсқап,

Жетелейді жарыққа

Елбасы оны қолға ұстап,

Ант береді халыққа.







Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі

Мемлекеттік ән ұран орындалады.

Тәрбиеші: Міне балалар,осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін .Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет.Бүгінгі 1-ші қыркүйек -білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!































































Мемлекеттік ән ұран орындалады.

Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал