- Учителю
- Ертеңгілік «Жаңа жылдық думанда»
Ертеңгілік «Жаңа жылдық думанда»
Тақырыбы: «Жаңа жылдық думанда» Мақсаты: білімділігі: Жаңа жыл
туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл
туралы білімдерін тиянақтау. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау
қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,
тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты
ұстауға тәрбиелеу. Жүргізуші: Ақшақар Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
Мектеп алды тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады қастарында Сайқымазақ және
Қоян)
Сайқымазақ: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Қоян: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
Жүргізуші:Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен
керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар
екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып
қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның
көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Келді бізге Жаңа жыл»
Жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын! Тақпақ 10-бала (Қоян)
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға
бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы)Кәнекей, ендеше
бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар 3 - рет
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз атаны күттіңдерме? Мен бәрін алдап кете алам не деген
кереметпін.
Жүргізуші: Тоқтаңыз, сонда сіз менің Аяз атамды тағы алдап
соқтыңба? Достар айтыңдаршы Түлкінің бұнысы дұрыс па? Түлкі: менің
бір шартым бар егер маған тақпақ, би билеп берсеңіздер Аяз атаны
ертіп келемін. Бұл жолы алдамаймын.
Жүргізуші: Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл - партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі. Тақпақ 10бала (Сайқымазақ)
Жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін. Би: «Аңдар биі» Жүргізуші: Балалар мен
ызғарды сезіп тұрмын Аяз ата жақындап қалған сияқты біздің
дауысымызды естімей қалмасын бәріміз Аяз атаны шақырайық. Балалар:
Аяз ата3рет
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма? Амансыңдарма бүлдіршіндерім. Ақшақар қызым
сендердің осында мейрам тойлауға келетіндеріңді айтқанда қатты
қуандым. Әлгі Түлкі мені алдап қап бәлем сеніме? (шыршаны айналып
түлкіні таяғымен сиқырлаймын деп қуады.) Түлкі: кешір ата енді
қайталамаймын.
Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым тақпақ 10бала (Ақшақар)
жарайсыңдар балалар ендеше ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар. Ойын : «
шарларды жару» 10 бала Жүргізуші: Әдемі балалардың жаңа жылдық
әдемі тақпақтарын тыңдайық. 10бала Қоян
Жүргізуші: Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын. Би: «Ақшақарлар» Жүргізуші: тамсандырып
тамаша тақпақтарымен балаларды ортаға шақырамын. 10бала Сайқымазақ
Жүргізуші: балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын
жылқы жылымыз қайда? Ай, Сайқымазақ сен көрген жоқсың ба? Дауысы
естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы
алайық.
Жылқы: Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болдық шаттанып. Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Қой: Жақсылыққа бағыттаған
Қоймын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Жылқы жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын. Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден
асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік. Би: «Көңілді қыздар биі»
Жүргізуші: Аяз ата және құрметті қонақтар бүгінгі мерекеге арнаған
тақпақтарын тыңдайық. Тақпақ 10 бала ақшақар Жүргізуші: Той,
мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап. Би: « » Сайқымазақ
Жүргізуші: Асыға күткен Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! Тақпақ 15 бала Жүргізуші:
Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға
орнын сыйлады. Біз сізге ризамыз! Келген жыл қадамың құтты
болсын.
Ән: Ақшақар
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс
жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да
ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын
бұлғап шығып кетеді.) Би: Мадагаскар балалар бірге шыршаны
айналып
Жүргізуші:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты. Барлық жандар бір тілекке қосқан
үн Бақыт боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым. Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты
болсын.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Жаңа жылдық думанда!» атты
ертеңгілік кешіміз аяқталып қалды. Осындай керемет кештің өтуіне ат
салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс!
Жаңа жылымыз жылы болсын. Жақсылыққа толы болсын!!!
КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы
«Жаңа жылдық думанда»
</ Өткізген: Кенжеғариева А.А.
2014-2015 оқу жылы