- Учителю
- Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Президент күніне арналған тәрбие сағаты
«Бекітемін» «Тексерілді»
Мектеп директоры: _______ Абеев С. Е. Оқу ісінің меңгерушісі:_______
Жаншуақова Ж. А.
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің
«Ботақан» шағын орталығы
Ересектер тобы «Менің тұңғыш президентім» атты
«Қарлығаш» тобының ертеңгілігі
Тәрбиеші: Егинбаева З.А.
Қорғалжын ауданы, Сабынды аулы - 2014 жыл
«Менің Тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік сценари
(Безендірілген залға балалар кіреді, қолдарында Қазақстан туы бар.)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған
«Менің Тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп
жарияланады.(Көк тудың желбірегені)
Ә Н Ұ РА Н
Тәрбиеші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Елбасы - халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер. Ендеше осындай елбасымызға арналған бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарын қарсы алайық.
Балалар:
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы. (Арай)
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!(Фархат)
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз. (Нұрай)
Тәрбиеші:
Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазақымның болған қалам.
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам! - дей отырып осы әсем қала
Астанаға арнаған балалардың «Астана» атты өлеңін тыңдап алайық.
Ән: «Астана!»
Тәрбиеші:
Отан - дейміз от жаққан жерімізді,
Отан - дейміз өсірген елімізді.
Отан - дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Қазақ халқы - жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.
Балалар:
Отан - тарих, отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.(Дінмұхаммед)
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды,
Баршамызға Ұлы Отан.(Айдын)
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, сен Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!(Меруерт)
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, отан - үлкен,
Қазақстан туған ел!(Санжар)
Алтын заңнын аясында
Құлпырамыз гүл болып.
Отан - ана аясында,
Жарқыраймыз күн болып.(Наби)
Көк байрағы бабамның -
Бүгінгі ұрпақ алауы
Тірегі әке, баланың -
Қазақстан жалауы.(Айдар)
Ата - бабам аңсаған,
Күрес салып шаршаған.
Тәуелсіздік таңы атты -
Бақыттымын мен содан!(Аяулым)
Тәрбиеші:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. Енді бүлдіршіндердің өлең шумақтарын бірге тыңдайық.
Балалар:
Тәуелсіздік мәңгілік ол сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.(Арай)
Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!(Айтуар)
Тәуелсіздік - тілегім,
Тәуелсіздік - тірегім!
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім!(Альмира)
Жерім менің отаным - Қазақстан,
Туымыз бар көк аспанда самғаған.
Үздік елге кіремін деп ұмтылған
Қазақстанды мақтан тұтам әрқашан.(Аспандияр)
Тәуелсіздік - ұраным,
Тәуелсіздік - жыр - әнім!
Ынтымағы елімнің,
Тәңірімнен сұрарым!(Саяжан)
Жер де жыртты, мал бақты,
Өтіп жатты жыл небір.
Аталардың ардақты
Арманы тұр күнде бұл.(Айсұлтан)
Елдің биік шоқтығы
Биік абырой, бедел де.
Бостандықтың көк туы
Желбірейді төбемде.(Айым)
Тәрбиеші: Осындай керемет ертеңгілікте Қ.Аманжоловтың өлең
шумақтарын есіме алмасқа болмас:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей отыра осындай мақтан ететін
Қазақстанымызды басқарып отырған Елбасымызға арнаған «Менің Тұңгыш
Президентім» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтай отырып, біздің
бүлдіршіндер:
Бәрі бірге:«Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,
қазақ елінің болашағы үшін жауап береміз» деп аяқтаймыз.
Ән: «Жаса Қазақстан!»