- Учителю
- Үш айлық жоба. Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам!»
Үш айлық жоба. Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам!»
Үш айлық жоба
Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам!»
Мақсаты: Балалардың балабақша туралы танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
-
Балаларға балабақшада кімдер жұмыс істейтіні туралы мағлұмат беру.
-
Берілген ақпаратқа талдау жасай білу қабілеті.
-
Тәрбиеленушілердің балабақша қызметкерлеріне деген құрметі.
Жобаға қатысушылар: Қазақ тілі пәні мұғалімі Тоқтарова Бақытгүл Кеңесқызы және «Ақбота» ересек тобының тәрбиеленушілері.
Жобаның түрі: танымдық - ақпараттық.
Жобаның мерзімі: үш айлық жоба.
Өнімі: презентация (слайд).
Жобаның актуалдылығы:
Балаларға балабақша туралы мағлұматтар беріп, балабақшада кімдер жұмыс істейтіні туралы, балабақшаны кімдер тұрғызғаны туралы, балабақшада не істейтіндері туралы әңгімелесу.
Жобаның жоспары
Балалар балабақшаға ата-аналарымен келеді.
Балабақшада топтар көп және олардың әрқайсысының атауы бар.
Балабақшада тәрбиешілер жұмыс істейді.
Балабақшада балалар білім алады, ойнайды, ұйықтайды, сурет салады, серуендейді, тапсырмаларды орындайды.
Бізде көп ойыншықтар бар.
Дене шынықтыру мен музыкаға және серуенге барғанды ұнатамыз
-
Балабақшаны кім тұрғызды?
-
Балабақшада тағы кімдер жұмыс істейді?
-
Тәрбиешіден сұраймыз.
-
Саяхатқа шығамыз.
-
Ата-аналардан сұраймыз.
-
Видео роликтен тамашалаймыз.
-
Мамандық атауларымен танысамыз.
-
«Бала көзқарасымен қарағандағы әлем» жұмыс дәптерін қолдану.
Жобаның этаптары:
1-этап. Тақырыпты таңдау.
-
Жобаға тақырып дайындау.
-
Жобаны іске асыруда қажетті материалдар дайындау.
-
Көрнекі құралдар дайындау.
-
Ата-аналармен әңгімелесу.
2-этап. Негізгі бөлім. Ақпараттар жинау.
-
Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы мәліметтер жинау.
-
Балабақша ішіне саяхат жасау.
-
Ойын әрекетін ұйымдастыру.
3-этап. Жобаны жүзеге асыру.
4-этап. Жобаның презентациясы.
-
Балабақша ішіне балалармен саяхат.
-
«Менің сүйікті балабақшам!» атты кітап баспасы.
-
Сюжетті рөлдік ойын: «Балабақша - екінші үйім!»
-
Макет: «Болашақтың балабақшасы».
Жобаның мазмұны:
Үш айлық жобада балалар балабақша ішіндегі бөлмелермен танысып, ондағы қызмет иелерінің іс-әрекетін көреді.
Балабақша туралы тақпақтар жаттайды. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиешінің жұмыс істейтінін, тәтті тағамдар барын, онда достары барын, ойыншықтары барын атап береді.
Балабақшаға кімдермен келіп, кімдермен қайтатындарын айтады. Отбасы мүшелерін қазақ тілінде атап, отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтады. Отбасы мүшелерінің қызметтерін атайды.
Балалар балабақшаны кімдер тұрғызғаны туралы танысып, өздері де құрылысшы, сылақшы рөлінде сюжетті ойын ойнап, осы маман иелерінің құрал-саймандарымен танысады.
Жобаны жүзеге асыру
Балабақшаны
кімдер тұрғызды?
Балабақша балаларды Балабақшада кімдер
қарсы алады жұмыс істейді?
Болжалды жобалар
Мен және менің Балабақшаны ашу
отбасым үшін не істеу керек?
Балабақшада қалай
жұмыс істейді?
Күн жобасы
Тәрбиеші
Сылақшы Мұғалім
Мамандық
атаулары
Аспаз
Дәрігер
Құрылысшы
Жоба бойынша балабақша ішіне саяхат
Керегені жазайық, Киіз үйді құрайық. Логопед бөлмесі
Іш ауырса, тіс ауырса, Дәрігер дәрі береді Психолог бөлмесі
Шынықсыншы денеміз ... Ойын-сауық кешені
Тазалықты сүйеміз ... Дамытады баланы, ойын-сауық алаңы
Сылақшы мамандығы бойынша балалардың дербес іс-әрекетінің жүйесі
Сюжеттік ойын: «Сылақша».
Мақсаты: Қыз балалар сылақшы маманымен, оның құрал-саймандарымен танысады.
Барысы: Ойын барысында қыз балалар алшалғыштарын алдарына шалып, орамалдарын бастарына орап, қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен бояйды. Сылақшының құралдарын қолдарына ұстап, көздерімен көреді.
Сюжеттік ойын: «Құрылысшы».
Мақсаты: Ұл балалар құрылысшы маманымен, оның құрал-саймандарымен танысады.
Барысы: Ойын барысында ұл балалар алшалғыштарын алдарына шалып, бастарына арнайы құрылысшының бас киімін киіп, кірпіштерге арнайы әзірленген езбені жағып көреді.
Құрылысшы мамандығы бойынша балалардың дербес іс-әрекетінің жүйесі
Бас киім және
алшалғышты дайындау.
-
Кірпішті дайындау.
-
Цемент ерітіндісін дайындаймыз.
-
Қалақшаны дайындаймыз.
-
Жоғарыдағы құралдарды қолдана отырып, қабырға тұрғызуға кірісеміз.
-
Жұмыс орнын жинау.