7


  • Учителю
  • Открытый урок Веселая математика

Открытый урок Веселая математика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шаттық шеңберін құру.

Қол алысып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Қайырлы күн жер Ана!

Қайырлы күн достарым

Сіздерді көргеніме қуаныштымын.



Тәрбиеші: - Бәрекелді, рахмет! Балалар 1 жылда неше жыл мезгілі бар?Қазір қай мезгіл? Қай ай?

Балалар: - 1 жылда 4 жыл мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз. Қазір көктем мезгілі, мамыр айы.



Тосын сәт: - Бізге біреу келген секілді, бұл кім болды екен?(Қоян қасқырдан қорқып, қашып жүгіріп, себетіндегі сәбіздерін жоғалтып алған, тауып беру үшін хаттағы (конверттегі) тапсырманы орындау керек екен).

Т: - Қоянның сәбіздерін табуға көмектесеміз бе, балалар! Ендеше хаттағы тапсырмаларды біртіндеп оқи берейін(көп жұлдызша жинаған топ жеңіске жетеді).



  1. Тура және кері санау: 1-10, 10-1, 11-20,20-11 дейінгі сандар және бұлардың орысша аудармасында айтады.(Қоян сәбізін алады)

Открытый урок Веселая математика



  1. а)Дидактикалық ойын: «Көршісін тап!»

Ойын шарты: Цифрлардың алдында немесе ортасында, соңында жоқ сандарды тауып, атау, орналастыру.

Открытый урок Веселая математика



ә) Сұйық және сусымалы заттар. Эксперимент. 2 оқушы тақтаға шығып үстел үстінде үлкен ыдыстағы суды(не топырақты) 2-3 ыдысқа теңдей бөліп құюы тиіс. б)Бос орынға тиісті пішінді сал. 2 топ оқушыларына да бірдей үлестірмелі пішін салынған қағаз беріліп, жетіспейтін пішінді жылдам салу керек(Қоян сәбізін беру)



Сергіту сәті:

Аяқпенен топ, топ, топ,

Алқымменен лоп-лоп-лоп,

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда!

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық,

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы, кел мұнда!

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру,

Бір оңға, бір солға,

Секірейік кел мұнда!



  1. а) Қалдырылған санды жаз. 19, 13, 14, 16.

ә) Не өзгерді? ойыны. Жемістердің суреті, айырмашылығын тауып, атау. (Жемістер жарты, кесілген, бөлінген, 1 бөлігі жоқ). (3-ші сәбізін себетке салу)

  1. а) Кітаппен жұмыс. Берілген сандардан 2 санын азайт.

Открытый урок Веселая математика



ә) Анаграмма. Сандарды ретімен қойып, үстіндегі әріптерді қосып оқы(мектеп, оқушы деген сөз шығады). (қоянның 4-ші сәбізін себетке салу, мұғалім балаларға жұлдызша береді).



  1. Берілген суреттегі заттарды салыстыр, қайсысы артық, қайсысы кем немесе тең?

5 > 4 5 < 6 (қоянның 5-ші сәбізін себетке салу)



  1. а) Суреттегі 6 матрешканы үлкенінен кішісіне қарай ретімен цифрларын қойып, орналастыр(2 топтан оқушы шығып ретімен көрсетеді).

ә) Әр суретті сана және тиісті цифрларды шеңбер ішіне жаз.( қоянның 6-шы сәбізін себетке салу)



  1. Ребус шеш: 6 Н, Т10, К 3, С10А, 100ім (АЛТЫН, ТОН, КҮШ, СОНА , ЖҮЗІМ)

5 бұтақты қайыңда Әтеш алдымен 5, сосын

Бұтақ сайын 5 алма. тағы 1 жұмыртқа салды.

1-еуін бер Сайынға, Барлығы неше жұмыртқа салды?

Сонда қалмақ неше алма?

(қайыңда алма өспейді) (әтеш жұмыртқа салмайды)



(қоянның 7-ші сәбізін себетке салу).

Қоян оқушыларға алғысын айтып, барлығымен қоштасады.



Т: - Балалар, тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар, сендер ақылды да тапқыр оқушылар екенсіңдер! Ендеше, орындарымыздан тұрып, ортаға келейік, қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі қызықты математика сабағын аяқтайық.



Балалар: Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.





Қорытынды. Сабақты бекіту.

</ 1. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

2. Бүгін не туралы өттік?

  1. Біз қандай кейіпкерге көмектестік?



Қорытынды. Сабақты бекіту. Сабаққа қатысқан балалардың белсенділігін атап өту, бағалау. Сабақта балалардың бір-біріне деген достық және жолдастық қарым-қатынастарын бағалау. Келесі сабақта басқа да балалардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру. Сабаққа жақсы қатысқандарды мадақтап, жұлдызша арқылы бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал