7


  • Учителю
  • Экология Алтын күз Сабақ жоспары

Экология Алтын күз Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы 1 сабақ

Күні: 13.09.2016

Білім беру саласы: «Әлеумет» білім беру саласы

Бағдарлама тараулары:

Тақырыбы: «Алтын күз» (күз сыйы)

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың, жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуді үйрету. Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруіне қарай жәндіктердің өмір сүруге бейімделуі, қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білім беру. Бақылай білу дағдыларын дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге жіне оны қорғауға тәрбиелеу.





Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Ойындар жинағы.

Сабаққа дайындық: Саябаққа мақсатты серуен, жапырақтар, тұқымдар, жемістер жинау.

Сөздік жұмыс: күз, орман, жәндік.





Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы































Шаттық шеңбері:

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жер ана!

Армысың, достым!

Көріп сені қуанам!

Саяхаттың барысы:

Балалармен бірге сары алтындай сары түске боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығады.

Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді.





















Саяхатқа шығып, балалар, ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап ағаштар мен бұталарды атайды.

Іздену-ұйымдастырушылық































Тәрбиеші «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков) өлеңін оқиды.

Балалардан қай ағашта тек сары түсті жапырақтар (аққайың, жөке) қай ағашта сары, қызыл жапырақтар (үйеңкіде, ырғайда), қай ағашта қоңырқай түсті (еменде), басқа да түстерді іздеу ұсынылады.

Кейін балалардың назарын күннің cуытуына байланысты жәндіктердің біртіндеп сиреп, ағаштардың қабықтарына, қуыстарына жасырынғанына, оны лупамен қарап көруіне болатынын аудару:





Кейбір құстардың күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кететіні жайлы әңгімелеу. Қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстарды атау. Неліктен құстардың жылы жаққа ұшып кететінін түсіндіру.

Балалармен қазір күздің қай кезеңін (ерте күзде ме, кеш күзде ме) бақылағандары туралы сұрау.









Әліппе-дәптермен жұмыс:

«Күзгі жапырақтар» (Қ.Шаңғытбаев) өлеңін оқып, түсіндіру.

Тапсырма:

а) суретте берілген жапырақтар бойынша ағаштарды тап.

ә) күзгі жапырақтарды бояп шық.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Балалар тәрбиешімен бірге күзгі жапырақтар шоғын, жемістерін, тұқымдарын жинайды.





Балалар ағаштар қуысында жасырынған жәндіктерді көреді. Олардың қыс мезгіліне дайындалғанын бақылайды. Сонымен қатар күз мезгіліндегі құстардың өміріне де тоқталып өтеді.













Топқа келген соң балалар өздерінің жинаған жапырақтарынан, бұталарынан әдемі жапырақтар, бұтақтар шоғын жасайды. Серуен кезінде көрген құстарын естеріне түсіру.

Жапырақтар бойынша ағаштарды табады.

Күзгі жапырақтарды бояп шығады.

Рефлексифті - корригиялық



























Дидактикалық ойын: «Негештің хаты»

Сабақ соңында балалар, тәрбиеші басшылығымен құстар мен жануарларға үнемі қамқор болып жүру, дағдыларын меңгереді.



Құстарға ұя жасау, жем шашу дағдыларын естеріне сақтап алулары ұсынылады.





Болжамды нәтиже: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы түсінік беру.

Білуі керек: Ағаштардың, бұталардың, жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білу. Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруіне қарай жәндіктердің өмір сүруге бейімделуі, қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білу.

Қалыптасқан әдет: Бақылай білу дағдылары

Істей біледі: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге жіне оны қорғау



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал