- Учителю
- Открытый урок на тему: Ел қорғауға әзірміз!
Открытый урок на тему: Ел қорғауға әзірміз!
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным. Қатынас
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Құрастыру. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ел қорғауға әзірміз!»
ҰОІӘ түрі: аралас сабақ
Мақсаты: Білімділік: Білімділік:әртүрлі мамандық иелерімен таныстыру, олардың қызметі мен еңбегі туралы түсініктерін кеңейте отырып, олардың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: сурет бойынша толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту, әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын толық жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілік:жалпы мамандықты оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне; елін, Отанын құрмет,сүюге тәрбиелеу.
</<font face="Times New Roman, serif">Көрнекіліктер: слайд, құрастырғыш (пазлы), мамандық иелерінің көліктері макет
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, мультфильм көрсету
Шаттық шеңбері: Ұға білсең мені сен, Бақытыммен бөлісем. Жүрек сөзін жалғаймыз, Бәрін сізге арнаймыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгін қандай тамаша күн, әрқашанда осындай әдемі болып жүріңдер! Қанеки енді бізге қонаққа келген апайлар амандасайықшы.
Балалар: Сәлеметсіздерме?!
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл? Ауа-райы қандай болып тұр?! Мен сендереге жұмбақтар қойғым келіп тұр, жауабың тауып көріндерші?! Жұмбақтар: 1. Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы. (аспаз) 2. Мектептің жүрегі, Білімнің тірегі. (Мұғалім) 3.Сауықтырар сырқатты, Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер) 4.Тыныштығын Отанның, Күзететін адам кім? (Шекарашы) 5. Қолыңда қайшы тарағы, шашты тәртіпке салады (шаштараз)
-Жарайсыңдар,балалар. Сендер көп біледі екенсіңдер. Шаштараз, мұғалім, аспаз бұлардың барлығын біз мамандықтар деп атаймыз. Мамандық бұл адамның еңбегінің түрі. Мамандық таңдау осы балабақшадан басталады. Суретпен жұмыс. Мамандық иелерінің еңбегі туралы әңгімелеу. -Балалар бұл мамандықтардың бәрі адамға керек. Осылардың ішінде қай маман иелері ержүрек, батыр деп ойлайсыңдар?! Енді балалар экранға назар аударайық.(мультфилмге қарап,түсіндіріу)
Мульфильм: «Барлық мамандық керек!»
-Балалар көрдіңдерме, ержүрек мамандықтар қандай болатынын. Неге оларды ержүрек, батыр деп айтамыз?! Себебі балалар олардың өміріне кез-келген сәтте қауіп төнуі мүмкін. Мысалы: өрт сөндіруші- ол оттан қорықпай, адамдарды құтқарады.Жауынгерлер олардың бірнеше түрі болады: аспанда жүретіңдер ұшқыш әскелер; теңізде-теңізші әскерлер, танкистер, жаяу әскелер,шекарашылар. Бұлардың барлығы ел тыныштығын ойлайтын, халқын сүйетін, ештенеден қорықпайтын маман иелері. Осы маман иелерінің қасында үнемі дәрігер жүреді. Дәрігер кез-келген сәтте керек болады. Адамдар жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсетеді. -Қане енді мынандай құрастыру ойынын ойнайық
Дидактикалық ойын:«Кімге не керек?»
Сергіту сәті: «Ел қорғауға әзірміз!» әнін,билеп орындау.
-Сендер өте өнерлі бала екенсіңдер. Тағыда тапсырма бергім келіп тұр, сендер орындайсыңдарма?
Ойын: «Жақсы-жаман» (сипаттау)
Шарты: суреттегі жаман-жақсы іс-әрекеттерді айыра білу, ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу.
Тәрбиеші: -Бүгінгі ұоіә не туралы айттық?
-Сендер өз Отандарынды қорғайсыңдарма?
-Ержүрек мамандықтар кімдер?
Қане ортаға шығайықшы.
- Балалар болашақта,өскенде Ел қорғауға әзірсіңдерме?!
Балалар: Біз ел қорғауға әзірміз!!
Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз
Білім алып,тұлғаланып
Азамат болып шығамыз !!
(көгершін ұшыру)
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар, мен сендерді мақтан тұтамын. Жылулық шеңберге тұрып, бір-бірімізге тілек айтып, өскенде кім болғыларың келетінін айтайық.
-Әрқаша күн сөнбесін, аспаннан бұлт тқнбесін!
Осы бүлдіршіндерімнің тілектері қабыл болсын!
Балалар:
-Мен өскенде өрт сөндіруші болғым келеді
Достарым әрқашан күліп жүрсін.
-Мен дәрігер болғым келеді,
Достарым әдемі болып жүрсін!
-Мен мұғалім болғым келеді,
Достарым тату болсын! (рет-ретімен жалғасады)
-Адал жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі ақ-тілек! Тілектеріміз орындалсын! (журек ұшыру)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, мен сендерді мақтан тұтамын. Ата-аналарын мақтан тұтатын, еліміздің азаматы болыңдар! Осымен ұоіә аяқталды. Апайлармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
«Мөлдір» балабақшасы МКҚК
Тексерілді: Бекітемін:
Әдіскер м.а Меңгеруші
Л.М Толыбаева А.А Жумагалиева
« » « » 2016жыл « » « » 2016жыл
(ашық сабақ)
«Ел қорғауға әзірміз!»
Өткізген: Мералова А.С