- Учителю
 - Тәрбие сағаты '«Қош бол, шағын орталығым!»
 
Тәрбие сағаты '«Қош бол, шағын орталығым!»
«Қош бол, шағын орталығым!»
 
Тәрбиеші: Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бүгін шапағатын.
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын , шаттығын.
Қайырлы күн, қайырлы күн,
Қуанышты күн бүгін!
Құрметті: Қонақтар, ұстаздар, балалар. Бүгін сіздер шағын орталық «Балдәурен» тобының атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!
Бір жыл бойы балаларыңыз балабақшада ойнап, би-билеп, ән салып сауаттарын ашып, бүгінде бүлдіршін балапандарыңыз балабақшамен қоштасып үлкен өмір есігі - мектеп табалдырығын басқалы тұр. Осы қуанышқа құтты болсын айтып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер демекпін.
«Балдәурен» тобын қошеметпен қарсы алыңыздар.
Музыкамен балалар алаңға кіреді.
 
Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
 Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
 Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
 Мектепке баратын қадамдарың құтты болсын!
 Бір ата , бір ананың тірегіміз,
 Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
 Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.
 Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып құттықтау сөз мектеп директоры Алимова Айткүл Едресқызына беріледі. 
 Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер, 
Бес жасқа жеттіңдер.
Мектепке сендер барасыңдар,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
 
Мерекеде сызылтып ән салады
 Ән айтып, би де билеп жан салады
 Бұл ұлы мерекеде ән салғанда 
 Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. 
 Ән: « Балдырған» қойылым 
 Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар ,
 Мектепке кетіп барады.
 Өлең айтып бір-бірден ,
 Қимай кетіп барады - дей отырып ортаға балаларымызды шақырамыз.
 
 
1-Ерназ:
«Балдәурен» топ есігін,
Үшке тола аттадық.
Балапандай өсіріп,
Балабақшамыз баптады.
2-Диана:
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз,
Біз - осы үйдің сәніміз.
 
3-Адиль:
Балабақша алтын бесігім,
Айқара ашқан есігін.
«Балдәурен» сенің ботаңмын,
Қандай ыстық есімің.
 
4-Айбек:
Былтыр келдік бақшаға,
Бойымызда өсті нық.
Үйрендік біз санапта,
Ойындармен таныстық.
 
5- Ожан Тоғжан:
Жасымыз толды беске,
Ересек біздер боламыз.
Екіні қосып екіге,
Әріп те жаза аламыз.
 
6-Азат:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер-білім үйренген,
Бақшамызды қимаймыз.
 
7-Жанерке:
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді.
 
Есікті қағып Жауқаугүл келеді
Ән: «Бала тілегі»
8-Айару:
Ботақаным бөбек деп 
 Еркелеткен ұл қызын 
 Анамызды ерекше 
 Қуантатын күн бүгін 
 
9-Жанали:
Еркесі едім анамның,
Еркесі едім атамның.
Толып биыл беске,
Мен оқушы атандым.
 
10-Бибігүл:
Тәрбие берген ұямыз
 Тәртіпті бала боламыз
 Қоштасып бала бақшамен
 Мектепке біз барамыз
 
 
11-Дәурен:
«Балдәурен» аты қандай тамаша,
Көркіне аты жараса.
Балабақшам сондай керемет,
Көз тоймайды қараса.
 
Бірге: «Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған,
Тәрбиешілеріміз сізге мың алғыс»
«Балдәурен» тобының атынан.
14-Асадали:
Ән салғызып билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп
Ойнатады, күледі.
 
15-Көркем:
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
16.Бағлан:
Витамин жеп қолынан 
 Өскен сәби баламыз
 Мереке апай сізге 
 Алғыс айтып барамыз
 
 
17.Айғаным:
Білемін бақшада,
Зыр қағып ұшамын.
Ұмытпаспын балабақшаның,
Мейірімді құшағын.
 
18. Шахназ :
Біздің гүл бақшада,
Бар әсем асхана.
Бар онда аспазшы,
Ақ көңіл жақсы ана.
 
19.Аружан :
Бақшамызда көмекшісі болған,
Сайранкүл апай тағы бар.
Бар тәрбиешілерде,
Талап еткен бәріне.
 
20. Райымбек :
Таптық біздер жақынды,
Әділ әрі ақылды.
Алия апай,Динара апай,
Күнде айтатын есімді.
 
21. Сара:
Балабақша, балабақша,
 Шаңырағы шаттықтың .
 Балабақша қорғанышы,
 Балғын сәби жастықтың. 
Қуанамыз сыйлаймыз,
 Қуаныштың мың гүлін .
 Бақшамызбен қимай біз, 
 Қоштасатын күн бүгін. 
 Ән: «Мереке» 
Тәрбиеші:
Сендердікі болашақ,
Өмір балғын балалық шақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
 
Құрметті: Қонақтар «Балдәурен » тобының сіздерге арналған ертеңгілігі аяқталды.
 
«Мелекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ
«Балдәурен» шағын орталық тобы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Қош бол, шағын орталығым!»
Тәрбиешілері: Ибраева А.М.
Бексултанова Д.С.
 
 
 
Қостанай 2015ж