7


  • Учителю
  • Ашық сабақ.Сауат ашу.Ү ү дыбысы мен әрпі. Мектепалды даярлық

Ашық сабақ.Сауат ашу.Ү ү дыбысы мен әрпі. Мектепалды даярлық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларды Ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ертегі тыңдату, сұрақтарға жауап беру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Шыдамдылыққа, ептілікке, жан-жануарларды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтын әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:Ертегі сабақ, жаңа тақырыпты меңгерту.

Көрнекіліктер: Ертегі суреттері /слайд арқылы/, жазуға арналған тақташа, қажетті заттар.

Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, тіл дамыту, қоршаған орта

Сабақтардың барысы:/слайд арқылы/

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Амансын ба, алтын күн?

Амансын ба, көк аспан?

Амансың ба,қасиетті Жер-анам?

Сәлеметсіздер ме,қонақтар?

Сәлеметсіз бе,ұстазым?

Күндей нұрлы болайық!

Жердей жомарт болайық!

Аспандай ашық болайық!

Орнымызға барайық!

Тәрбиеші:

Балалар, сендер ертегі тыңдағыларың келе ме?Олай болса, Экранға назар аударайық!/ Интербелсенді тақтадан «Үйшік» ертегісі көрсетіледі.Ертегі суреттері бойынша талдау жасалады. /

  • Ертегі не туралы айтылған?

  • Қандай аңдар іс-әрекеті берілген№

  • Қалай ойлайсыңдар, қоянның үйі мықты ма әлде, түлкінің үйі мықты ма?

  • Қоянның үйі неден жасалған, ал, түлкінікі ше?

Жаңа сабақ:

Жақсы, балалар, сендер ертегіні өте тамаша ұғыпсыңдар!

*Сонымен осы ертегідегі үй сөзін айтқанда қандай дыбыс естіліп тұр?

*Олай болса, біз бүгінгі сабақта Ү дыбысымен танысатын боламыз.

*Қане, бәріміз Ү дыбысын хормен айтайық! Ү Ү Ү

*Ү созылаып айтылады, жіңішке айтылады, сондықтан ол дауысты дыбыс болады.

*Ү дыбысынан басталатын сөздер айтайық: Үкі,үтік,үйрек,үй, үйеңкі,үш

* Ал енді,осы сөздерді буынға бөлейік. Ү-кі,Ү-тік, Үй-рек

Сергіту сәті:

Шатырына үйдің,

Ақ мамық қар қонады.

Жерге қонған ақша қар,

Үлкен болып толады.

Күрегіңді сайла,

Белге шана байла!

Қар шығарып,шымыр бол,

Жалқау бала бол ма!/қимылмен көрсетеді/

Тәрбиеші: Балалар жаңа ертегіде қай аң үйсіз қалды?/Түлкі/

Ендеше, түлкіге көмектесіп, қояндікі сияқты мына әдемі ағаш үйге кіргізейік. Бірақ,түлкінің қоянға істеген жаман істеріне ит,қасқыр және әтеш әлі ызалы екен. Ол үйді түлкі иемдену үшін олар түлкіге шарт қойып отыр. Ал, түлкі сендерден көмек сұрайды. Көмектесесіңдер ме? Олай болса, түлкіге көмектесіп, ит,қасқыр,әтештің тапсырмаларын орындайық.

1-тапсырма: Түлкі итке кездеседі. Түлкіні иттен құтқару үшін мына тапсырманы орындайық!

Суреттерге сөйлем құрастырыңдар! Ү-кі, ү-тік, үй-рек, үй, үш.

2-тапсырма: Түлкіні қасқырдан құтқарайық! Берілген суреттердің ішінен ү дыбысынан басталатындарды табыңдар!

3-тапсырма: Түлкіні ашулы әтештен құтқарайық! Жұмбақтарды шешіңдер!

Жарайсыңдар,балалар! Сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындап,түлкіге әдемі үй сыйладыңдар!Түлкі сендерге рахмет айтып жатыр.

Біз бүгін Ү дыбысымен таныстық, енді дәптерімізге Ү дыбысын таңбалап жазайық.

Дәптерлеріне ү әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазады.

Қортындылау:

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?/Ү/

-Ү дыбысы қандай дыбыс/дауысты/

-Қандай ертегімен таныстыңдар?/Үйшік/

-Ертегі ұнады ма?

Белсенділік танытқан балаларды мадақтау,жұлдызша тарату, түлкінің тәттілерін таратып беру.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал