- Учителю
- План открытого урока : Happy birhtday to you
План открытого урока : Happy birhtday to you
«Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі»
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Ұлы Отан
соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,Ұлы
Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет
көрсету.Балалардың Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін
ояту.
1 - жүргізуші: (Г.Т)
Топ, сап түзе! Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы кіргізілсін!
Гимн РК
Құрметті қонақтар, балалар, әріптестер!
Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
Жеңістің жырын айтсын тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедектер жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай
боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды
шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол
мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі
қалдыру - баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне
оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен
еске аламыз.
Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1
минут тыныштықпен еске алайық.
Рахмет, отырыңыздар!
Қазақ халқы небір ауыр тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Сондай
тарихи кезеңнің бірі әлемді дүр сілкіндірген Екінші дүниежүзілік
соғысы еді. Бұл оқиға 1941 жылғы маусымның 22 - де болған еді.
2 - жүргізуші: (Алия)
Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды
Ән: «Сапқа тұр» (отырады)
1 - жүргізуші: (Г.Т)
Талай жанды қиды ажал балтасы.
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.
Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.
Ел қорғаған батырлардың арқасы.
Алинур:
Сұм соғыс қайтіп болмасын
Бәйшешектер солмасын
Еліміз бейбіт күн кешіп,
Бір Алла өзі қолдасын.
Бірлікпен күн кешіп,
Бейбітшілік орнасын.
Алуа:
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды
Ерсұлтан:
Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын -ер боламын
2 - жүргізуші: (Алия)
Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
(Көңілді музыка)
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан
сәті.
Кенет радиодан: Левитаннын дауысы шығады.
Каусар: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді
қайттық? Күніміз не болар екен?»
Айым: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер
азаматтар бар емес пе?»
Арсен:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер - деген бар емес пе,
жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» (отырады)
1 - жүргізуші: (Г.Т)
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Видеофильм: «Ерлердің ерлігі ұмытылмайды»
Дильназ:
Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.
Диас:
Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын
2-жүргізуші: (Алия)
Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Ән: «Катюша» (отырады)
1 -үргузіші: (Г.Т)
Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк пен Әлия ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірлерін отан үшін қиды.
Видеофильм: «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Іңкар:
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.
Ильнара:
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз
Дамир:
Қайтпаған жауыннан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды.
Өмірінен үлгі алады.
Көрініс: «Отан үшін отқа түс».
(ақырын музыка шығып тұрады)
(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).
Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)
Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!
Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.
Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!
Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.
Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.
Левитаннын дауысы: Жеңіс туралы хабарлама
Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолына қару алып, соғысқа аттанған ата - апаларымыз жақсы біледі.
2-жүргізуші :
Балалар, ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін .
1- жүргізуші:
Ия, біз аға-апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай,
орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды
бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру-
сіздердің және біздердің парызымыз!
Бейбіт болып әрбір күніміз,
Береке тола берсін жылымыз.
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп,
Көк аспанмен түстес біздің туымыз - деп құрметті ата-аналар, балалар осымен мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз!
Топ, сап түзе! Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында.
-500 жуық қазақстандық «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды.
-Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигельдинов-аты аңызға айналған ұшқыш - барлаушы.
-Қазақстандық батыр ұшқыштар- Леонид Беда, Сергей Луганский, Иван Павлов.
-«Кеңес Одағының Батыры» атағын алған қазақстандықтар:
-Сұлтан Байғамбетов - пулемет амбразурасын кеудесімен жапты.
-Мәлік Ғабдуллин - батыр-панфиловшы.
-Төлеген Тоқтаров- батыр - панфиловшы, ішінен ауыр жараланған ол жау шабуылын жалғыз тойтарды.
-Қасым Қайсенов - батыр-панфилвшы.
-Маншук Маметова - пулеметші, 5 сағат бойы оқ жаудырып қаруластарын қорғады.
-Алия Модагулова - мерген, жаудың 78 әскерінің көзін жойды.
-Рақымжан Қошқарбаев - Жауынгерлік Қызыл Туды Рейхстагқа бірінші болып тікті.