7


  • Учителю
  • Мектепке дейінгі балаларға арналған «Табақтағы жемістер»

Мектепке дейінгі балаларға арналған «Табақтағы жемістер»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Қарашоқат бекеті «Бәйшешек» балабақшасы Айгөлек аралас тобының тәрбиешісі Ниязова Гүлнара Маратқызы

Күні: 16.10.2012

Тақырыбы: «Табақтағы жемістер»

Білім беру саласы,Таным, денсаулық,шығармашылық.

Мақсаты:Балалардың зейінін, тілін дамыту. Қимыл қозғалыс,бағыт - бағдар іс-әрекетін қалыптастыру. Берілген тапсырманы қызыға орындауға тәрбиелеу, балаларға қуаныш сыйлау.

Көрнекілік: Жеміс ағаштары суреттері,аңдар суреті,себет,көкөніс пен жемістер, қасқыр, қоян,түлкі, аю, сиыр, қой, ит,мысық суреті , желім.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келген екен амандасайық.

Балалар:

Сәлеметсіздер ме!

Армысың, алтын күн!

Армысың ,Жер-Ана!

Армысыздар,қонақтар!

Армысыңдар, достарым.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз баққа барып күзде пісетін жеміс-жидектермен танысатын боламыз. Келіңдер шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын,мен де

Қуанасың, сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Тәрбиеші: Рахмет балалар орындарымызға жайғасайық.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз табақтағы жемістер деген тақырыпта әңгімелесеміз. Балалар жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдасы көп. Жеміс-жидектерде А,С,В,Д,Е, дәрумендер бар. Жемес бұрын жақсылап жуып жеуіміз керек.

Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: Төрт мезгіл бар. Қыс ,көктем, жаз, күз.

Тәрбиеші: Жеміс жидектер қай мезгілде піседі ?

Балалар: Күз мезгілінде піседі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс жауап бердіңдер.

Тәрбиеші: Балалар бері қарай келіңдер.

Балалар мына тұрған жеміс суреттерін қайсысы қай ағашта өсетінін біліп жапсырамыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар дұрыс жапсырды.

Тәрбиеші: Балалар енді мына аңдардың қайсысы сәбіз жеиді?

Балалар: Қоян сәбіз жеиді.Қоянның қасына сәбіз жапсырады.

Тәрбиеші: Сергіту сәтін жасаймыз.

Секіреиік, секіреиік

Ұзын құлақ қоянша

Шаршағанды кетірейік

Болар сонда тамаша.

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, мына жерде жабайы аңдар мен үй жануарлары бірге жүр екен, ал соларды өз орындарына жеткізіп салу керекпіз. Үй жануарлары қайда тұрады?

Балалар: Үйде тұрады.

Тәрбиеші: Үй жануарларын атап көрсетіңдерші.

Балалар: Сиыр,қой,ит,мысық.

Тәрбиеші: Олар қалай дыбыстайды?

Балалар: мө-ө,мә-ә,ав-ав,мяу-мяу.

Тәрбиеші: Жабыйы аңдар қайда тұрады?

Балалар: орманда тұрады.

Тәрбиеші:Жабайы аңдарды атап көрсетіңдерші.

Балалар: Қимыл-қозғалыстарын салады.

Тәрбиеші:Ал енді үй жануарларын өз орнына , жабайы аңдарды өз орнына апарып қояйық. Өте жақсы тапқыр балалар екенсіңдер.

Балалар: Дайындалған қора мен ормандарға орналастырады.

Тәрбиеші:Онда біз көкөністі көк себетке, жемісті қызыл себетке орналастырайық.(Балалар бірінің соңынан бірі секіріп өтеді)

Тәрбиеші: Мына көкөністі атаңдаршы.

Балалар: сәбіз

Тәрбиеші: Біз сәбізді қандай түсті себетке жинадық?

Балалар: Көк түсті.

Тәрбиеші:Алманы қандай түсті себетке жинадық? Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Балалар бүгін біз қайда бардық?

Балалар: «Баққа» бардық.

Тәрбиеші:Біз бүгін көп жерлерге бардық, көп заттарды көрдік,көп ойын ойнадық, тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап шықтыңдар. Ал енді бақтан жинаған жеміс жидектерден дәм татайық.

Тәрбиеші: Жер -Анаға не айтамыз?

Балалар: Рахмет

Тәрбиеші: Ал, енді қонақтарымызбен қоштасып, тобымызғы барып ойыншықтармен ойнайық.

Балалар: Сау болыңыздар.















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал