7


  • Учителю
  • Таным саласы бойынша Көңілді қыс оқу іс әрекеті

Таным саласы бойынша Көңілді қыс оқу іс әрекеті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №7

Тобы:«Балапан» I-кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы: "Таным"

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Мақсаты:

а)Жылы киініп,шанамен сырғанап, аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.

ә)Тақырыпқа сәйкес жұмбақ шшешкізіп,балалардың зейінін дамыту.

б)Достыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен қыс мезгілі туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: қыс мезгілінің бірнеше суреті,үлестірмелі материал.

Билингвалдық компоненті: қыс -зима,қар-снег,ақ-белый, ұлпа-пушистый.Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жақсы тілектерін тілейді.

Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

Ол не?(Қар)

Шеңбер бойына тұрып,бір-біріне тілектерін білдіреді.



Балалар жұмбақтың жауабын айтуға тырысады.

Іздену- ұйымдастырушы

1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар,барлығымыз терезеден далаға қарайықшы.Қазір жылдың қай мезгілі?

-Оны қайдан білдік?

-Қыс айлары: желтоқсан,қаңтар, ақпан.

-Әрине,алма,олай болса алмамен жақынырақ танысайық.

2.Суретпен жұмыс.

-Қыс мезгілі. Даланы аппақ қар басты. Балалар балабақша ауласына серуенге шықты,Айдидар мен Айболат аққала тұрғызды.Айзере мен Жансая шанамен сырғанады, қалған балалар қармен ойнап жүр, бәрі де көңілді. Қыс мезгілінде ауа райы суық болады. Қыста адамдар қалай киінеді?

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

«Қар жинау»ойыны.

Шарты: екі топқа бөлініп,мақтадан жасалған қарды жинап,себетке салудан жарысу.

Билингвалдық компоненті: қыс -зима,қар-снег,ақ-белый, ұлпа-пушистый.



Балалар терезеге қарайды.

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтады.

-Дала аппақ қар.Күн суық.

Балалар суретке назар аударады.Тәрбиешінің артынан қайталап айтады.

-Балалар қармен ойнады.

-Күн суық.Адамдар жылы киініп алған,айнала аппақ қар.Балалар тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.





Балалар ойынды қызыға ойнайды.





Қайталайды: қыс -зима,қар-снег,ақ-белый, ұлпа-пушистый.

Рефлексивті коррекциалаушы

Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетінде оқып үйренгенін пысықтау.

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білді: қыс мезгілінің, жылдың басқа мезгілдерінен ерекшелігін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: жұмбақ шешіп,тақпақ айтуды,суретке қарап,сөйлем құрай білу дағдыларын игереді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қыс мезгілінің ерекшеліктерін және қысқы ойын түрлерін туралы білімді меңгереді.







</<br>







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал