7


  • Учителю
  • «Айналайын» бөбекжайы Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: «Балапан» І кіші тобының

«Айналайын» бөбекжайы Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: «Балапан» І кіші тобының

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Айналайын» бөбекжайы











Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті





Тақырыбы:



«Айналайын» бөбекжайы Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: «Балапан» І кіші тобының



«Айналайын» бөбекжайы Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: «Балапан» І кіші тобының«Айналайын» бөбекжайы Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: «Балапан» І кіші тобының







«Балапан» І кіші тобының

тәрбиешісі: Байдосова Г.Ж.











Приозёрск - 2016ж.

«Балапан » тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 08.04.2016 ж

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Сенсорика. Тақырыбы: «Ұшатын көбелектер».

Мақсаты:

Білімділік: Спектрдің барлық түстеріне (қызыл, көк, сары, жасыл,) қарай педагогтің белгісінен кейін қимылдауға үйрету. Заттардың түстері жайлы білімдерін, заттарды түстері бойынша іріктеу ептілігін бекіту.

Дамытушылық: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Түрлі түсті қағаздан орындалған: 7 гүл, 7 көбелек. Гүлдер түсі көбелектің түсіне сәйкес келуі керек: гүлдердің диаметрі -20 см, көбелектер - 10х15 см.

Сөздік жұмыс: көбелек.

Билингвальды компонент: көбелек-бабочка, қанаттар-крылья.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

-Балалар, қол ұстасып, бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.

Бірге: -Армысың алтын күн!

-Армысың көк аспан,

-Армысыздар қонақтар.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

















Ұйымдастыру

шылық-

ізденістік

-Балалар, бізге бүгін қонақтар келді.

Амандасу.

Таңғажайып сәт.

Балалар, бүгін бізге қонаққа көбелек келіпті, қараңдаршы қанаттары алуан-алуан, өзі сондай әдемі. Көбелек-әсем түсті екі қанаты бар, ұшатын жәндік. Көбелектердің түрлері өте көп.

Билингвальды компонент:

Көбелек қолына қорапша ұстап кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Заңғар:

Көбелек - ау көбелек,

Әдемісің керемет.

Гүлге келіп қона ғой,

Өзіңде гүл бола ғой.

-Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа көбелек ұшып келіпті, оның қолында бір қорапша бар.

-Оның ішінде не бар?(Көбелектерді таратады).

Педагог әр баладан қандай көбелекті таңдап алғандарын сұрайды.

Егер балалар түсті атаудан қиналса, педагог өзі көмектеседі.

-Балалар әр көбелектің қанаттарының түсіндей өзінің гүлдері бар.

-Қарандаршы, балалар біздің топта әдемі, түрлі - түсті гүлдер бар екен.

-Көбелектерге өз гүлдерін табуға көмектесіңдерші?



Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық,

Көбелек болып ұшайық,

Ұшып,ұшып алайық,

Әдемі гүлге қонайық.

Дидактикалық ойын: «Көбелекті құрастыр»

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Көбелектердің түстері қандай?

Педагог балаларға көбелектерді қалай құрастыру керектігін көрсетеді.

-Қандай керемет көбелектер жасалды!

-Жарайсыңдар, балалар, көбелектердің саны көбейді.

Балалар тәрбиешілермен амандасады.



Балалар өздеріне көбелектерді таңдайды.



Көбелек-бабочка, қанаттар-крылья.

«Көбелек» сөзін қайталайды.



Балалар көбелек амандасады.

Балалар педагогтың айтқанын мұқият тыңдайды.



Жауап береді: қызыл, сары, көк,

жасыл





Балалар көбелектерге өз гүлдерін табуға көмектеседі.

















Көбелектердің түсін ажыратады:





-Мынау-қызыл.

-Мынау-сары.

-Мынау-көк

-Мынау-жасыл



Балалар алдарындағы көбелектердің бөліктерінен құрастырады.





Рефлексиялық-түзетушілік

«Күн және жаңбыр» қимылды ойыны.

Педагогтің «Күн!» деген белгісінен кейін көбелектер ұшады, ал «Жаңбыр!» деген белгіде көбелектер өз гүлдеріне қарай ұшады.

Балалар педагогтің белгісінен кейін көбелектер болып ұшады және өз гүлдеріне қонады.

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: заттарды түстеріне сәйкес орналастыруды;

Қандай түсініктерді игереді: педагогтің қолындағы затпен белгі берілгенде әрекет жасау дағдысын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: спектрдің барлық түстерін.



Тексерілді: Досаева.А.А.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал