7


Утренник Ана - өмірдің шуағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Айналайын» бөбекжайы





















Утренник Ана - өмірдің шуағы





Тәрбиешілер: Алинбаева Р.Т.

Хизирова Д.М.

















Приозерск - 2016





8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік



ІІ сәбилер тобы



Залға балалар гүл ұстап көңілді әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Бүгін қандай мереке?

Бүгін кімдердің мерекесі?

Балалар:8-наурыз-аналар, қыздар, әжелер мерекесі.

Жүргізуші: Иә, балалар бүгін аналардың, әжелердің, қыздарымыздың мерекесі. Ал ендеше құрметті қонақтар, ардақты әжелер, асыл аналар, қызғалдақ қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Балалармен бірге: Құттықтаймыз!!!

Жүргізуші: "Жұлдыз" тобының кішкентай бүлдіршіндерінің ыстық ықыласын, құттықтауын қабыл алыңыздар.

(Балалар қонақтарға гүл береді)

Ал, ендігі кезекте асыл аналарымызға арнаған құттықтауларын қабыл алыңыздар.

Сыйлайыншы гүлімді,

Теріп алған даладан.

Мейрамыңмен құттықтап,

Ән айтамын мен саған



Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан

Қуанышқа шаттыққа,

Бөлене бер,Анажан!



Анам менің ардақтаған,

Еркелетіп мақтаған,



Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы.



Ана деген асыл жан,

Ардақтап сізді өтеміз.



Сізге бүгін сый құрмет,

Жан анашым мерейім,



Қаласаңыз би билеп,

Әнде шырқап берейін.



Тәрбиеші: Ендігі кезекте балалардың аналарына арнаған әнін тамашалаңыздар!

Ән: «Анам»

Аналарға арнап гүл құрастыру ойынын ойнайық.

Ойын: «Гүл құрастыру

Би: «Аспаздар»

Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар, сендер аналарыңның, әжелеріңнің мерекесіне жақсы дайындалыпсыңдар. Біз аналарымызды, әжелерімізді өте жақсы көреміз бе?

Иә, біз әжелерімізді өте жақсы көреміз. Біздің балалардың дайындаған сахналық көрінісін тамашалаңыздар.

-Дүниеде не қымбат?

-Ана!

-Дүниеде ең жұмсақ не?

-Ананың алақаны.

-Дүниеде не тәтті?

-Ананың сүті.

Сахналық көрініс:

«Әжесі немерелерімен»

Әжесі іс тігіп отырады. Немерелері жанында ойнап жүреді. Әжесі немерелерін еркелетіп:

-Жүрегім менің кім?

-Немерелері: Мен әже!

-Тірегім менің кім?

-Немерелері: Мен әже!

-Жаным менің кім?

-Немерелері: Мен әже!

-Ботақандарым, балапандарым!

Не деген тәтті баласың өзің?

Ой, қарғам менің!

-Жоқ, әже, мен қарға емеспін,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға қарқ- қарқ етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасында боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

Тірегің жүрегің мен болам! Әже!

Әжесі: Менің немерелерімнің қандай сыйы бар екен.

Тәрбиеші: Иә, әже немерелеріңіздің сізге арнаған биі бар қабыл алыңыз.

Би: « Көбелектер»

Әже: Көп рахмет немерелерім өнерлерің үстем болсын!Ой, жүрегім, ботақандарым менің! Жүр ендеше немерелерімен дүкенге барайын тәтті кәмпит алып берейін.( Дүкенге барып кәмпит, шарлар алып береді )

Тәрбиеші: Әжелерімізге арнаған тақпақтарын арнайды.

Ана деген асыл жан,

Ардақтап сізді өтеміз.



Мамамыздың анасы,

Ақ жаулықты ақ әжем.



Мені жақсы көретін ,

Сені жақсы көремін



Айналайын дана әжем!

Менің әжем мейірбан,



Мені жақсы көреді.

Қажетіңе жарасам,

Жас балаша күледі.

Әжемізге арнап әжетайым әнін орындаймыз.

Ән: «Әжетайым»

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар! Қандай жылдам біздің балалар.

Бүгінгі мерекеміз тобымыздың кішкентай аруларыныңда мерекесі. Соған орай топ жігіттерінің қыздарымызға арнаған сыйлықтары бар екен. Соны тапсыруды рұқсат етіңіздер.

Сыйлықтарды табыс етеді.

Құттықтау сөздер айтылады.



Бала: Мейірімді сымбатты,

Қадірменді қымбатты,

Ең жақын жан балаға,

Кім десеңдер ол-АНА.



Әжелерді ардақтап,

Қуантатын келді күн,

Мейрамымен құттықтап,

Ән салайық біз бүгін.



Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз,

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз.



Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін біліңіз,

Ана жанын түсініп,

Ойнаңызда күліңіз.

</ Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Тәрбиеші: Аналардың анасы әжелерге арнаған немерелеріңіздің сыйын қабыл алыңыздар.

Әжем менің ақ әжем,

Аппақ әжем, пәк әжем,

Басқалардай емессіз,

Сүйкімдісіз ақ әжем.



Әже маған базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін дәмдісін,

Маған таңдап әперді.



Еркелетсе «Күнім» дейді,

Ұрысқаны білінбейді,

Маңдайымнан иіскеп мені,

«Құлыншағым», «Күнім» дейді































































Наурыз құтты болсын!

Балалар «Наурыз» көңілді әнімен залға кіреді.

(жарты шеңбер болып тұрады)





Жүргізуші: Қымбатты балалар, құрметті қонақтар! Бүгін біз сіздермен бірге тамаша мереке - Наурыз мейрамын тойлап жатырмыз. Бұл мереке тыныштықтың, көктемнің, тазалықтың мейірімділік пен жақсылықтың хабаршысы болып қала береді. 22-наурыз мерекесі осы кезде күн мен түн теңеліп табиғат ұйқысынан оянады. Бұл күнді ата - бабамыз - Ұлыстың ұлы күні деп атаған.

( Әрбір бала төрт шумақ өлең оқиды)

Баяу самал еседі,

Сиқырлы қобыз секілді,

Үлкендер де жастар да ,

Наурызға асығып кетеді.



Келіңіздер, келіңіздер!

Бәйге мен айтыс болады,

Осы мейрамда көрсетіңдер,

Бойдағы бар өнерді.



Сіздерді ерекше бір той күтуде,

Наурыздық, шұбат, қымыз бар.

Бауырсақпен балдай шайда бар,

Келіңдер бірің қалмаңдар!



Әртүрлі гүлдер де жетерлік,

Міне бәйшешек, міне нәркес.

Қош келдің сүйікті мерекеміз.

Барлығы: « Армысың әз Наурыз!»



Ән: «Әз Наурыз »



(Балалар орындыққа отырады. Баяу әнмен Наурыз кіреді.)

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Мейірімді адам! Сіз кімсіз және неге көңілсізсіз?

Наурыз: Мен әз Наурыз боламын,

Жыл сайын мені бәрі күтеді

Мен көп күттірген аймын,

Қарды мен шаршамастан жаншимын,

Себебі, Көктемді алып келуім керек!

Жүргізуші: Енді ол қайда?

Наурыз: Оны жауыз хан алып кетті де, сиқырлап тастады. Ал Көктемсіз, менің Көктемімсіз, өмір сүре алмаймын.

Жүргізуші: Балалар, не істесек екен? Наурызға көмектесу керек және Көктемді құтқару керек.

Наурыз: Бірақ, оны сендер қалай, не істемексіңдер?

Жүргізуші: Біз қатты әндетіп көңілді ойнап би билейміз, сонда Ханның мейірімділігі оянап, сиқырдың күші жойылады! Ал сен Наурыз; бізге көмектесесің ?

Ән: « Гүлдер-ай » («Ботақан» тобының балалары )



Наурыз: Әрине! Ой, естисіңдер ме, хан келе жатқан сияқты!

(Музыканың сүйемелдеуімен Хан кіреді.)

Хан: Міне, мен де келдім!

Жүргізуші: Көктемді ұрлап, сиқырлаған сен екенсің ғой?

Хан: Әрине! Мен ол үшін құн талап етемін. Маған төлеңіздер!

Жүргізуші: Бірақ біздің ақшамыз жоқ, бұл балабақша емес пе?

Хан: Ал, ендеше, менің тапсырмаларымды орындаңдар, ал олар өте қиын. Келісесіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине, тапсырмаларыңызды орындауға дайынбыз!

Хан: Ха-ха-ха! Өздері орындай алатындай сенімді ғой!

Жүргізуші: Біздің балалар сіздің барлық тапсырмаларыңды орындайды.

Хан: Ал ендеше тыңдаңдар! Бірінші тапсырмам: Отандарыңды қорғай алатын батырларың бар ма? Сендерден! Оларды көргім келіп тұр, тыңдағым келіп тұр!

Отан туралы тақпақтар: (3 балаға )

Міне біздің Отанымыз!

Отан деген не өзі?

Оның толық түс кейпін,

Ханым білгін келе ме?



Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені онда мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.



Отанды жас кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз



Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап.

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген атамакен!

Отан деген Туған жер!



Хан: Отанды қорғай алатын батырларың бар ма? Маған батыр керек.

Жүргізуші: Әміріңізге құлдық! Біздің батырлар шығады.

Би: «Батырлар биі»

Хан: Жарайсыңдар! Батырларым! Отан туралы жақсы біліп қалыпсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Ол не?

Бұл үйдің бұрышы жоқ,

Ол дөп-дөңгелек,

Және де осындай баспананы

Сен кең даладан табаласың.



Жүргізуші: Біздің балалар оның не екенін тауып береді. Шешімін тыңда. Ол не балалар?

Балалар: Киіз үй!

Хан: Енді киіз үйдің шаңырағын кім көтереді?

Жүргізуші: Біздің топта мықты ұлдарымыз бар яғни, жігіттеріміз бар. Киіз үйдің шаңырағын жоғары көтереді. Балалар қазір біз көңілді ойын ойнаймыз. Ханның бір көңілі көтеріліп қалсын.

Ойын: «Киіз үй»

Хан: Жарайсыңдар, балалар! Мен тағы жұмбақ білемін. Ал енді шешіп көріңдер.

Мынау не? Менің аспабым сынып қалды. Ол қандай аспап? Соны жөндеп беріңдер - деп бұйырады.

(Үстелде қоржынның ішінде домбыраның сынған сынықтары шашылып жатады балалар соны ойын арқылы магниттік тақтаға құрастырады. Балаларды 2-сәбилер тобынан алу әдемі күй әуенімен ойын ойналады.

Ойын: «Домбыра құрастыру »

Балалар: Бұл қазақ халық аспабы-домбыра. Ол ағаштан ойып жасалған, оның екі ішегі және тесігі бар, дыбыс сол жерден шығады.

Хан: Жарайды, өздерің шебер екенсіңдер! Мұныда біледі екенсіңдер. Наурыз мерекесіне қандай дайындықтарың бар? Бұл тойда қандай тағам даярланады?

Балалар: Наурыз көже

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Наурыз 7 компоненттен тұрады. Оларды атап өтейік.

Балалар: Ет, сүт, айран, құрт, бидай, тұз, су.

Жүргізуші: Дәстүр бойынша Наурыз көжені өзіміз дайындаймыз.

Ойын: «Наурыз көже» ойыны өткізіледі. Тұлпар тобының балалары.

Жүргізуші: Ендігі ойнайтын ойынымыз. Мол болсын дастархан деп аталады. Келесі кезекті сәбилерге берейік.

Ойын: «Мол болсын дастархан»

Жүргізуші: Ботақан тобының балалары сіздерге өз әндерін шырқап береді.

Ән: «Мол болсын дастархан!»

(Көңілді музыканың әуенімен Алдар көсе кіреді.)

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын.

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Мендей адам жұртта жоқ! Аха-хой, Охо-хой, а-а-а-ай!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіңдер ме, достар!

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

Қош келдіңіздер батыр жігіттер мен кербез сұлулар! Сенде қош келдің Хан, міне тағы кездестік Ал сіз мені таныдыңыз ба?

Балалар: Иә.

Алдар көсе: Ал сендер мені қайдан танисыңдар!

Балалар: Қазақ халық ертегісінен.

Алдар көсе: Қымбатты Хан! Көктемді сиқырлап тастаған сіз емессіз бе?

Неге оны мерекеге жібермей жатырсыз?

Хан: Иә, Мен! Мен құдіретті де ең күшті Ханмын!

Алдар көсе: Ал енді балалар, кімнің күшті екенін тексерейік?



Ойын: «Арқан тартыс»



Хан: Ал жарайсыңдар! Мықты екенсіңдер! Ойбай, Көктемдеріңді алыңдар! Оны мен сиқырлап тастаған екенмін сиқырлы сөзімді ұмытып қалдым енді не істедім?

Алдар көсе: Мен білемін бізге әдемі Гүлдер биі көмектеседі.



Би: « Гүлдер » ( Сол кезде құлпырып көктем кіреді)



Жүргізуші: Балалар! Көктемді қарсы алайық!

Хан: Балалар, сендерге керемет мереке үшін көп рахмет! Менде кетейін ауылымды наурыз тойына шақырайын. (Хан кетеді )

Наурыз: Мен сіздерде қонақта болдым. Маған өте ұнады Көктемді құтқаруға көмектескендеріңіз үшін көп рахмет! Мерекені қазақтың дәстүрімен Наурыз көже ішейік.

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал