- Учителю
- Дене тәрбиесі сабағы Кім жылдам?
Дене тәрбиесі сабағы Кім жылдам?
Сабақтын тақырыбы: «Кім жылдам?» спорттық жарыс.
Сабақтын мақсаты: 1. Балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.
2. Балаларды ептілікке, жылдамдыққа,
шапшандылыққа тәрбиелеу.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы
ұсақ бұлшық еттерін дамыту.
Көрнекілігі: Қабырға газеттері, доптар, түрлі-түсті доптар, қол шатыр. Өтілетін орын: Спорт зал.
Қатысушылар: «Бүркіт» және «Сұнқар» топтары.
Сабақ түрі: Жарыс.
Сабақ әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойнату.
Жылулық шеңбері: Біз бақытты баламыз
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз.
-
Балалардан жыл мезгілін сұрап толық жауап алу.
-
Бүгін бізде дене тәрбиесі сабағы.
-
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кім жылдам?»
Дайындық бөлімі дамыту жаттығулары:
-
Сапқа тұру,сап түзеу.
-
Басты оңға және солға айналдыру.
-
Екі қолды иыққа қойып алдыға, артқа айналдыру.
-
Екі қолды алдыға, жоғары, екі жаққа, төмен түсіру.
-
Екі қолды белге қойып, оңға, солға иілу.
-
Екі қолды белге қойып, отырып тұру.
-
Бір орында тұрып секіру, шеңбер бойымен жүру.
Жарыс: «Кім жылдам?»
Мақсаты: Сабақ тақырыбының тапсырмаларын орындай білуді қалыптастыру.
Жарысымызды бастамас бұрын жарысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
-
«Айгөлек» балабақшасының менгерушісі: Сарсекова Ш.Қ.
-
«Айгөлек» балабақшасының әдіскері: Керимбекова С.А.
3 . «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі:
Жарысты бастамас бұрын қезендермен таныстырып өтейін.
1 - кезен Допты сақинаға салу.
2 - кезен Доппен секіру.
3 - кезен Кенгуру.
Олай болса жарысқа дайын тұрған екі топпен таныстырайын:
«Бүркіт» тобы ортаға шығады
Топтың ұраны: Бәріміз бәріміз үшін.
Бәріміз біріміз үшін.
«Сұнқар» тобы ортаға шығады
Топтың ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
1 - кезен: Допты сақинаға салу. Жүгіріп барып допты сақинадан өткізіп
жүгіріп келіп, келесі балаға допты беру.
2 - кезен: Доппен секіру. Эстафеталық ойын тұрған кедергіден секіріп
келіп келесі балаға допты беру.
3 - кезен: Кенгуру. Шашылып жатқан доптарды етегіне жинап себетке
салу.
Қ/ойын: «Күн мен жаңбыр»
О/шарты: «Күн» деген сөзді айтқанда балалар жүгіреді, секіреді, қимыл-қозғалыстарды орындайды. «Жаңбыр» деген сөзге қол шатырдың астына жасырынады.
Жәй/ойын: «Ұшты - ұшты»
О/шарты: Ұшатын нәрселерге қолдарын көтереді, ұшпайтын нәрселерге қолдарын көтермейді.
Мысалы: Ұшты - ұшты,
Торғай ұшты
Ұшты - ұшты
Қарға ұшты.
Қорытынды: Балаларды қатарға тұрғызып, жай жүріспен еркін дем
алып терең дем алдыру.
Балаларды мадақтап, марапаттап сабақты аяқтау.