7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақырыбы Менің отбасым (даярлық топ)

Сабақ жоспары. Тақырыбы Менің отбасым (даярлық топ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

0 «в» сыныбының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным

Бағдарлама тараулары: Өзін- өзі тану.

Тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты: Отбасы құндылықтарының мағынасын түсіндіру.

Отбасындағы қарым- қатынас, тату- тәттілік, сыйластық, құрмет туралы түсінік беру. Адами қасиеттерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрибелеу.

Құрал-жабдықтар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар,суреттер, үнтаспа,журекше.Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

I. Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші балаларамен бірге Ө. Тұрманжановтың төмендеі жолдарын қайталап, бір- біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.





Шаттық шебер жасайды.



Балалар қайталап күлімдеген әдемі күлкілерін көрсетеді.

Іздену ұйымдастырушылық

II. Шығармашылық жұмыс.

Әңгімелесу.

  • Балалар! Қалай ойлайсыңдар «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?

Балалардың жауаптары тыңдалады..

  • Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы-ата,апа, әке- шеше, іні- қарындас ,апайы бар,тату- тәтті жанұяны, денсаулығы мықты балалар бақытты бала деп айта аламыз.

III. Әңгімелеу.

Тәрбиеші балаларға Н, Айтовтың «Бір шаңырақ астында» өлеңін оқып беріп, сұрақтар қояды.

Бір шаңырақ астында,

Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Ортақ болып ісіміз,

Еңбек десе тыңбаймыз.

Үлкен сыйлап кішіміз,

Аға ақылын тыңдаймыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата -бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз!

- Ойланайық, тату отбасы деген не?

  • Қалай түсінесіңдер?

  • Бақытты болу үшін не істеу керек?

IV. Дәйексөз.

Тәрбиеші балаларға М.Мақатаевтың «Бақыт деген - сенің бала кездерің»,- деген өлең жолдарын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

  • Бақыт сенің балалық шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның.

V. Өзіммен- өзім.

Балалар жайғасып отырады. Үнтаспадан жайлы әуен ойналады.

  • Қане, бәріміз өзіміздің ең бақытты, ең қуанышты сәттерімізді елестетіп көрейікші. Бәріміздің көңілдеріміз шаттыққа толы, көтеріңкі.

VI. Дәптермен жұмыс.

-«Мен отбасымен біргемін,.» деген сөйлемді толықтырып, гүл күлтелерін бояу.

Сергіту сәті.

Орынымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңғабір.

Біз бақыттыбаламыз,

VII. Ғажайып сөздер.

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.







Балалар жауаптары өз отбасы бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп атаймыз.























Балалар өлеңді қайталап айтады , түсінеді, жауаптары тыңдалады.



























Балалар қайталайды. Жаттау.























Дәптермен жұмыс жасайды.









Өлең мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыстар жасалады.





Отбасы- қуаныш,татулық,қомқорлық,сыйластық, сүйіспеншілік.

Рефлексифті



түзетуші

Қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта отбасы дегеніміз- әке-шеше, ата -апа,берекесі,үлкен- кішінің сый- құрметі ,қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы екенін білдік.

VIII. Жүректен жүрекке.

Тәрбиеші балалармен бірге Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» әнін хормен айтады.





















Ән айтады.



























































































Даярлық тобының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бағдарлама тараулары: Өзін- өзі тану.

Тақырыбы: Мен ерекше баламын.

Мақсаты: «Бақыт», «Қуаныш», «Сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.

Міндеті: «Бақыт», «Қуаныш», «Сүйіспеншілік» туралы түсінік беру. Адами қасиеттерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрибелеу.

Құрал-жабдықтар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

I Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші балаларамен бірге Ө. Тұрманжановтың төмендеі жолдарын қайталап, бір- біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.





Шаттық шебер жасайды.



Балалар қайталап күлімдеген әдемі күлкілерін көрсетеді.

Іздену ұйымдастырушылық

II. Шығармашылық жұмыс.

Әңгімелесу.

  • Балалар! Қалай ойлайсыңдар»бақытты бала» деп кімді айта аламыз?



Балалардың ауаптары тыңдалып тәрбиеші қорытындылайды.

  • Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты балалар бақытты бала деп айта аламыз.



III. Әңгімелеу.

Тәрбиеші балаларға Н. Қадырбаевтың «Бақыт деген не?» әңгімесін оқып беріп, сұрақтар қояды.

  • Бақыттың атасы немересіне «бақыт» дегенді қалай түсіндіреді?

  • Ойланайық, бақыт деген не?

  • Қалай түсінесіңдер?

  • Бақытты болу үшін не істеу керек?

IV. Дәйексөз.

Тәрбиешібалаларға М.Мақатаевтың «Бақыт деген - сенің бала кездерің»,- деген өлең жолдарын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

  • Бақыт сенің балалық шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның.

Жаттау. Бақыт деген не?

Айтшы, білсең егер де,

Папа, бақыт деген не?

Бақыт деген, шырағым,

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күнің күліп тұрғаны.

Бақыт- дәні далаңның,

Алақаны анаңның.

V. Өзіммен- өзім.

Балалар жайғасы отырады. Үнтаспадан жайлы әуен ойналады.

  • Қане, бәріміз өзіміздің ең бақытты, ең қуанышты сәттерімізді елестетіп көрейікші. Бәріміздің көңілдеріміз шаттыққа толы, көтеріңкі.

VI. Дәптермен жұмыс.

-«Мен бақытты баламын, өйткені.....» деген сөйлемді толықтырып, гүл күлтелеріне үлкендермен бірге жазыңдар. Суретті бояңдар.

Сергіту сәті.

Орынымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңғабір.

Біз бақыттыбаламыз,

Гүл- гүл жайнап анамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

VII. Ғажайып сөздер.

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.







Балалар жауаптары өз отбасы бар, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп атаймыз.























Балалардың жауаптары тыңдалады.



























Балалар қайталайды. Жаттау.





























Дәптермен жұмыс жасайды.

















Өлең мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыстар жасалады.





  • Бақыт- қуаныш.

  • Бақыт- сүйіспеншілік.

Рефлексифті



түзетуші

Қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта біз бақыт дегеніміз- ой- арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы екенін білдік.



VIII. Жүректен жүрекке.

Тәрбиеші балалармен бірге Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» әнін хормен айтады.





















Ән айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Бақыт- қуаныш, бақыт- сүйіспеншілік сөздерді айта білуі керек.

Істей білу керек: Бақыт дегеннің не екенін білуі тиіс.

Тексерілді:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал