- Учителю
- 1 мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілік Ұлт бірлігі-ұлы байлық
1 мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілік Ұлт бірлігі-ұлы байлық
Ұлт бірлігі - ұлы байлық
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қолдарында шарлары, жалаушалары бар әсем киінген балалар мерекелік әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1-Мамыр - Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты
болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі
күні мерекесі қарсаңында «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» атты ертеңгілік
өткізіп отырмыз. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен.
Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы
жағдай жасалған.
Жүргізуші: Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір сүреді. Осы достыққа арналған ән-жырларымызды бастайық.
Хор: « »
Жүргізуші: Енді балаларымыздың 1 мамырға арналған жыр шумақтарына кезек берейік.
Айзере: Бірінші май бүгін,
Мереке келді деп.
Көк аспан айдыны,
Ашылды мөлдіреп.
Асылжан: Май келді,май келді,
Бүгін мейрам алақай.
Көңілді әнді біз,
Шырқайық бәріміз.
Алихан: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Айбын: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Ән: «Көктем»
Алмас: Дайын қағаз, қаламым,
Бояу таңдап аламын,
Ақ көгершін, көк аспан,
Суретін мен саламын.
Бақдәулет: Май келді сән құрып,
Жасарып,жаңғырып.
Құлпырды, көктеп жер,
Мерейлі таң күліп.
Дильназ: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Жүргізуші: Ортаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз, мерекеге әкелген шашуларын тамашалайық.
Тақпақтар:
Жүргізуші: Ендігі кезекті жыр шумақтарына береміз
Әли: Көктем келді май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді.
Бексұлтан: Анамыздай елжіреп,
Көкте күліп күн тұрар.
Жалауымыз желбіреп,
Қызғалдақтай құлпырар.
Жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, грузин үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Сахнаға грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз.
Би: « Грузин » Билейтіндер: Топ ұлдары
Хор: «Бірінші мамыр»
Жүргізуші: : Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам - дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген- дей келе сіздердің алдарыңызда
бүлдіршіндер өзбек ұлтының өкілдері әкелген өнерін тарту етеді.
Би: «Өзбек биі» Билейтіндер: Топ қыздары.
Жүргізуші: Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін.
Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің
тақпақтарын тыңдайық.
Диас: Қуанышты май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.
Гүлханым: Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.
Шұғыла: Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным -Қазақстан.
Балауса: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Даниял: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Сәбинұр: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші: Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған
бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі
ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман
болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан
астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген игі
тілекпен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға
рахмет айтамыз.
Қош сау болыңыздар!
Бекітемін:
«Ер Төстік» балабақшасының
меңгерушісі Л.Е.Тулекова
« » « » 2014 жыл
1 мамыр халықтар достығы күніне арналған мерекелік ертеңгілік
Тобы: Ортаңғы «Күншуақ»
Тәрбиешілері: Нуржауова Э.
Сәрсенбаева С.
Ән-әуез жетекшісі: Искакова Ә.
"Татулық - достықтың киелі бесігі"
Балалар залға әуенмен кіреді, қолдарына шар ұстаған. Зал іші "Бірлік күніне" арнап безендірілген.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен әріптестер!
«Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош
келіпсіздер!
Хор: "Балдырғандар маршы".
Жүргізуші: Қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады,
Бөбектерім,айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-
Көктемде.
-
Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
-
8-наурыз, 22- наурыз, 1 сәуір.
-
Бүгін біз қандай мерекені өткізгелі тұрмыз?
-
1 мамыр бірлік күнін.
-
Біздің қаламызда қандай ұлттар тұрады?
-
Орыс, өзбек, түрік, шешен, кәріс т.б ұлт өкілдері бар.
-
Осы барлық халықтар бір-бірімен дос, бауыр, жолдас. 1- мамыр Қазақстан халықтары үшін «Бірлік күні» деп аталған. Барлық ұлт өкілдері осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Би билеп, ән салып, бір-біріне жақсы жылы сөздер айтып, жақсы тілек тілейді. Бүгін біз өз өнерлерімізді ортаға саламыз.
Хор: "Май жыры"
Жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Алғашқы сөз кезегін өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.
(Қазақша әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады.)
Би: "Қаражорға"
Тынар: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Дінислам: Достық - шырағымыз,
Достық - ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Мерей: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, грузин үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Сахнаға грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз.
Би: "Грузин"
Ақбөпе: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Азамат: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным - елім менің.
Іңкәр: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Хор: "Ағайынбыз бәріміз"
Жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Сахнаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз
(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. )
Би: "Орыс"
Көрініс: «Бірлік»
Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен.
Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп,
былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты
бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді.
Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Жүргізуші:
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа
халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді.
Оған халық куә, тарих куә!
- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді.
- Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Балалар: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық,
бірлік.
Айсель: Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным -Қазақстан.
Медет: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Алтынай: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Ақпейіл: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Хор: "Первое мая""
Жүргізуші: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің, - деп сахнаға өзбек
ағайындарымызды шақырамыз
(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады. )
Би: "Өзбек"
Жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден, - дей отырып, осымен 1 мамыр
Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік іс-
шарамыз аяқталды. Мереке құтты болсын ағайын!. Барша халыққа ортақ
мекен болып отырған Қазақстанымыз жасай берсін! Барлығымыз бірге
балалардың «Вальс» биін тамашалайық.
Бекітемін:
МКҚК "Ер Төстік" балабақшасының
меңгерушісі ___________ Л. Тулекова
"___" " ___________" 2014 ж
Ортаңғы "Балдырған" тобы
Тәрбиешілер: Айтбаева Ақниет
Егембаева Лиза
Ән - әуез жетекшісі: Искакова Әмина