7


  • Учителю
  • Балабақшадағы 3 жасар баланың дағдарысы

Балабақшадағы 3 жасар баланың дағдарысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

АБалабақшадағы 3 жасар баланың дағдарысы</та - аналармен жұмыс

Ата - аналар үшін кеңес

«3 жас дағдарысы»





3 жаста ата-аналар баласынан ерекше өзгерістер байқайды, ол қырсық, ерке, тентек болады. Ол кейбір ата - аналарда қобалжу, тітіркену, реніш, ашулану, не істерін білмеу сияқты әрекеттедің пайда болуына әкеліп соғады. Көпшілік ата - аналар бұл кезеңде бала үшін ең маңызды психикалық процесс өз «Менін» тану әрекеті өтетінін біле бермейді. Бұл кезеңде бала өзбетті анасынан алшақтап, өзбетті әрекет жасауға тырысу және туындаған қиындықтарды өзі шешу сияқты әрекеттерге барады. Баланың ата - анасынан психологиялық ажырауы болмаса, балаға бұл өмірде өзін табуға қиын болады.

Даму дағдарысы - бұл бала дамуының мейлінше қысқа кезеңі (2 жасқа дейін бірнеше ай), жаңа өмір баспалдағына көтерілетін адамның өзгеріске ұшырайтын уақыты. Адам тұлғасы үздіксіз даму үстінде болғандықтан, дағдарыс тек балалық шақта болып қоймайды (1 жаста, 3 жаста, 7 жаста, 13 жаста). Сондықтан дағдарыс барысында кезеңдердің ауысуына байланысты мынадай өзгерістер болуы мүмкін: ұзақ әрі тыныш, қалыпты және қысқа, яғни дағдарыстар - қалыпты кезең арасындағы ауысулар.

Тұлға дамуының заңдылықтарын біле отырып, ересектер балаларының өзгерістерін түсіне алады. Ата - аналар дағдарыстың өту қарқынынан қорықпау керек, себебі бұл теріс көрсеткіш емес. Керісінше, баланың өзін жарқын бекіте алуы оның тұлға ретінде одан әрмен дамуы және бейімделуі үшін жастық өзгерістер бала психикасында қалыптасады. Және керісінше жайлылық иллюзиясын құрайтын ішкі «дағдарыссыздық» алдамшы болуы мүмкін, ол бала дамуында ешқандай сәйкес өзгерістер болмағанын куәландырады.

Ата - аналар мен педагогтар осы кезде пайда болатын дағдарыс көрінулерінен қорықпау керек. Дағдарыстың көрінуін жеңілдетіп cауатты әрекет ету мүмкін бе? Балаға дағдарыстан шығуда жағымсыз сапаларды өз бойына қабылдатпай қалай көмектесуге болады? Себебі қырсықтық - бала үшін қажетті сапа, еріктік көрінудің соңғы деңгейі; ерке -өзгелер үшін өзін-өзі демонстрациялау, өз «Менін» тану, эгоизм -«өзбеттілік» сезімінің түрі ретінде; агрессивтілік - өзін қорғаудың формасы; тұйықтық - қоғамда өмір сүру үшін қажетті сапа, яғни өзін осторожно ұстаудың адекватты емес формасы. Ата - аналар мен педагогтардың негізгі міндеті - сәбиге дағдарыстан жағымды қасиеттерін жоғалтпай шығуға көмектесу.













Ата - аналар мен тәрбиешілерге баланың қырсықтығы мен еркелігі туралы нені білу керек?

  • Қырсықтық пен еркелік кезеңі 18 айдан басталады;

  • Ереже бойынша, бұл кезең 3.5 - 4 жаста аяқталады (ересек шақта қырсықтықтың көрінуі заңды құбылыс болып саналады);

  • Қырсықтықтың көрінуінің ең жоғарғы шегі 2.5 - 3 жас;

  • Ұл балалар қыз балаларға қарағанда қатты қырсығады.

  • Қыз балалар ұл балаларға қарағанда жиі еркелейді.

  • Дағдарыс кезінде қырсық және ерке балаларда күніне 5 рет болып отырады (кейбіреулерінде -19 қайтара болады);

  • Егер балалар 4 жасқа келгенде де қырсықтық пен еркелік жиі қайталанса, ол баланың өзін ата - анасы алдында көрсетуге тырысуы, манипуляция жасауы болып саналады. Бұл көбінесе ата - аналардың өзінің тыныш болуы үшін, баланың айтқанынан шықпай келісе беруінің нәтижесі.

Ата - аналар не істей алады:

  • Қырсықтық пен еркелікке көп мән бермеңіз. Оны қажеттілік ретінде қабылдаңыз.

  • Баланың қатты қырсығу уақытында қасында болыңыз, оны түсінетініңізді ол сезінсін.

  • Бала қырсыққан кезде балаға бір нәрсе түсіндіруге тырыспаңыз, себебі ол еш нәтижесіз. Балаға ұрысқан нәтиже бермейді, ал егер қол көтерсеңіз ол одан әрі қырсығады.

  • Қырсықтық пен еркелік көрермендерді қажет етеді, ол өзіне назар аудартқанды қалайды, өзгелердің көмегіне жүгінбеңіз ол оны қаламайды.

  • Бала қоғамдық ортада қырсықса да мойымаңыз, қолыңызға көтеріп алып кетуге тырысыңыз.

  • Баланы еліктетуге тырысыңыз. Ол үшін қызықтыру қажет.

  • Баламен қатынаста тұрақтылық танытыңыз. Өз пікіріңізді өзгертпеңіз. «Жоқ» десеңіз сол пікірде соңына дейін қалыңыз.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал