7


Өнерлі өрге жүзсе сценарий

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өнерлі өрге жүзсе... шағын мерекелік ертеңгілігі

(зал мерекеге сай безендірілген)

Жүргізуші:

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата- ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.

Бүгінгі «Өнерлі - өрге жүзсе» атты шағын мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балабақшамыздың көркі де, сәні де бүлдіршіндеріміз демекші, осы «Балдырған» бөбектер-бақшасының «Балдырған» тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырайық.

(балалар музыка ырғағымен залға кіреді)

Жүргізуші: Ән айтайық қосылып,

Сәбилердің бұл күні.

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалар деп үлгілі.

Ән: «Балдырған»

«Балдырған» бөбектер бақшасының әдіскері Дюсекеева Айнұр Теміршотвнаға сөз кезегін берсек деймін

1 бала:

Күнде өсіп келеміз,

Әлі өсіп келеміз.

Адымдай жүреміз

Тез жүріп ерінбей.

Жүгіріп кетеміз

Мектепке жетеміз.

2 бала:

Жарқын жүзді апайлар,

Сендей болса бар адам,

Сендей болса балалар

Шаттық кетпес баладан.

3 бала:

Отан деген- атамекен

Отан деген- туған жер

Отан- ана

Отан- үлкен

Қазақстан туған ел!

4 бала:

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым

Арайланып атқан таңға!

5 бала:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті тұрады.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлайды.

6 бала:

Балабақша ажарлы үй,

Ауылдағы базарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.

7 бала:

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.

( балалар орындарына отырады)

Есік қағысы естіледі (клоун қонаққа келеді)

Клоун: Сәлеметсіңдер ме, менің тәтті балапандарым! Мен әлемдегі ең көңілді, ең әдемі, ең ақылды, ең күшті, бірақ кішкене мазасыздау клоунмын! Менде сендер сияқты өнерлімін. Мен сендерге сабын көпіршіктерімен өнер көрсетемін, мұқият қарап отырыңдар! (балаларды күлдіртіп ойнатады) Клоун балалардың назарын өзінің чемоданына аудартады.

Клоун: чемоданда не бар деп ойлайсыңдар?

Балалар: тәтті кәмпиттер

Клоун: жоо-жооқ, тәттілерім! Әдемі гүлдер екен, бұл гүлдерді қонақтарымызға сыйлайық!

Жүргізуші: Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдилері

Би билейді балалар томпаң қағып

«Балдырғанның» шуақты сәбилері

Би: «Жастық биі»

Жүргізуші:

Йә, рас, бала болған бәрі де

Салған олар балалықтың әнін де

Бала кезін еске алып отырсақ

Сол емеске тіршіліктің мәні де!- дей келе қонақтарымыз сіздерді ортаға ойын ойнауға шақырамыз.

( балалар орындарына отырады)

Ойын: «Моншақ»

Жүргізуші: Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние көрікті де көңілді-демекші Айнара, Гауһар,Іңкәрдің орындауында

Ән: «Ойыншықтар»

Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет слып біз жаттап

Ертегілер үйрендік

«Шалқан» ертегісін сахналау.

Ән: «Отан-Ана»

Мектеп дерокторы мен даярлық тобының тәрбиешісіне сөз береміз.

Жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қыран биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз!Сау болыңыздар!

Клоун:

Күліңдер, күліңдер

Күлімдеп тек жүріңдер

Бәрің, бәрің біліңдер,

Білімді болып жүріңдер.

Күліңдер, күліңдер

Көңілді болып жүріңдер!















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал