- Учителю
- А а дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық картасы
Бекітемін:
Айы, күні:
Апта тақырыбы:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: А дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, а дыбысы және әрпімен таныстыру.
Балаларға а дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сол сөздерді қатыстыртып, сөйлем
құратқызу арқылысөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға
қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.
Сөздік жұмыс:Алма,асқабақ, алмұрт.
Қостілділік компонент:алма-яблоко,асқабақ-тыкв
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір- бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Жаннұр саған бақыт тілеймін,
Гүлнұр, саған ашық аспан, жақсы көніл-күй сыйлаймын т.б.
Ұйымдастыру-іздестіру
Жыл мезгілін, еске түсіріп, өткен тақырыпты естеріне түсіру. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сұрақ жауап: Әріп дегеніміз не?
Балаларға жұмбақ жасыру .
Жаңада бар ескіде жоқ,
Танада бар, ешкіде жоқ.
( а дыбысы )
-
Мынау ненің суреті?
-
Алма деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
-
А дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
-
Неліктен дауысты дыбыс?
2. А дыбысының баспа түрін көрсетіп таныстыру. А дыбысын ауада жазу.
3. «Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: а дыбысына келетін сөздерге мысал келтіру. А дыбысы кездесетін сөздерге көп мысал келтірген бала жеңімпаз атанады.
4. А дыбысы кездесетін сөздерді алақанмен шапалақ ұру арқылы буынға бөлгізу.
5. Сергіту сәтін өткізу.
Алма баққа барамыз,
Алма теріп аламыз.
Ең үлкенін алманың
Анамызға сыйлаймыз.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
а) Сурет бойынша дыбыстық талдау жасату (аю, ата, бала). А дыбысының сөздің басында ортасында, аяғында келетінін мысал арқылы түсіндіру. Дәптердегі а дыбысының үлкен және кіші әріп таңбасымен жазып үйренеді.
- Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарды қосып а әрпінің баспа түрін жазамыз.
Балалар өткен тақырыпты қайталайды.
Жауап; А дыбысы.
Жауап; А дыбысынан басталып тұр.
Дидактикалық ойынды ойнайды
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар түгел жазып болған соң, а дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын суреттерді көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын өздерін айтыңдар.
ә) Суретті ребустың шешуі: Айгүл. Ребусттың шешуі болған сөзге дыбыстық талдау жасату.
б) Асқабақ, алмұрт сөздерін дыбыстық талдау жасатып, дыбысының орнын айтқызу.
Дәптерге толтырады.
Рефлексивті - түзетушілік
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-А дыбысы қандай дыбыс екен?
-А дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер.
А дыбысымен
Дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
Алма, ағаш т. б.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: А дыбысымен және әрпін
Нені игереді: « А » а әрпін баспа түрін жазып үйренді
Нені біледі: А дыбысы бар сөздерді табуды, ол сөздерге талдау жасауды біледі.