7


  • Учителю
  • Ашық сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»

Ашық сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Айналамен таныстыру.Сөйлеуді дамыту. Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік, танымдық және әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.

Оқыту аспектісі: балалардың үй жануарлары, олардың пірлері және адамға әкелетін пайдасы туралы білімдерін кеңейту; талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып, білдіру дағдысын бекіту.

Дамыту аспектісі: үй жануарлары мен олардың төлдерін ажырату және атауын дұрыс атауға, үй жануарларының дыбысына еліктеуге, малдың енесі өз төлін қалай еркелетіп атайтынын жеткізе білуге жаттықтыру; есте сақтау қабілетін, жолдасының сөзін бөлмей, зер салып тыңдау икемділігін дамыту; белгілі ереже бойынша топта өзара әрекет ету дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелеу аспектісі: балалардың өзіне және айналасындағыларға жақсы сезімін ояту, үй жануарларына сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарларының суреттерін қарастыру, үй жануарлары туралы әңгімелесу, үй жануарлары туралы көркем шығармалар оқу, бақылау.Балаларды шеңбер жасауға шақырады:

- Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

- Ол неге ұқсайды?

- Ендеше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.

- Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.

- Қайырлы таң, көздерім сендер ояныңдар (көздерін уқалайды)

- Қайырлы таң, құлақтарым сендер ояныңдар (құлақтарын уқалайды)

- Қайырлы таң, саусақтарым сендер ояныңдар (шапалақтайды)

- Қайырлы күн, сенде ояндың ба? (жымиып күледі). Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты. Сәлеметсіздер ме! (қонақтармен амандасады)

- Бүгінгі күніміз жақсы болсын, көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз сабақ барысында бір-бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.

Алдар көсе:

Мен ақылды-қу Алдар көсемін,

Басқаларға ұқсамайтын, өзгешемін.

Сендер де көп білсе деймін,

Сұрақтарыма жауап берсе деймін.

- Мен жанды көлік болып есептелетін өзімнің жануарымда келдім. Ол қандай жануар екенін білгілерің келсе, маған сұрақтар қоюларыңа болады

- Иә.

- Жоқ.

- Бар.

- Иә. Таптыңдар ма, қандай жануар екенін?

- Олай болса, менің жануарым секілді дауыс шығарыңдар.

- Жарайсыңдар. Тауып алдыңдарма. Мен сендерге қазір сый тартар едім, бірақ менің сиқырлы сандығым тек қана, өз ақылын және білімін көрсететін балаларға ғана ашылады. Осындай сынақтардан өтуге дайынсыңдар ма?

Қызығушылық танытады.

- Шеңбер кішкентай.

- Ол допқа және шарға ұқсайды.

«Шеңберді үрлейді»

Үлкенмен бірге мәтіннің сөзін және қимылын қайталайды.

Тыңдайды.

- Оның тұяғы бар ма?

- Ал өркеші бар ма?

- Оның құйрығы бар ма?

- Сұлы мен шөп жей ме?

- Иә.

Есектің дауысын келтіреді

- Иә.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

1-тапсырма:

«Жылдың қай мезгілі екенін анықта»

2-тапсырма:

«Үй жануарлары мен олардың төлдерін ата»

3-тапсырма:

«Малдың пірлерін ата»

Сергіту сәті

«Малдың баласын сүюі»

4-тапсырма:

«Малды қалай шақырады?»

5-тапсырма:

«Төрт түлік малдың адамға берер пайдасы »

Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген бірінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.

Балаларға суретте қай жыл мезгілі бейнеленген және неге екенін анықтауды ұсынады.

Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген екінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.

Үй жануарлары мен олардың төлдерін атауды ұсынады.

Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген үшінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.

Сурет көрсетеді:

Қой атасы - Шопаната

Түйе атасы - Ойсылқара

Сиыр атасы - Зеңгібаба

Жылқы атасы - Қамбарата

Ешкі атасы - Сексеката

Балаларды шеңберге тұруға шақырады:

1.Қой сүйеді баласын «қоңырым»,-деп,

«Ештеңені білмеген «момыным!»-деп.

бә-бә-бә

2.Сиыр сүйеді баласын «торпағым»,-деп,

«Қараңғыда баспаған «қорқағым»,-деп.

мө-мө-мө

3.Түйе сүйеді баласын «боташым»,-деп,

«Жас судырған көзіңнен «тоташым»,-деп

бө-бө-бө

4.Ешкі сүйеді баласын «лағым»,-деп

«Тастан тасқа секірген «шұлағым»,-деп.

мә-мә-мә

5.Жылқы сүйеді баласын «құлыным»-деп,

«Тұлпар болып жүгірген жұрыным»-деп.

Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген төртінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.

Балаларға адам малды қалай шақыратынын көрсетуді ұсынады.

Сурет көрсетеді.

Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген бесінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.

Балаларға төрт түлік малдың адамға қандай пайда әкелетіні туралы айтуды ұсынады.

Суреттер көрсетеді:

Ит

Мысық

Қой

Жылқы

Түйе

Сиыр

Ешкі

1 топ: күз мезгілі бейнеленген суретті жинайды

2 топ: қыс мезгілі бейнеленген суретті жинайды.

1 топ: үй жануарларын атайды.

2 топ: төлдерін атайды

Пірлерін атайды.

Үлкенмен бірге мәтіннің сөзін және қимылын қайталайды.

Жылқыны - «құрау-құрау»

Түйені - «көс-көс»

Сиырды - «әукім-әукім»

Қойды - «пұшайт-пұшайт»

Ешкіні - «шөре-шөре».

Үйді күзетеді.

Тышқан аулайды.

Жүн береді, одан жылы көрпе жасайды.

Биенің сүтінен қымыз дайындайды, оны көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланады.

Түйенің сүтінен шұбат дайындайды. Түйе адамға жүк тасуда көмектеседі.

Сүт береді. Сүттен ірімшік, май, қаймақ, құрт жасайды.

Оның жүнінен жылы киімдер тоқиды.

Рефлексивтік-түзету:

- алгоритм бойынша сабақты талдау

- тосынсыйлық кезең

- Менің барлық сынақтарым аяқталды. Сиқырлы сандығым енді ашылады ма екен, тексеріп көрейік.

Сандық ашылады.

- Қалай ойлайсыңдар, сиқырлы сандық неліктен ашылды?

Балаларға тапсырмалар қалай орындалғанын бағалауды ұсынады, балаларды мадақтайды, бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіреді.

Сиқырлы сандықтан құрт алып, балаларға дәм тартқызады.

Жетістіктеріне қуаныштарын білдіреді.

Алгоритм бойынша өздерінің жұмысын бағалайды. Сабақ туралы өздерінің пікірін білдіреді.

Ортақ жетістіктеріне қуаныштарын білдіреді, Алдар көсеге рақметтерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:

үй жануарлары мен олардың төлдерінің және пірлерінің атауын;

үй жануарларының немен қоректенетінін;

адамға қандай пайда әкелетінін.

Игеруі қажет:

алдар көсені әдеби кейіпкер ретінде тануды;

көлік-арба транспорты туралы қажетті білім.

Істей алады:

топта жұмыс істеуді;

ереже бойынша тапсырма орындауды;

малдың енесі өз төлін қалай еркелетіп атайтынын жеткізе білуді;

талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып, білдіруді;

дұрыс қойылған сұрақтар арқылы көлік-арба транспортының түрін анықтауды;

толық сөйлеммен немесе тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді, өз тобының жетістіктеріне қуана білуді, өздеріне баға бере алуды, сабақты талдауда алгоритм қолдануды.













































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал