7


  • Учителю
  • Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық

Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Мектеп

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдерін жетілдіру.Оқушылардың тілін әрі қарай дамыту, ой-өрістерін кеңейту.Білімге, мектепке деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: мектеп, оқу -құралдар суреті

Сабақ барысы:

Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау, шаттық шеңбері.

Бір , екі, үш деп орнымыздан тұрамыз.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Келіңдер, енді балалар, шаттық шеңберіне тұрайық.

қолдарыңызды ұстап, бір-бірімізге жақсы сөздер, тілектер арнайық.

Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Қуанышпен бес алайық..

Отырыңдар, балалар. Сабағымызды бастайық. Сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін, тәртіпті болындар.

ІІ. Тіл дамыту.

1.Бүгін айдың нешесі? Бүгін қай күн? Кеше қай күн болды? Ертең қай күн? Бір аптада неше күн бар?Сенің атың кім? Сенің фамилияң кім? Сен нешінші сыныпта оқисың? Сен неше жастасың?

ІІІ. Суреттерді атап, бірінші әріптер арқылы сабақтың тақырыбын білеміз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мектеп»

2.Тақтаға қараңдар, қайталаңдар.

Мектеп, асхана, кітап, дәптер, қалам, сынып, орындық, тақта, мұғалім, оқушы.

3.Сұрақтарға жауап беріңдер.

Мынау не? Мынау мектеп.

Мынау не? Мынау сынып.

1.Суретпен жұмыс.

Сенің мектебің қандай? Менің мектебім үлкен, таза, жарық.

Мектеп неше қабатты? Мектеп бес қабатты.

1.Өз мектебі туралы айтып беру. Шағын әңгіме.

Бұл менің мектебім. Менің мектебім үлкен, таза, жарық. Мынау аула. Мектеп бес қабатты.

1.Сұрақтарға жауап беріңдер

Мектепте не бар? Мектепте сынып бар.

Сыныпта не бар? Сыныпта тақта, парта , орындық, терезе бар.

1.Келесі тапсырма: Толықтырып айт.

2.Ал, қазір балалар оқу құралдары атауларын қайталаймыз.

3.Ойын ойнаймыз. «Сенде не бар?» Тізбек ойыны.

Менде желім бар. Сенде не бар?

Балалар, бірнеше тапсырма орындадық, енді демаламыз. Орнымыздан тұрайық, бір демалып алайық. Сергіту сәті.

Сабағымызды жалғастрайық. Қазір, балалар бірнеше тапсырма орындаймыз.

1.Әріптерді дұрыс қойындар.

2.Қайсысы артық.

Сөзжұмбақты шеш.

Қорытынды:

Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.





Күні: 21.09.2015

Пәні: сауат ашу және негіздері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеммен танысайық.

Сабақтың мақсаты: 1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем кұрау.

2) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

3) Балаларды ұғымталдықка, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жүмбақтар, буындар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші:

Өзі сондай нәзік,

Су құйсақ кетеді.

Алақанын жазып. Бұл не болды, балалар?

- Гүл.

- Дұрыс. Гүл екен (суретін көрсетеді).

- Енді осы гүл сөзін пайдаланып бірнеше сөздер айтайық.

- Дала. Гүл. Ашыды. Әдемі. Бақ.

- Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып айтып көрейік. Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.

- Гүл қайда өседі?

Тәрбиеші: - Гүл қандай?

- Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

- Далада әдемі гүл өседі.

- Сөздер бірігіп белгілі аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем төрт сөзден құралып түр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші: (үлестірмелі қима-қағаздармен жұмыс)

- Енді қолдарыңдағы суретке қарап, атын тауып, оған сөйлем құрайсыңдар.

Тәрбиеші жұмбақтар оқып береді. Балалар жауабын тауып, сол сөзге сөйлем құрайды.

Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

Аспай піскен

Қайнамай түскен. (Жеміс)

Сабақты "Кім шапшаң сөйлем құрайды?" ойынымен аяқтау.

Сөйлемді көп тауып құраған балаларды мадақтап мақгау. Қорытындылау.





Тексерілді: 21.09.2016







2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Сөз, дыбыс туралы үғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Есту қабілетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: ойыншыктар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аударып есік қағады да, олардан не естігендерін сұрайды.

Тәрбиеші дабыдды (барабанды) соғады да, не естідіндер деп сұрайды.

- Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

- Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек? Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Бұл дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайык. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың аттарын, заттарды атандар.

- Сөз бір нәрсе туралы ұғымды біддіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады. Енді ана сөзін талдайық.

АНА - неше дыбыс бар?

- Дұрыс айттындар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, кезекпен айтындар.

- Жеке дыбыс ойлаңдар. Балалардың жауабы тыңдалады.

"Кім көп біледі?" ойынын Ұйымдастыру.

Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген айыбын өтейді. Алфавит сыры:

1 -б. Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде?

Түсінші.

2-6. А деген ол -

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол - Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол - Балалар ғой әдемі,

Біздің елде Үшеуі де кәделі...

Алшақ кетпей,

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар Алфавиттің басында!

- Жақсы балалар, енді "Сөз жарысын" ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады.

Бала сөзді тоқтағанша айтып жарысады.

Көп сөз айтқан бала мадақталады.

Тәрбиеші сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қояды.

- Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?

- Дыбыс қандай болады?

- Сөзге мысал ойла.

- Жан-жануар қалай дыбыстайды?

Балалар жауаптарын тәрбиеші толықтырып сабақты аяқтайды.



3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Сөйлем туралы түсінік беру.

2. Жаттығулар орындату арқылы сөйлем туралы ұғымын кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Сөздік корын молайтуға, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі карточкалар, дидактикалық ойындар, ребус.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын өздеріне аудару.

II. Өткен сабақгы пысықгау.

Үй тапсырмасы сұралады, жаттығулар тексеріледі.

III. Жаңа сабақ туралы түсінік беру.

- Мысалы: құс, орындық - бұлар сөздер екен, сөйлем болу үшін бір аяқталған ойды білдіру қажет екен. Бір сөзден сөйлем құралмайды. Ендеше балалар, осы сөздерден сөйлем құрап көрейік.

- "Құс" деген сөзге тоқталайық. "Құс" десем сендер бірдеңе түсіндіндер ме? Ол сөйлем бе?

- Құс балапан шығарады. Бұл сөйлем бе? Балалар сөйлем екенін бірден біледі.

- Аяқталған ойды білдіріп тұр екен. Сөйлем үш сөзден құралып тұр. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі. (Қимылдармен орындау қажет).

Үлестірмелі кима қағаздармен жұмыс жүргізіледі.

Ойын: "Кім шапшаң сөйлем құрайды?".

Суреттерді көрсетеді (тауык, көбелек, машина, тарақ, кітап т.б.).

Мысалы: Тауық балапандарымен жайылып жүр.

Балалар құраған сөйлемдерін талдайды, неше сөзден құралғанын айтады.

- Схема өтілген тақырып бойынша жұмыс жүргіземіз. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.

Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық

Дидактикалық ойындар жүргізіледі. Сөзжұмбақ. Тігінен: сөзден құралған.

Көлденеңінен:

Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық

1. Күннің түсі. 2.Буыннан құрайтын

3. Кедей сөзінің антонимі

4. Кір су. 5.Аяқ киім. 6.Тышқанның жауы.

Сабақты қорытындылау.



4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз.

Сабақтың мақсаты: а) Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптасытыру сөздің ұзындығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.

б) Есту қабілетін жетілдіру.

в) Танып-білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: ойыншықтар, түстері әр түрлі, мөлшерлері бірдей екі машина, аю, қуыршақ, кубик, доп, (әдемі қорапша (себет)) мүмкіндігінше айқын болғаны жөн, қатты қағаздан ақ жалауша. "Үлестірмелі құралдар" ақжолақшалар (1,5 х 5) әр үстелде жеткілікті мөлшерде болуы керек.

Сабақтың барысы:

1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі: -Балалар, сендер білесіндер, жер бетінде адамдар, жануарлар, андар, құстар, балықтар, өмір сүреді. Сол сияқты үйлер, машиналар бар. Кім үй салуды (машина жасауды) ойлап тапты? Неге? Сонымен бірге адамдар сөзді ойлап шығарған, себебі олар бір-бірімен сөз арқылы қатынас жасайды, жер бетіндегі заттардың бәрін өз атымен атап сөйлеседі.

- Қазір сендермен бір ойын ойнап көрейік. Сендер үндемей отырып қалыңдар (ситуациялық ойын ойналады).

Ұстаз қолмен ымдап көрсету арқылы балалардың бәріне орындарыңнан тұрындар деген белгі береді, енді кейбіреулеріне отырындар деп т.с.с үнсіз тапсырмалар береді. Одан кейін тәрбиеші әңгімесін әрі карай жалғастырады.

- Міне, балалар, көрдіндер ме сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз. Ал сендер қандай сөз білесіндер?

Егер айтуға қиналса, тәрбиешінің өзі терезе, стол, жасыл, ыстық және т.б. сөздерді айтады.

- Мына бір ойыншыққа қарандар, ең әуелі оның атын атаймын: доп бір сөз. Енді сөздерді есептегенде жаңылып кетпеу үшін, әр сөзді мынадай жолақшамен белгілеп отырайық. Мен "доп" сөзін айттым, бір жолакша қоямын. Кім тағы да доп туралы айтады? (домалақ, көк, домалайды т.б.)

- Қане, санайык, біз қанша сөз айттық?

(Балалар әр сөзді қайталай отырып, қойған жолақшаларын санайды.) Дәл осы сияқты 1-2 ойыншықпен жұмыс жүргізіледі.

- Мына қорапшаға өзіміз білетін сөздерді айта отырып, жолақша арқылы жинап салайық. (Балалар жалғастырады).

- Мен мынадай сүйкімді, батыл, әдемі деген (балалар жалғастырады) жақсы сөздерді білемін. (Ең соңында қорапшадағы сөздерді санап қорытынды жасау).

- Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.

- Қане, "Кім көп сөз ойлайды?" ойынын ойнайық. Әрбір айтылған сөзге бір-бір жолакшадан қойып отырындар. Соңында кімде көп жолақша болса, соңында сол жеңімпаз болады. (Ойын ойналады. Жеңімпаз баланы мадақтайды.)

3. Музыкалық және қимыл-қозғалыс кідірісі. (Балалар музыка ырғағымен жаттығу жасайды).

4. Сөздің ұзақтығымен таныстыру және өлшеуіш жаттығуларын жасату.

- Сендер, байқадындар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады деп айта аламыз.

- Мына 2 сөзді тыңдандар: доп, ғарышкерлер. Осы сөздердің қайсысы ұзақ, қысқа айтылады?

(Балалардың жауабы).

- Біз ол сөзді өлшеп көрейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріндер. Сөзді дыбыстай бастаған кезде алақандарынды аша бастандар. Ал, дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар. (Бұл жаттығу ең әуелі 2-3 баламен үстел жанында жекелеп жүргізіледі, қалған балалар қайталап отырады, осылай 6-8 сөз айтылып, балалар олардың ұзақтығын анықтайды).

Балалар хормен таныс тақпакты айтады, сосын бір бала тақпақты мәнерлеп айтады. (Әр сөзін анықтайды, балалар жолақшаларымен мәтіндегі әр сөзді белгілеп отырады).

5. Сабақты қорыту. Балаларға сұрақ қойылады:

- Бұл сабақта не туралы білдіндер?

- Сөзді немен белгіледік?

- Сөз туралы не білгілерің келеді?

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді буынға бөлу.

Сабақтың мақсаты: Буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек схемасы, ойыншыкгар, төлдердің суреттері, асықтар.

Сабақтың барысы:

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға жұмбақбай атай келіпті.

- Кімнің атасы бар?

- Атаға қалай көмектесеміз?

- Атаны қалай құрметтейміз? Балалар сұраққа жауап бергеннен кейін:

- Қарттар - біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, күтеміз. Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кане, қалай шешеміз? - деп атайдың қоржынынан асықтар алғызу арқылы балаларға мынадай тапсырмаларды орындату.

Суретті үлгі бойынша шана сөзіне дыбыстық талдау жасату.

- Сонымен, шана сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар.

Суретті үлгінің төменгі жағындағы жолакшаға "ша", "на" деп кеспе әріптерден құрап жазып, буын туралы түсінік беріледі.

- Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буынға я болмаса бөлікке бөлуге болады.

- "Шана" сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

- Мен неше бөлікке бөліп айтамын, мұқият тындандар.

- Ша-на, бірінші ша бөлігін ша буыны, ал екінші на бөлігін на буыны деп айтамыз.

- Шана сөзі неше буыннан түрады? Әр буынын атап айт.

- Екі буыннан. Бірінші -ша, екінші -на буыны. "Шана" сөзін буындап айтқызу.

Раушан, ата, ай, көбелек сөздерін буынға беліп айтқызу. Рау-шан, а-та, ай, кө-бе-лек.

Балалардың өздеріне жеке сөздер ойлатып, буынға бөлдіріп, неше буын екенін айтқызу.

- Өте жақсы, балалар. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ. жасырмақшы.

Судан ол қорқады,

Бүдан кір қорқады. (Сабын)

Сабын сөзін буынға бөлдірту. (са-бын)

Сергіту сәті.

Күйсандыққа күйтабағын ойнатып, балалар жаймен қосылып айтып, қимыл жасайды.

- Енді балалар, сендерге атайларың "Қай буынды жоғалттым?" ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буынын тауып жіберейік.

- Мен қазір сендерге бір буын айтам, сендер сөздің сонғы буынын табасындар.

Мысалы: са-ғат а-ғаш

мы-сык кү-шік т.б.

- Өте жақсы, балалар. Ал енді, мына сездерде қанша буын болса, сонша рет кол шапалақтау арқылы буынға бөлейік: (қоңырау, тоқылдақ, жұлдыз) қо-ңы-рау, то-қыл-дақ, жұл-дыз.

Балалардың өздеріне сөз ойлатып, осы бойынша буынға бөлгізу.

- Өте тамаша, балалар, аталарынның кдйтар кезі де болып калды. Енді Жұмбақбай атайды риза ету үшін "Еңбек ерлікке жеткізетінін" дәлелдеп, Н.Жанаевтың "Еңбек" олеңін айтып жіберейік:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты - еңбек.

Кесте тіксең зерлеп.

Мұның аты - еңбек.

Қырға шықсаң ерлеп.

Мұның аты - еңбек.

Сабағыңа жөндеп.

Әзірленсең - еңбек.

Қиындықтың бәрін.

Еңбек қана жеңбек!

- Сонымен бүгін біз не үйрендік?

- Буын дегеніміз не?

- Әр буында неше дауысты дыбыс болады?

- Міне, бүгін Жұмбақбай атайдың қатысуымен "Буын" тақырыбын меңгердіндер. Атай сендерге рақметін айтып кетті, - деп белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Пәні: сауат ашу және жазу негіздері Күні:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріппен танысайық.

Сабақтың мақсаты:

1) Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмащылығын ажырата білуге үйрету.

2) Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту.

3) Балаларды үй жануарларын сүюге, қамқорлық жасауға үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөп-мөлдір таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

"Ала бұзау" әңгімесі

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көк орай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетгі. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты.

- Жел соққанда қандай дыбыс шығады?

- Жел уілдейді.

- У -У -У-

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

- Қандай дыбыс естіледі?

- Ш -ш -ш -ш.

Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызындап, мазасын алды.

- Маса қандай дыбыс шығарады? -з-з-з-з.

Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді.

- Ит қандай дыбыс шығарады?

- р - р - р -р.

Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Актөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен.

- с - с - с -с.

Жыланды көрген Ескендір қорыққаннан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрді. Ыжылдаған аралар екен.

- ж - ж- ж- ж.

Ескендір ала бұзауын шақырды.

Қане, балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші:

- Акау - ақау - ақау!

Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естшді.

- мө - мө - мө -мө.

Сөйтіп Ескендір бұзауын үйіне айдап қайтты.

Балалар, сонда біз әр түрлі дыбыстар естідік, яғни біз дыбысты естідік, яғни біз дыбысты естиміз.



Сергіту сәті.

Көтереміз қолымызды,

Созыламыз жоғары.

Бір, екі, үш,

Денеңді солға бұр.

Қолыңмен көмектесіп,

Беліңді шынықтыр.



-Балалар, жаңағы естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

Дәптермен жұмыс.

Бағалау.

Сабақты қорыту:

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

Оқушылар жауабы: Дыбысты айтамыз, естиміз.

Әріпті жазамыз, көреміз



7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға дауысты дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.

2. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.

3. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.

Оқушылардың назарын тәрбиеші өзіне аударған соң дауысты дыбыс ерекшеліктері туралы түсінік береді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і.

- Балалар, енді осы дыбыстарды хормен жеке-жеке айтамыз: а, э, и т.б.

Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып балалар оның ішіндегі сөздерге мән береді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек т.б. тауып оқиды, осы сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады.

III. Сергіту сәті.

Баланың білімін жан-жақты тексеру. Әр түрлі жаттығулар арқылы орындалады.

Тәрбиеші бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты қанша болса қолдарын шапалақтап білдіртеді. Мысалы: күшік, кітап, өзен, дала, қаз, балапан т.б.

"Ұйқасын тап" ойыны.

Орыннан орынға ауысқан,

Ұшқалақ қарала... (сауысқан)

Бәрі бірдей жұмысқа

Шығады кім? (құмырсқа)

Топтық жұмыс. Жаттығулар орындайды. Дауысты дыбыстарды тауып астын сызады. Сөйлемдер құрайды.

IV. Сабақты қорыту.

Кеспе әріппен жұмыс. Дыбыстық талдау.

"Адасқан әріптер" ойыны жүргізіледі.

Жаңа сабақты түсінгенін байқау.

Тірек-схема бойынша сөйлем құрау. Сабақты бекіту.

- Бүгінгі сабақта не үйрендік?

- Дауысты дыбыстарды атаңдар.

- Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі неде? Бағалау, мадақтау.









8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс ерекшелігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.

2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту. Сөйлеу тілін жетілдіру. Ой-өрісін дамыту.

3. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыпты, таза, көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, еңбек құралдарынын суреттері, кима әріптер, тірек схема, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау. Гигиеналық талаптар кою.

II. Өткен сабақты бекіту.

III. Балалардың білімін жан-жақты тексеру:

Ағаш көрсе қышынар,

Сояу-сояу тісі бар. (Ара)

Басы құрыш,

Сабы - шырыш. (Балға)

- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Еңбек, ауыл еңбегі, дала енбегі, баланың өз басына көрсететін қызметі жайлы әнгімелесу, сұхбаттасу.

Баланың бақылаушылығын, зеректілігін, логикалық ойын байкау мақсатында:

- Пальтоңның түймесі үзіліп қалса ...

- Киім ілгіштің шегесі жұлынып кетті ...

- Шкафтың сөресін түсіріп алдың ...

- Бәтеңкеңнің бауы үзіліп қалды ...

IV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

- Өздерің білетін дауысты дыбыстарды атаңдар.

- Жануарлардың "дыбысын" келтірейік ...

- Сиыр қайтеді?

- Есек қайтеді?

- Өз атын өзі шақыратын құсты білесіңдер ме?

- Көкек. ко-кек, кө-кек.. Соңғы (к) дыбысты созып айтып көрейікші

V. Жаңа сабақ:

- Балалар, дыбыстар кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

Балаларға бір буынды сөздерді айткызу барысында, ережесінің

Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық

- Дауыссыз дыбыстар 26. Қане 26-ға шейін санап көрейікші. Көп екен ә? ...

Бірнеше дауыссыз дыбыстарды айтқызу: Т. ...ы; р. ...ы; к. ...і; г. ...і.

VI. Сергіту сәті:

Бас бармақ - әкем,

Балаң үйрек - шешем,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек - әпкем,

Кішкентай бөбек - мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз (бесеуміз).

VII. Жаңа материалды түсінуін, меңгеруін тексеру.

"Адасқан әріптер" ойыны.

VIII. Қорытынды бөлім:

- Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай? Мысал келтір. Еңбек құралдарының суретін қалауы бойынша салу.

IX. Балаларды мақтау, ерекше қатысқан балаларды атап өту.











Пәні: Сауат ашу және жазу негіздері Күні: 10.10.2016

Сабақтың тақырыбы: Дауысты,дауыссыз дыбыстармен танысайық

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Күндей жарық,айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.



II. Жаңа сабақ.

- Балалар, дыбыстар кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Балаларға бір буынды сөздерді айткызу барысында, ережесінің

Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық

- Дауыссыз дыбыстар 26. Қане 26-ға шейін санап көрейікші. Көп екен ә? ...

Бірнеше дауыссыз дыбыстарды айтқызу: Т. ...ы; р. ...ы; к. ...і; г. ...і.

Оқушылардың назарын тәрбиеші өзіне аударған соң дауысты дыбыс ерекшеліктері туралы түсінік береді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і.

- Балалар, енді осы дыбыстарды хормен жеке-жеке айтамыз: а, э, и т.б.

Суреттерді көрсете отырып балалар оның ішіндегі сөздерге мән береді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек т.б. тауып оқиды, осы сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады.



III. Сергіту сәті.

Бір, екі - еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.

/Б.Бөрiбаев/

Бірнеше сөздер айтамын. Балалар сол сөздегі дауысты қанша болса қолдарын шапалақтап білдіртеді. Мысалы: күшік, кітап, өзен, дала, қаз, балапан т.б.



"Ұйқасын тап" ойыны.

Орыннан орынға ауысқан,

Ұшқалақ қарала... (сауысқан)

Бәрі бірдей жұмысқа

Шығады кім? (құмырсқа)



Топтық жұмыс. Жаттығулар орындайды. Дауысты дыбыстарды тауып астын сызады. Сөйлемдер құрайды.



IV. Сабақты қорыту.

Кеспе әріппен жұмыс. Дыбыстық талдау.

Жаңа сабақты түсінгенін байқау.

- Бүгінгі сабақта не үйрендік?

- Дауысты дыбыстарды атаңдар.

- Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі неде? Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай?

Балаларды мақтау, ерекше қатысқан балаларды атап өту.











9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әріптер сыры.

Сабақтың мақсаты:

І. Балаларға дыбыстау арқылы әріптерді айтқыза отырып, әріптер сырын ұғындыру.

2. Балалардың ойлау ой-өрісін, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларды тазалыққаа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: әріптер дыбысталуына байланысты сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың сабаққа даярлығын тексеру. Сабаққа қажетті оқу-құрал жабдықтарын даярлату.

2. Сабаққа даярлық кезеңі.

Өткен сабақтағы танысқан материалдарды бекіту.

3. Негізгі бөлімі. Тук-тук...

- Балалар, бізге қонаққа біреу келіп тұр ғой деймін. Тыңдайықшы: тук-тук...

Есік ашылып, бір бала келеді.

Тәрбиеші: - Балалар, келген кім екенін сұрайықшы...

- Менің атым Дымбілмес. Мен сендерге қонаққа келу себебім, мені ойландырып, білмей жүрген сұрақтарым бар. Соларды сендерден сұрап білуге келдім.

Тәрбиеші: - Ал, ендеше балалар, біз Дымбілместің көрмейтін сұрақтарына жауап беріп көрейікші.

Дымбілмес: - Мына суретке ары қарап, бері қарап, баланың не істеп, не айтып тұрғанын түсінбедім.

Балалар: - Бұл суретте бала аузын ашып "А" дыбысын айтып тұр.

Дымбілмес: - "А" деп қайталап айтады. Иә, дұрыс айтады екенсіндер.

- Ал мына суретте ше?

Балалар: - Бұл суретте аузы сопақша келіп айтып түр, яғни "О" дыбысын айтып тұр.

Дымбілмес келесі суретте не болып тұрғанын сұрайды.

Балалар: - Суреттегі бала тонып; у-у-у деп түр.

Тәрбиеші: - Біз қай кезде жаурап, тоңамыз?

- Біз қыста, суықта жаурап тоңамыз.

- Келесі суретте бала барабан (дауылпаз) соғып тұр.

- Барабан (дауылпазды) көргендерін бар ма?

Әр суреттегі әрекетті балалар өздері қайталап көрсетуі арқылы өтеді.

Тәрбиеші "А, О, У, Д" дыбыстарының әріп таңбаларын көрсету арқылы түсіндіреді.

Дымбілмес: - Иә, бұл біз айтып жүретін дыбыстар екен ғой. Олардың әріп таңбасы осылар екен. Иә, мен енді түсіндім. Тағы да қонаққа келіп, білмеген нәрселерімді білуге бола ма?

- Иә, келіп тұрыңыз, күтеміз.

Дымбілмес балаларға рақмет айтып, қоштасып шығып кетеді.

Келесі сәтте сергіту жаттығуын жасату.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

5. Оқулықпен жұмыс жүргізу.

- Балалар, сендер отбасы, деген сөз мағынасын білесіндер ме?

- Өз отбасында неше адам бар?

Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу.

  • Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

Әрқайсысын жеке-жеке атату.

-Суретте кімдер отыр?

- Олар не істеп отыр?

- Міне, осы адамдар барлығы бір үйдің адамдары, бұларды "отбасы" деп атайды. Балалардың бірнешеуінен өз отбасы мүшелерінде кімдер барын айтқызу.

6. Дәптермен жұмыс жүргізу.

Жазу дәптерлеріндегі суретті үзік сызықтарды бастыра жүргізу, жоддың аяғына дейін жазғызу.

7. Сурет арқылы тапсырма "Суретті қайтала".

























10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: А дыбысы және әрпі.

Сабақтың міндеті:

1. Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, А дыбысымен таныстыру.

2. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Балаларға "А" дыбысы бар сөз сөйлем, ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, казір жылдың қай мезгілі?

- Қай ай?

- Аптаның қай күні?

-Балалар, біз сауат ашу сабағында өткен дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші.

- Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?

- Ал әріп дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау.

- Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.

- Ал, балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.

Жаңада бар, ескіде жоқ,

Танада бар, ешкіде жоқ. Жауабы: А.

- Мынау ненің суреті?

- Алма деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

- "А" дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

- Неліктен дауысты?

- Ал осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады?

"А" дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп таныстыру. "А дыбысын ауада жазып көрсету.

Қане, балалар, бәріміз бірігіп "А" дыбысын ауада жазып көрейікші "Кім жылдам?" ойынын ойнату.

- "А" дыбысынан келетін сөздерді маған кім жылдам, көбірек тауып айтады. Алма, ағаш, адам, ай, ақку. Өте жақсы, балалар. Осы тапқан сөздерінді буынға бөліп айтып көрейікші.

Шапалақ арқылы буынға бөлгізу.

- Балалар, "А" дыбысына байланысты кім тактіақ біледі? Мысалы міне мынадай.

Астанамыз Алматы,

Алатау асқақ аясы.

Алқабында атақты,

Ал қызыл апорт алмасы.



Екі, үш балаға тақпақ айтқызу.

Сергіту жаттығуын жасату.



Ептеп-ептеп бидай терейік

Тергенінді торғайларға берейік.

Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба отыра ғой демінді ал

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

- Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарді қосып "А" әрпінің баспа түрін жазамыз.

Балалар түгел жазып болған соң, "А" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп, қай дыбыстап басталатынын өздеріне айтқызу.

Сауат ашу және жазу негіздері мектепалды даярлық

Балаларға ребусты шешкізіп, онда шыққан сөздерді буынға бөлгізу. Қорытынды бөлім.

- Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- "А" дыбысы қандай дыбыс екен?

- Осы "А" дыбысына байланысты тез-тез сөздер ойлап айтып жіберейік.

Балаларды мадақтап мақтай отырып, сабақты аяқтау.





</





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал