7


  • Учителю
  • Ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра

Ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «9-мамыр - ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, қорғауға баулу, патриоттық тәрбие бере отырып, елі мен жерін қастерлейтін азамат тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы батырларымен таныстыра отырып, үлгі, өнеге ету.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бірнеше слайд, бейнежазба, аудиожазба, суреттер, дидактикалық ойынға арналған құралдар, музыка, орамал.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, дидактикалық ойындар, көрініс, би.



Балалар залда отырады.

Әуен ойналғанда көрініске қатысушы балалар шығып рөлдерін ойнайды.

Іздену-ұйымдастырушылық

1-слайд.



- Құрметті ұстаздар, балалар бүгінгі ұйымдастырылған тақырыптық оқу іс-әрекеті Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелерімізге, соғыс ардагерлерінің құрметіне арналады. 22 маусым 1941жылы неміс фашистері тұтқиылдан жерімізге басып кірді. Елімізді, жерімізді қорғауға 27млн адам қолына қару алып аттанды. Отан Ана еліміздің ер азаматтарының бойына қуат беріп, жауға шығарып салды.



/тақпақтар оқылады/



Би «Күннің қызарып батуы» («Закаты алые»)



Дидактикалық ойын: «Белгі құрастыр»

Ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра

-Балалар, біз «Қызыл жұлдыз» белгісін құрастырдық. Бұл белгі Ұлы Отан соғысы батырларына берілетін белгі екен. Осы белгіде орақ пен балтаның суреті бейнеленген. Бұл құралдарды шаруашылыққа қолданады. Балтамен барлық кеңістіктегі нәрселерді жасалады. Сонымен бірге дауды шешу үшін де сот отырыстарында тыныштық сақталу үшін қолданылады. Яғни, балта дауды шешуші, тыныштық орнатушы, кеңістіктің жеңісі. Орақ-уақыттың жеңісі. Қолмен жасағаннн орақпен жұмыс тез жасалады. Орақ пен балта еңбекке арналған құралдар. Яғни, олар еңбектің, кеңістік пен уақыттың жеңісі екен. Қызыл жұлдыз ақылдың белгісі. Ақылдың белгісі қызыл жұлдыздың ортасында кеңістік пен уақыт жеңісі орналасқан. Белгі авторлары осындай ойларымен керемет белгі ұсынған.



2 слайд.



-Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ауыр күндер болды. Отан үшін, келешек ұрпақ, біздер үшін қаншама жас аға-апаларымыз жанын қиды. Жанын қиып жауға аттанған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, елімізді сүйіп, қорғау біздің міндетіміз.

/Слайд арқылы батырларды балаларға таныстыру./

Ұлы Отан соғысында Отан қорғауға батыр апаларымыз да Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова аттанды.

Әлия Молдағұлова - мерген. Мәншүк Мәметова - пулеметші. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыздар.

Жауынгер, жазушы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз.

Ұшқыш - Талғат Бегилдинов.

Жазушы, әдебиет зерттеушісі, Кеңес Одағының батыры - Мәлік Ғабдуллин.

Халық қаһарманы, неміс жеріне жеңіс туын тіккен қазақ азаматы - Рахымжан Қошқарбаев.

1945 жылы атамыз Рахымжан Қошқарбаев бірінші болып ту тігіп, біздің еліміз жеңіске жетті. Ата-бабаларымыз ұзаққа созылған сұрапыл соғыста жеңіске жетіп, біздерге, яғни ұрпаққа Отанымызды қорғап, ел мен жерді сақтап қалды.

/көрініс/

Радиодан таралған қуанышты хабарды естіп халық қуанады. «Жеңіс күні» әні жіберіліп, қуанып гүл шоқтарын аспанға лақтырады.

Ән «Жеңіс туы желбіреп»

/тақпақтар оқылады/



Би «Көкшіл орамал» («Синий платочек»)



























Балалар экранға назар аударып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Амирали:

Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа,

Жау кірді сенің жеріңе.

Сұм фашистен қорғауға,

Аттан халқым майданға!

Асылжан:

Қара түнек серпілді, серпілді,

Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды.

Аңсаған атты алтын таң,

Майданға, майданға!

Аружан:

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.



Балалар би билейді.

Балалар дидактикалық ойын ойнайды. Ойын шарты бойынша балалар пішіндерді және олардың түстерін атап, белгі шығару үшін пішіндерді ретімен орналастырады.



Балалар «Қызыл жұлдыз» белгісі туралы тыңдайды.























































Балалар экранға назар аударып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Батырлармен танысады.

















































































Көрініске қатысушы балалар шығып рөлдерін ойнайды.



Хормен барлығы ән шырқайды.



Инабат:

Талай жанды қиды ажал балтасы,

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз,

Ел қорғаған батырлардың арқасы.

Нұршат:

Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар!

Ұмытпайды ешқашан,

Жауынгерді балалар!

Денис:

Это фрукты и конфеты,

Это запахи весны...

Что такое -День Победы-

Это значит нет войны!

Мұхамеджан:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға.



Балалар би билейді

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар ата-бабамыдың арқасында тәуелсіз елде уайымсыз күн кешудеміз. Олай болса тақтаға назар аударайық.

-Бұл не?

-Түсі қандай?

-Сары дөңгелек неге ұқсайды?

Ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра

-Дұрыс, бірақ күнге ұқсау үшін не жетіспейді?

-Балалар күннің шапағын бір-бірден алып тілек айтып тұрып, орналастыруымыз керек.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

-Сұм соғыс қайтіп болмасын!

Бәйшешектер солмасын!

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір Алла өзі қолдасын! - деп бүгінгі «9-мамыр - ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра» атты тақырыптық оқу іс-әрекеті аяқталды.

Балалар сіздер жақсы қатысып отырдыңыздар! Жарайсыңдар!



Балалар сұраққа жауап береді.

-Дөңгелек

-Түсі сары

-Күнге ұқсайды

-Күннің шапағы жетіспейді.

Балалар тілектерін айтып күн шапағын орналастырады.

-Барлығымыз тату болайық!

-Барлық адамдар аман болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Жақсы күндер көп болсын!

-Барлық адамдарға денсаулық тілеймін!

-Барлығына бақыт тілеймін!

-Еліміз тыныш болсын!

-Әрқашан күн сөнбесін!



Балалар ән айтады.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ұлы Отан соғысы туралы, Кеңес Одағы батырларын білуі керек;

Болуы керек: Тақырыптық оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы;

Қолынан келуі керек: Ұлы Отан соғысы туралы және жеңіс туралы тақпақтарды, әндерді жатқа айтып білуі керек, тәрбиеші түсіндірмесін мұқият тыңдап ойындар мен тапсырмаларды тиянақты дұрыс орындай білуі.

























































































</<br>


Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры

_________ М.Кабдрахманова



«______» _________________ 2016 ж





«9-мамыр - ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра»

(тақырыптық оқу іс-әрекеті)

Ерлік елге мұра, ұрпаққа мұра









Дайындаған: №8 тобының тәрбиешісі А.Қарабасова





















Ақтау қаласы

2014-2015 оқу жылы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал