- Учителю
- Конспект занятия по казахскому языку Орманға саяхат подготовительная группа
Конспект занятия по казахскому языку Орманға саяхат подготовительная группа
Сабақтың тақырыбы:
"Орманға саяхат" (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Сабақтың мақсаты:
"Жабайы аңдар" тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Сабақтын міндеттері:
Білімділігі:
Зат есім, сын есім , етістіктерді сөздерде дұрыс қолдану, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Жабайы аңдар қайда мекендейді , немен көректенеді екені туралы, балалардың түсініктерін анықтау.Аңдардың балаларын қазақша қалай аталатының,бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру .
Дамытушылығы:
Балалардың сызба арқылы әңгіме құрастыру іскерлігін қалыптастыру .
Тәрбиелігі: Аңдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекі құралдар: сызба, карточкалар,түлкінің суреті, "Орман" суреті
Меңгерілетін сөздер: "Тығылыспақ "
Сабақ барысы:
Амандасу, шеңбер ұйымдастыру.
- Балалар бүгін бізге көп қонақтар келген екен. Қонтақтармен амандасайық!
Қалдарың қалай?
Балалар: "Жақсы" деп бас бармақтарын көрсетеді
Балалар көтеріңкі күйде, қимыл - қозғалыс жасап, бір - біріне сәлем береді.
Ал енді шеңберге тұрып, көніл - күйімізді көтерейік
Армысың, қайырымды Аспан ата!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сыйлық кезені
Балалар, біздің балабақшаға хат келді . Кімнен екен?
Жұмбақ жасыру
Өзі қу , жүрген жері шу .
Балалар:- Түлкі
-Түлкі бізді туған күніне шақырады орманға саяхатқа барамыз ба?
-Немен ормаңға барамыз?
Қыр үстінде, қар- қар
Шырша үстінде қар- қар.
Қар жамылған ақ аю,
Ұйықтайды екен, ай- ай
Тыныш -тыныш балақай ,
Шуламаймыз біз бұлай .
-Балалар, мынау не?
Сұрақ- жауап
-Орман қандай ?
-Орманда жазда не өседі?
-Орманда не ұшады?
-Орманда нелер өмір сүреді?
Балалардың жауаптары:
-Мынау орман.
-Орман үлкен,әдемі , аппақ , қалын орман қар жамылған .
-Гүл , шөп , ағаштар, саңырауқұлақ өседі
-Орманда құстар ұшады
-Орманда аңдар өмір сүреді
Дыбыстық жаттығу
-ян -ян -ян - қорқақ қоян.
-ю-ю-ю-маймақ аю
-ыр-ыр-ыр- ұлыиды қасқыр.
-кі-кі-кі-қу түлкі
-пі-пі-пі-тікенек кірпі
-Бүгін түлкінің туған күні екен. Түлкі ормандағы достарына дастархан дайындапты . (тірек сызбаға қарап айту )
-Балалар, ойландаршы түлкі туған күніне қандай аңдарды шақырды?
-Оны қайдан білдіңдер,себебі үстелге не дайындап қойыпты?
-Бұл тағамдарды , қандай аңдар жейді?
Балалардың жауаптары:
Ет,сәбіз,бал, саңырауқұлақ.
-Қасқыр ет жейді.
-Қоян сәбіз жейді .
-Аю бал жейді.
-Кірпі саңырауқұлақ жейді.
-Ал түлкі өзіне балық дайындады.
-Тамақ ішкеннен кейін аңдар "Тығылыспақ" ойнады
-Табындаршы,мынау қандай аңның құйрығы?
-Аңдар қонаққа кеткенде , балалары үйлерінде қалды .
Оларда "Тығылыспақ" ойнады.Аналарына балаларын табуға көмектесейік
Әңгімелету
Мынау көжек екенін қайдан білдің?
-Мынау қонжық екенін қайдан білдің?
Балалар тапсырма орындайды
-Мынау түлкінің құйрығы
- Мынау қасқырдың құйрығы
- Мынау қоянның құйрығы
- Мынау аюдың құлағы
-Кірпі шөптің арасына тығылды
-Аңдар қонақта ән айтты, би биледі ,ойнады. Кәне, біз де ойнайық
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ , сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Туған күнде сыйлық сыйлау керек. Аңдарда түлкіге сыйлық әкелді
Дидактикалық ойын ,,Не сыйлады?"
-Қоян доп сыйлады
-Қасқыр ойыншық балапан сыйлады
-Аю машина сыйлады
-Кірпі алма сыйлады
Дидактикалық ойын ,,Не жейді?"
Ал, біз түлкіге не сыйласақ екен?
-Туған күніне арнап жылы сөздер сыйлайық (жылы сөздерден бір шоқ гүл шығады)
-Кімнің ертегісі ұнады ?
-Кімнің ертегісі қызықты болды?
</
-Кімнің туған күні болды?
-Сабақта не істедіндер ?
-Сабақта не үйрендіндер?
-Сабақ ұнады ма?
Сендерге сабақ ұнаса тиінның себетіне саңырауқұлақ апарып салындар . Ал кімге сабақта бір нәрсе түсініксіз болса сабақ ұнамаса онда-тиінның себетіне жаңғақ салындар
Күтілетін нәтиже :
Білу керек : Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту
Игеру керек : Зат есім, сын есім , етістіктерді қолдана білу
Үйрену керек: Сызба бойынша әңгімелей білуге үйрену