7


  • Учителю
  • Отан сүйер ұланбыз сыныптан тыс жұмыс

Отан сүйер ұланбыз сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Отан сүйер ұланбыз»

Сыныптан тыс жұмыс

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

(салтанатты әуенмен балалар залға кіреді)

Жүргізуші:

Өз жеріме өзен кім ие болған күн,

Тілім таза бостандығын алған күн.

Елтаңбам мен көк байрағым желбірем,

Тарихыма өшпес белгі салған күн.

Қадірлі қонақтар, балалар!

Бүгінгі салтанатты мерекеміз - Тәуелсіздік күні құтты болсын!



1-бала: Жерің самал, ескен майда,

Тасқындаған егін - жайда.

Далам менің, анам менің,

Туған елім Қазақстан!

2-бала: Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы,

Бесігім болып тербеткен,

Отаным - Қазақстаным.

3-бала: Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы,

Ардақты атамекенім,

Отаным -Қазақстаным.

Әнұран орындалады.

(Балалар орындарын жайғасады)

Жүргізуші:

Тәуелсіздік - 11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайын, жеткенінше қызыл тіл.

(ортаға қолдарына ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады)

  1. бала: Т - білдіреді теңдікті,

  2. бала: Ә - әдептілік елдікті,

  3. бала: У - уайымсыз уақытты,

  4. бала: Е - егемен елдікті,

  5. бала: Л - дейді лағып, лепірді

  6. бала: С - сенімділік секілді ең,

  7. бала: І - ілтипат пен ізет қой,

  8. бала: З - зиялылық, тілек қой,

  9. бала: Д - шақырады достыққа,

  10. бала: І - ілкімді боп сақтыққа,

  11. бала: К - дейді күн боп көктегі

көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.

(Қағазға жазылған әріптерді жоғары көтереді. Орындарына жайғасады.)

Музыка әуенімен залға тілші келіп, балаларды суретке түсіре бастайды.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?

Тілші: Ой, сәлеметсізбе, мен Астана телеарнасынан келген тілшімін. Бүгінгі тәуелсіздікке арналған ертеңгіліктеріңіз туралы сұхбат жүргізбекшімін.

(Тілші балалармен, залда отырған ата-анамен сұхбат жүргізе бастайды)

Тілші:

  1. бас қаламыз қай қала?

  2. ҚР президенті кім?

  3. ҚР рәміздеріне не жатады?

  4. Рәміздердің авторлары кім?

  5. Тұңғыш Ата Заң қашан қабылданды?

  6. 1-желтоқсан қандай мереке аталып өтеді?

Тілші: Өте жақсы, ал рәміздер туралы тақпақ білесіңдерме?

  1. Бала:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігін өз қолымда,

Еркімдігім -Елтаңбам.

  1. Бала:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

  1. Бала:

Ақ ниетті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі Ту, ары.



Тілші: Рахмет, балалар. Бүгін мен өзіме керек мәліметтер алдым. Осы ақпаратты газет, журнал беттерінен көре аласыздар.

(балалар тілшіні шығарып салады)

Ән: «Тұлпарым» (ұлдардың орындауында)

Көрініс: «Тәуелсіздік деген не?»

Немересі:

Ата, айтшы ал енді,

Тәуелсіздік деген не?

Тамсандырар әлемді,

Ән бе, әлде өлең бе?

Атасы:

Тәуелсіздік?

Бұл -бақыт,

Сарқылмайтын шаттық қой.

Надан болған бабаң деп,

Айта алмайды ендң ешкім.

Тәуелсіздік маған кеп,

Қолын берген сөнбес күн.

(атасы немересін ертіп, залдан шығып кетеді).

Жүргізуші: балалар біз егеменді еліміздің болашағымыз. Сондықтан балалар біз тртіпті тәрбиемізбен, сыпайы болып өсіп келеміз.

Ал балалар, Отан дегеніміз не?

Оны өздерің қалай түсінесіңдер?

  1. Бала:

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- туған ауылың.



  1. Бала:

Отан- тарих, отан- тіл,

Туған елің- өз халқың.

Отан -өлең, отан -жыр,

Көтерген көкке ел даңқың.

  1. Бала:

Бақыт елі - бұл Отан,

Бәріне де иемін.

Біздің Отан - Ұлы Отан,

Ұлы Отанды сүйемін!

  1. Бала:

Отаным деп тәй-тәй өмір бастағам,

Отанымсыз әліппені ашпағам.

Отан - деген қастерлі сөз болған соң,

Оны жиі қайталауға жасқанам.

Жүргізуші: Тәуелсіздікке қол жеткізген күніміз, баршамызға құтты болсысн! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Отан сүйер ұланбыз» атты ертеңгілігімізді «Болашағы елімнің» әнімен аяқтаймыз.

Ән: «Болашағы елімнің»







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал