- Учителю
- «Көліктің бізге көмегі» (ІІ кіші топ Балауса)
«Көліктің бізге көмегі» (ІІ кіші топ Балауса)
«Балауса» ІІ кіші тобының технологиялық картасы
Күні:21.11.2016 жыл
Кіріктірілген білім беру салалары: Қатынас,таным
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Көліктің бізге көмегі Мақсаты:Балалрға көліктер туралы түсінік беру,олардың түрлерін ажыратуға үйрету,сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету. Міндеті: Жүргізуші, ұшқыш, машинист мамандықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру. Сөздік қорларын толықтыру.Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі көліктер мен мамандардың суреттер. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы әңгімелесу. Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік,пойыз, автобус. Билингвальды компонет:жеңіл көлік - легковой транспорт, жүк таситын көлік - грузовой транспорт, пойыз - поезд.Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғысып, бір - біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады.
Балалардың назарын өлең жолдарына аударады.
Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі, бір - біріне ыстық тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Үлкенмін ғой, міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
М.Әлімбаев.
- Мен не туралы өлең оқыдым?
- Балалар айтыңдаршы кімге қандай ойыншық ұнайды?
- Муслим, сенде қандай ойыншық бар?
- Қандай көліктің түрлерін білесің?
1.Суретпен жұмыс.
Көліктің түрлерін көрсетеді.
-Балалар мынау қандай көлік?
- Ол не тасиды?
- Мынау қандай көлік?
- Бұл көлікпен кімдерді тасиды?
- Ал мынау қандай көлік?
2. Сергіту сәті:
Бөп - бөп, пыш - пу...
Мен ең күшті
Менен күшті
Кім бар? Пыш - пу!
Теміржолшы
Абай болшы:
Жол ашып қой?
Жер ашық қой?
Бу - бу - бу
Бө - ге - ме
(Ә.Табылды.)
3. «Кімді, нені қай көлікке отырғызамыз?» дидактикалық ойыны. (Сызық арқылы қосу.)
Билингвальды компонет:жеңіл көлік - легковой транспорт, жүк таситын көлік - грузовой транспорт, пойыз - поезд
Өлеңді тыңдайды.
-
Машина
-
Машина бар
-
Жүк таситы, жеңіл көлік.
-
Жүк көлігі
-
Құм, тас тасиды.
-
Автобус
-
Адамдарды
-
пойыз
Балалар қимылмен көрсетеді.
Тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.Екінші бағандағы суреттерді көлік түрлеріне сәйкестендіреді.
Балалар қайталайды.
жеңіл көлік - легковой транспорт, жүк таситын көлік - грузовой транспорт, пойыз - поезд.
Рефлексиялық -түзетушілік
-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
-Көліктердің қандай түрлері бар?
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу
іс - әрекетінде алған білімдері қорытындылана
Сұрақтарға жауап береді.Бір - бірінің жауаптарын тыңдай
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы;
Түсінеді: көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді;
Қолданады: сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін.