- Учителю
- Ата- аналармен тренинг Бала - бақыт бастауы, отбасы - алтын діңгегі
Ата- аналармен тренинг Бала - бақыт бастауы, отбасы - алтын діңгегі
Шығыс Қазақстан облысы
Зырян ауданы
Серебрянск қаласы
«Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ
жанындағы шағын орталық тәрбиешісі
</ Бибосынова Алтынгуль Елтаевна
Ата-аналармен тренинг
Тақырыбы: «Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі»
Тренингті өткізу мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау.
Тренинг мақсаты: Ата-ана - мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу.
Жоспары: 1.Мотивациялық кезең
2. Ата-аналарды топқа бөлу
3.Жиналыс мақсатымен таныстыру
4. Топқа тапсырмалар беру ( ата аналар сахналап көрсетеді)
5. Сергіту сәті
6. Ситуациялық сұрақтар (постер қорғайды)
7. Қорытынды: Рефлексия
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала бақыт
бастауы, отбасы алтын діңгегі» атты тренинг сабағымызға хош
келдіңіздер! Ата -ана тілегі баласының жақсы адам болуы,
еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып,
жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».
Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты
жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында
адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны
жалғастырып демеуші ата-ана.
Барысы:
1.Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Танысу: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне бір сын есім қосып және баласының есімін атап, баласының бір жағымды қылығын атайды.
Доппен жаттығу. Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала - болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
2. Ата-аналарды топқа бөлу
Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны
айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты,
табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры
ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі
болып бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек,
діндер бір бөлек
отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін
жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен
келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр
топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.
Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.
Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
Осы ағаштың тамыры - ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы - балаларымыз.
Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз
жемісін береді.
Стикерге ата аналар балаларына тілек жазып, осы ағашқа
жапсырады.
3. Жиналыс мақсатымен таныстыру:
Бүгінгі сіздермен жиналыс өткізуіміздің басты мақсаты - ата-ана - мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз отбасы. Олай болса отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу
арқылы сіз бен біз боп ой бөліссек.
Алдымен топ басшысын сайлап, топта жұмыс істеу ережесін құрып алайық:
ЕРЕЖЕЛЕР:
1. Бір - бірімізді тыңдаймыз;
2. Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста боламыз;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз;
4.Топтарға тапсырма беру( ата-аналар сахналап көрсетеді).
1топ. Тәрбиешілер күнде сізге балаңыздың топтағы балаларды ұратыны туралы шағым айтады. Сіздің әрекетіңіз? (Балаңыздың осы қылығын қойдыру үшін үйге келгеннен кейін балаңызбен сөйлесу диалогын көрініс ретінде көрсетеңіздер),
(себебін анықтау,баланы мақтау, қолпаштау, құшақтау, бетінен сүю, осы қылығыңды қойсаң мен саған ертегі оқып берем т.б. стимул ретінде не ұсыныр едіңіз)
(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
2 топ. Балаңыз бала бақшадан ойыншықты рұқсатсыз үйге алып кетеді, сіз оны үйге барғанда көресіз. Сіздің әрекетіңіз? ( диалог)
3топ. Балаңыз үйге келгеннен кейін барлық ойыншықтарын бүкіл үйдің ішіне шашып тастады, жина десеңіз тіліңізді алмайды, Сіздің әрекетіңіз? ( диалог)
Қатысып отырған мұғалімдерге:
Сіздің балаңыздың оқу үлгерімі нашарлап кетті, мұғалімдер, сынып жетекші тарапынан шағымдар жиі айтылады, балаңыздың сабаққа барғысы келмейді. Сіздің әрекетіңіз?
5. Сергіту сәті «Кім жылдам?» Доп беру арқылы сұрақтарға жылдам жауап алу.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешілердің толық аты- жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
7. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз
түседі?
8. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?
9. Балаңыздың топтағы достары?
10. Балаңыздың бала бақшада үйренген қайдай тақпағын
білесіз?
Ата-аналар берілген сұрақтарға тез жауап береді.
6. Ситуациялық сұрақтар: (постер жасайды, осы ситуациядан шығу қадамдарын жазу, алдын алу үшін не істеу керек , кеңес беру, қорғау)
І топ: Сіздің балаңыз атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған,ал қазір балаңызды өз қолыңызға алдыңыз, бірақ, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
ІІ топ: Балаңыз күнде таңертең бала бақшаға бармаймын деп жылайды, не істейсіз?
ІІІ топ: Балаңыз дүкенге кірген кезде қымбат ойыншықты сатып алып бер деп жылап тұрып алды, сіздің ақшаңыз жоқ. Сіздің әрекетіңіз? Осы қылығы бірнеше рет қайталанып отыр.
Қосымша қатысып отырған мұғалімдерге
(Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?
Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?)
«Рефлексия» (қорытындылау)
( Ата аналарға стикер таратылады, тренингтен алған әсерлерін жазып, ағашқа іледі).
Тренингті формативті бағалайды, қолдарымен көрсету.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, осымен «Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі»
атты тренингіміз аяқталды. Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!.