7


  • Учителю
  • Мен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекеті

Мен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекеті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қатынас, Шығармашылық

Бөлімі:

Тіл дамыту, Құрастыру.

Тақырыбы:

«Мен көшеде келемін»



Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттеріКөліктерді толық сөйлемдермен сипаттауға үйрету. Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөзік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін-бірі тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру.

Б) Проблема шешу құзыреттілігі:

Көлік ерекшеліктерін түсіну, оларға сәйкес кездесетін проблемаларды шеше білуге үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында жұмбақ, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындауға дағдыландыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:

Дәстүрлі.

Пәнаралық байланыс:

Қоршаған ортамен таныстыру, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар:

АКТ, дамыта оқыту, ойын -жаттығу.

Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік -суреттер көрсету, дидактикалық ойындар өткізу, сергіту сәті.

Оқыту құралдары:

Көліктер бейнеленген суреттер, паровоздың макеті, билет түрлері, көліктердің пішінді қиындылары, бағдаршам, компьютер (аудиожазба)

Билингвальді бөлімі:

Көлік-транспорт, машина-машина, автобус-автобус, пойыз-поезд, ұшақ-самолет, тікұшақ-вертолет, кеме-корабль, қайық-лодка, әуе шары - парашют, бағдаршам-светофор, қызыл-красный, жасыл-зеленый, сары-желтый.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:

Үйден ойыншық көлік түрлерін алдыру, көліктер туралы тақпақтар қайталату, көлік түрлерін топтастыру, жұмбақ шешу, «Паровоз» әнін жаттату.



Шаттық шеңбері.

Қане, кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық,

Пш-пш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Пш-пш, пш-пш.

-Жарайсыңдар балалар!

-Ендеше, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақты шешкен сайын компьютерде суреттер пайда болады. Соған қарап бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы қандай екенін біле аласыздар.

Жұмбақтар:

1.Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі, керемет!

2. Ақ шатырлы бір қала,

Суда жүзіп жүр дара

3. Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.

4.Көшеде жүреді кішкентай үйлер,

Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер.

-Сонымен балалар, бұлар нелер, бір сөзбен не деп атаймыз?

-Балалар, қала көшелеріне саяхатқа шыққыларың келеме? Ендеше барлығымыз қала көшелеріне саяхатқа шығайық.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, саяхатқа шығу үшін қалаға немен барамыз?

-Балалар, қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

-Бұл қандай көлік түрі?

-Паровоздың неше вагоны бар?

-Қараңдаршы вагондарының түстері қандай?

-Паровозбен қайда баруға болады?

-Балалар өздерін көлікте отырғанда қалай ұстау керек?

-Паровозға отырып, жайғасу үшін не істейміз? Алдымен билет алуымыз керек. (барлығына билетті таратады).

(Паровоздың дауысын қосады).

-Жарайсыңдар балалар!

-Мінеки, қаламызға да келіп жеттік. (паровоздан түседі).

-Балалар қараңдаршы, қала көшелерінен нелерді көріп тұрсыңдар?

-Көліктер қайда жүреді?

Жолда.

-Жолдар қандай болады?

-Ұзын, қысқа, кең, тар.

Көшенің кейбір жерлерінде жаяу жүруге арналған жолдар орналасқан. Олар ақ жолақ сызықтармен белгіленген.

Балалар паровоздың қимыл-қозғалысын келтіреді.

























-тік ұшақ



-кеме



-пойыз





-машина



-тік ұшақ, кеме, пойыз, машина.

-көліктер дейді

-ия, шығайық.

-көлікпен.

-паровоз.

-паровоздың вагондары көп.

-әр түрлі (көк, қоңыр, жасыл)

-қалаға, алыс жерлерге.



-мәдениетті, тәртіпті, сыпайы, тыныш отыруымыз керек.











- ағаштар, жолдар, машина, көп қабатты үйлер, бағдаршам

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

-Балалар біз қалаға, ауылдық жерлерге атамызбен әжеміздің ауылына, балабақшаға бару үшін немен тасымалдайды?

-Ал алыс елді мекендерге біз қалай қатынаймыз?

-Үшақ, тікұшақ көліктерін қандай көліктерге жатқызамыз?

-Ал су көліктеріне ше?

-Балалар, дұрыс айтасыңдар!

-Көліктер үш түрге бөлінеді.

Әуе көлігі.

Мен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекетіМен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекетіМен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекеті

Су көлігі

Мен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекетіМен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекеті



Жер көлігі.

Мен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекетіМен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекетіМен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекетіМен көшеде келемін Тіл дамыту оқу іс-әрекеті

Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, әуе шарлары, ал су көліктеріне қайық, кеме көліктері жатады, жер көліктеріне машина, автобус, троллейбус, пойыз, трактор жатады.

Адамдар пойызбен, автобуспен жерде жүреді, ұшақпен, тікұшақпен аспанда ұшады, кемемен, қайықпен суда жүзеді. Адамдар велосипед, мотоцикл, машина, автобус, жүк машинасымен жүреді. Бұлардың барлығы - транспорт немесе көліктер деп аталады. Транспорт -адамдар мен жүктерді тасымалдайды. Транспортты жүргізетін адамдар -жүргізуші деп аталады. Ал кемені жүргізетін адамды - капитан дейді. Ұшақты жүргізетін адамды - ұшқыш дейді.

-Балалар, көліктер туралы кім тақпақ біледі? Қанеки, кім айтады?

- Балалар, жер көліктерінің жүрісін реттеп, машиналар бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін көше бойында не тұрады?

-Бағдаршам не істейді?

-Бағдаршам қайда тұрады?

-Бағдаршамның неше көзі бар, көздерінің түстері қандай?

-Қызыл көзі жанғанда не істеу керек?

-Сары көзі жанғанда ше?

-Жасыл көзі жандағанда не істейміз?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз,

Ұшақ болып ұшамыз

Суда жүйткіп жүземіз.

Кемелерді түземіз,

Жол тәртібін сақтап,

Машинаға мінеміз.

Дидактикалық-музыкалық ойын: «Дауысынан таны»

Мақсаты: Көліктердің дауысынан танып, атау арқылы ойлау, есту қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балалар көліктің дауысын естігенде оның қай көлік екенін тауып, алдарындағы үлестірмелі топшалардың ішінен сол көліктің суретін тауып көрсетеді.

Ойын: «Не артық?»

Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: балалар көліктердің ішінен артық көлікті табады.

«Сипатта» ойыны.

Мақсаты: балалардың өз ойын жеткізе білуге үйрету.

Шарты: алдарына берілген көліктердің суретін сипаттап айтып береді.





-машина, автобус, велосипед, мотоцикл

-ұшақ, пойыз арқылы.



-әуе көліктеріне.

-кеме, қайық,

















































Ерлен: Көлдерді көктей өт,

Тауларға жетпей өт,

Бұлттарды жарып ұш

Бұлттан да әріге ұш.

Тоқтаусыз төтеле

Жетейік көкеме

Инабат: Бип-бип-би,-дейді

Жолдан былай кет дейді

Күшікті басуға, басуға

Болмайды машина, машина



-бағдаршам

-көшедегі көліктердің жүрісін реттейді.

-көшеде

-бағдаршамның үш көзі бар. Қызыл, сары, жасыл.

-қызыл көзі жанғанда машиналар жолдан өтеді, адамдарға өтуге болмайды.

-сары көзі жанғанда көліктер дайындалады.

-жасыл көзі жанғанда адамдар жүреді.



Сергіту сәтіне байланысты қимыл-қозғалыс жасайды.





«Дауысынан таны» дидактикалық -музыкалық ойынын ойнайды.

Рефлексифті - түзету

«Көліктер» тақырыбында құрастыру.

Әуе көлігі - ұшақ құрастыру,

су көлігі - кеме құрастыру,

жер көлігі - автомобиль құрастыру.

Қимылды ойын: «Жер, су, ауа»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар шеңберге тұрады. «Жер» десе «автобус» немесе жерде жүретін кез-келген көлік түрлерін айтып, қимыл-қозғалыспен келтіреді. Ал «су» десе, «кеме» болып жүзіп, «ауа» десе «ұшақ» болып ұшады.

-Балалар бүгін біздер қандай көліктермен таныстық?

-Оларды бір сөзбен не деп атаймыз?

-Көліктер бізге не үшін керек?

-Жолдар қандай болады?

-Бағдаршам не үшін керек және неше көзі бар?

Балаларды бағалау.

«Бағдаршам» белгісімен бағалау.

Қызыл-оқу іс-әрекетіне қатыспадым, сары- сәл ғана ат салыстым, жасыл- өте жақсы қатыстым.

Барлығы жұмыстанады.









Ойын барысында қимыл-қозғалыстарын салады.





-жер көлігі, әуе көлігі, су көлігі

-көліктер дейді.

-керек жерлерімізге бару үшін, алыс қалаларға қатынау үшін, т.б

-кең,тар, ұзын,қысқа

-жол тәртібін реттеу үшін.



Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Балалардың көліктер, олардың түрлері, оның адамға тигізетін пайдасы, көліктердің қызметі туралы және жолда жүру ережелері туралы біледі.

Баланың игеруі: Көліктерге байланысты сурет бойынша әңгіме құрастыру әдісін, дидактикалық ойын арқылы, көліктердің дауыстарын дұрыс анықтап, пішіндер арқылы бейнесін құрастыру жолдарын игерді.

Баланың жасай алуы: Көлікке байланысты сұрақтарға жауап беріп, сурет бойынша топтастырып, дидактикалық ойындар арқылы көліктердің дауыстарын дұрыс анықтай алды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал