- Учителю
- Ашық тәрбие сағатыАлтын күз
Ашық тәрбие сағатыАлтын күз
Алтын күз мерекесі
1.Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ата - аналар , балалар! Бүгінгі «Алтын күз» мерексіне қош келіңіздер !
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай , ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтындаршы бұл қай кезде болады?
Дұрыс айтасыңдар - Күз мезгілінде болады.
2. Тәрбиеші:Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Балалардың орындауында «Әр қашан күн сөнбесін»әнін қабыл алыңыздар. (хормен)
3.Тәрбиеші: Біздің балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыныңздар.
Шыңғыс:
Күзде жауын. Бұлт. Тұман
Сары жапыорақ жауады,
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәулеп .
Малика:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық - барлық тағамға.
Мейірлан:
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнамаймын мен бәріне.
Айша:
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Нұрбек:
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Нұрбұлан:
Дәмім тілді үйреген,
Мен тұздалған күйімде.
Шолпан:
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Мадияр:
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнамаймын мен бәріне.
Дильназ:
Піскен кезде қызынақ,
Көз тартар қызыл түсімін.
4.Тәрбиеші:Ертегі: «Бауырсақ» ертегісінің қойылымын қарсы алыңыздар.
5. Тәрбиеші:Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
Аяна:
Мен алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Архат:
Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды.
Анэль:
Таңмен көзін,
Әлемге нұрын шашады.
Данил:
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Кәусар:
Мен өрікпін, өрікпін,
Бау- бақшаға көрікпін.
Ерсін:
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген?
Инара:
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Адема:
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
6. Тәрбиеші:
Ән салындар келіңдер ,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би - билейік ойнайық.
Қыздарымыздың биі тамашалайық. «Қазақ қыздар»
7. Тәрбиеші: « Шалқан» ертегісінің қойылымын тамашалаңыздар.
8. Тәрбиеші: Бүлдіршіндей бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз.
Береміз ендеше,
Би өнеріне кезегін.
Ортаға ұлдарымыздың «Жігіттер» биі тамашалаңыздар.
9. Тәрбиеші:
Әсем әуен салдырған,
Сәбилер де алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығын,
Есте қалар балдырған.
Балалардың орындауында «Ертегілер әлемі» әні
10. Тәрбиеші:
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ- сары алтын,
Айналанын бәрі алтын.
Қыздарымыздың орындауында «Жапырақ »биі тамашалаңыздар.
11. Тәрбиеші: Балалар мен сендермен ойын ойнатайын деген ойдамын. Ортаға екі бала шыгып жапырақтар жинау керек.
12. Тәрбиеші:Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын күз,
Мол өнімді ісімен , таңдандырып халқын күз.
Біздің мерекемізге ата - аналарда келіп отыр екен. Мен олармен ойын өткізейін деген ойдамын! Ойын: «Кім жылдам?» 2 ата - ана шығып алмұртты жеу керек.
Ортаға қыздарымызды шақырайық «Казақ қыздыр» биі қарсы алыңыздар.
Тәрбиеші: Өте тамаша. «Вальс» биімен балалар залдан шығып кетеді.
Тәрбиеші: Осымен ертңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!