7


  • Учителю
  • Тіл дамыту Үй жануарларына саяхат

Тіл дамыту Үй жануарларына саяхат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім саласы:Қатынас

Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы. «үй жануарлары әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру; іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, үй жануарлары мен төрт түлік туралы меңгерту;түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру; балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: кіріктірілген және саяхат сабақ

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз.



-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем

ұрыс айтасыңдар .

Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер тапқыларың келеме?



Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар

Қой

-Қой қандай жануар?

-Үй жануары.

-Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді? Орманда, далада өмір сүреді.

-Өте жақсы балалар. Ал бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз үй жануарларымен танысамыз. Балалар айта қойыңдаршы, қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалар жауабы тыңдалады.

Үй жануарларына балалар жылқы, түйе, сиыр,қой, ешкі жатады. Сендер қалай ойлайсыңдар неге үй жануары деп атайды?

-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар.

-Үй жануарларының бізге берер пайдасы өте көп: Сиырдан сүт аламыз, сүттен-май, айран, ірімшік аламыз. Сиырдың етін тамақ етіп жейміз. Ал түйе бізге шұбат береді, жылқы болса қымыз береді. Түйе мен жылқыны мінсек көлік болады. Үстіне жүк артып тасуға да болады. Қой мен ешкінің сүтін ішіп, етін тамақ етіп жеп, жүнінен киім тоқимыз. Көрдіңдер ма балалар үй жануарларының бізге берер пайдасы көп екен. Адам денсаулығына ет пен сүттің пайдасы өте зор. Суық тигенде ыстық сүт ішіп емделуге , шөлдегенде айранды сусын етіп пайдалануға болады. Ал егер адам ұзақ уақыт ет жемесе ауырып қалады екен, себебі етте адам ағзасына керек көптеген дәрумендер бар екен.Үй жануарлары адам өміріне маңызды, сондықтан адамдар оларға қамқорлықпен қарап: қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.

-Әрбір жануардың балалары болады оларды -төл деп атаймыз. Мысалы:Сиырдың төлін-бұзау, қойдың төлін-қошақан, түйенің төлін-бота, ешкінің төлін-лақ, ал жылқының төлін-құлын деп атайды.

Балалар қазір біз «төлін тап» ойынын ойнаймыз. Мұнда төлдерімен енелерін сәйкестендіреміз.

-Жарайсыңдар балалар тамаша орындадыңдар.

-Ал, ендеше балалар үй жануарлары туралы тақпақ кім біледі? (тақпақ орындалады)

-Үй жануары туралы ән білемізбе?

Ән айтып бойымызды бір сергіп алайық.

Ендеше балалар біз қазір «Қошақаным» әнін шырқаймыз

1).Жазда апамның аулына

Барып едім қыдырып

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап жүгіріп

Қ-сы

Ақ маңдайлы ай мекен

Шекер ме екен, бал мекен

Кеттім оны сағынып

Қошақаным қайда екен

2).Атам болса жем берді

Әжем оған су берді

Қошақаным тойып ап

Тастан-тасқа секірді

-Балалар мына тақтада плакат ілулі тұр,Плакатта қандай пішін бейнеленген?

-Дөңгелектер бейнеленген.

Осы дөңгелек ішіне жануарларды орналастырамыз.Оң жақтағы дөңгелекке үй жануарларын ал сол жақтағы дөңгелекке жабайы жануарларды орналастырамыз. ( Веен диограммасы бойынша, балаларды тақтаға шақырып орналастырыру)

-Жарайсыңдар балалар енді осы екі дөңгелек ортасына: үй және жабайы жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын табамыз.(Үй жануарлар үйде өмір сүреді, қолға үйретілген, ал жабай жануарлар орманда, далада, адамдардан алыс жерлерде өмір сүреді)

-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар.

Ал , балалар енді көрші топқа өтеміз, бұл топта біз математика саласы бойынша білімімізді сынаймыз.

Ендеше мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін логикалық сұрақтар беремін.

үкеннен анам 10 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (9)

- Қойда неше құлақ бар? 2

- Қолда қанша саусақ бар? 10

Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды? 3. Себетте 4 алма, табақта 3 алма. Барлығын қосқанда болады неше алма?7

Дұрыс айттыңдар балалар , сендер математикалық ұғымдарды үйреніпсіңдер.

-Қандай фигураларды білесіңдер?

-Балалар жауабы тыңдалады.

Ендеше қазір сол фигуралардан үй жануарларының бірі сиырды құрастырамыз. (матадан қиылған фигуралар үстел үстінде )

-Қонақтарымызды балалармен бірге матадан қиылған фигуралардан сиырды құрастыруға шақырамыз.



Құрастырылған жұмысты мадақтап, қонақтарға сыйлық ретінде тапсырамыз.





Балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?

-Үй жануарларының бізге қандай пайдасы бар?

-Үй жануарлары қайда өмір сүреді?

-Сиырдың төлін не дейміз?

-Түйенің төлін ше?

-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі өткен оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал