7


  • Учителю
  • 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілк

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілк

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 наурыз мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген

залға балалар қол ұстасып кіреді.

Жүргізуші: Бүгін Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Армысыздар құрметті қонақтар, аналар, сүйкімді қыздар, көктемнің

</ алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.

Бүгінгі аналарға арналған «Анаға сәлем» атты ертеңгілікке

қош келіпсіздер. Ертеңгілігімізді аналарға арналған

тақпақтардан бастайық:



Алема: Ана - біздің күніміз,

Ананың - біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!



Ерхан: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.



Даяна: Таңдай қағар тамсана,

Тіршіліктің басы -Ана.

Қыздырайық тойды біз,

Бар әлемге мақтана.



Ж.Мадияр: Еркелейтін әр күн мен,

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші Наурызбен!

Алиана: Көгім де күн,

Жұлдыздай жанасың.

Аман бол әр дайым,

Аяулы анашым.



Самрат: Анам, анам, ақ анам,

Мен өзінің ақ балаң.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсадың ба барамын.

Жүргізуші: Теңейміз аналарды аппақ таңға,

Теңейміз аруларды шапғатқа.

«Ана» деп ән саламыз, жар саламыз,

Бас иіп «Ана» деген асыл жанға.

дей келе аналарға араналған әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Бастаңғы» (жарты шеңбер)

Жүргізуші: Балалар бізде қазір қандай мезгіл?

Балалар: Көктем

Жүргізуші: Көтемде қандай өзгерітер болады?

Балалар: Күн жылынады, қар ериді,жылы жақтан құстар ұшып келеді.

Жүргізуші: Ендеше балалар біздің ертеңгілігімізге құстар келе жатқан сияқты. Құлақ салайықшы. (қарторғай ұшып кіреді)

Қараторғай: Балалар сендер көктем мерекесін тойлап жатыр екенсіңдер. Мен сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Қош келдің қараторғай төрлет біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Жүргізуші: Балалардың аналарына арналған тақпақтарын тыңда:



А.Ерасыл: Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.



Тамирис: Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәріненде жақсы адам.



Альшат: Мәпелейсін мені ана,

Қолыңдағы құсындай.

Құлпырып өсіп дем алам,

Құшағын да өысылмай.



Арай: Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күні батса да ,

Өзің күнсің балаңа.



Қ.Алдияр: Мерекесі анамның,

Зор қуаныш көреміз.

Ортаға би билеп,

Ән де айтып береміз.



С.Ерасыл: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Ауырмасын ешқашан.

Аналардың жүрегі.

Қараторғай сөзі балалар сендер аналарыңа арналған тақпақтарын жақсы екен сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме балалар. Көктем кезін бізде жаңбыр жауады соған байланысты қолшатыр ойынын ала келдім.

Ойын: «Қолшатыр» (қараторғай ойнатады, сосон кетеді)

Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін деп»,

Ақырын құлағыңа сыбырлайын.

дей келе балалар әжелеріне арналған тақпақтары бар



Алиби: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.



Дильяра: Мен әжемді сүйемін,

Киімді өзім киемін.

Ақылына көнемін,

Тақпақ айтып беремін.



Шыңғыс: Менің әжем, ақ әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.



Ардақ: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейрімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі.



Ерали: Әжем менің жақсы көреді,

Қонаққа барса ұмытпай,

Кәмпит әкеп береді.



Алишер: Жақсы көрем апамды,

Апам мені жақсы көреді.

Үйретеді өленің,

Ертегі айтып береді.

Енді әжелерімізге арнап өлең айтып берейік.

Ән: «Ақ әжем» (жарты шеңбер)

Жүргізуші: Көктем келді шырайлы,

Күн сәулесін төгеді.

Келді көктем, келді нұр,

Күн сәулесін төгеді.

Көктем аруы кіреді.

Көктем аруның сөзі: Армысыздар қонақтар, аналар, әжелер, қыздар 8-наурыз мерекелерімен құттықтаймын. Сыңғырлаған күлкілеріңді естіп, келіп қалдым. Қандай әдемісіңдер, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар.

Жүргізуші: Ия, біздің балалар өнерлі тақпақтары отырып тындаңыз.



Ералы: Сыйлаймын мен әнәмді,

Сізге арнап жаттаған.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын, ақ анам!



Аида: Ана- біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.



Ж.Алдияр: Кел, балалар, ойнайық,

Гүлдерді біз құрайық.

Күн астында шуақты,

Мерекені тойлайық.



Нұрасыл: Мерекені тойлайық,

Қуанышты болайық.

Аналармен қуанып,

Асыр салып ойнайық

Жүргізуші: Көктем аруы сізге арнап ән жаттадық соны қабыл алыңыз

Ән: «Көктем» (жарты шеңбер)

Көктем аруы: Сендер аналарыңа арналған тақпақты жаттап алыпсындар жақсы. Мен сендердің аналарымен және сендерге арнап ойын ала келдім.

Ойын: «Балаңды таны» (ата-аналармен ойын). Балалар сендер тақпақтарынды, ойынды жақсы ойнадыңдар енді мен кетейін сендер сияқты балалар күтіп отыр. (көктем аруы кетеді сыйлығын береді)

Жүргігуші: Ұл-қызыңа ерген,

Немерең- біз, әже.

Немереңнен өрген,

Шөберең- біз, әже.

дей келе көрніс: «Әже мен немере» көрнісі.



Әже мен немере

Белі бүгіліп, бойындағы бар күші тауысқан қарт әже еңкейе басып жүріп келеді . Мұны көріп, алдынан жүгіріп шыққан немересі:

- Әже, айтыңызшы, не іздеп жүрсіз?

Бір нәрсе жоғалтып алдыңыз ба?- деп сұрайды.

- Иә, балам, жастығымды жоғалтып алып, соны іздеп жүрмін, - деп әжесі жерге еңкейе түсті.Сонда немересі қарсы алдына келіп, тұра қалды да:

  • Жоғалтқаныңыз алдыңызда тұр гой, әже! - деді.

  • О, құлыным!.... Менің жастық шағым сен екенсің ғой, - деп мейірлене бетінен сүйді әжесі.

Жүгізуші: Әже балған - Дильяра, немере бала - А.Ерасыл

Әжелеріміз әрқашан қартаймай немерелердің қызығына тоймай жүре беріңіздер. Енді әрі қарай тақпақтарды жалғастырайық.

К.Ерасыл: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анамызға сыйлаймыз.



Б.Мадияр: Анашым анам,

Ризамын сағам.

Тілінді алам,

Ақылды балам.



Сәкен: Біз күлкілі баламыз,

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз.



Ардақ: Шешем менің жақсы ана,

Маған ақыл айтады.

Базарға да бақшаға,

Өзі апарып қайтады.



Кеңес Алдияр: Ақ жүректен сақтаған,

Жарқын күлкі бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ анам.



Асанәли: Ел жатқанда жатпаған,

Мен де тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау бол, ақ мамам.

Жүргізуші: Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен,

«Жайдарман» биін бастаймыз.

Би: «Жайдарман» қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Балалар сендермен әрі қарай анамызға арналған әнімізді айтайық.

Ән: «Ақ мамам» (жарты шеңбер)

Жүргізуші: Осымен аналарға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерге арналған шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал