- Учителю
- Сабақ: Қызанақ пен қияр
Сабақ: Қызанақ пен қияр
Технологиялық карта
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Бақшадағы қызанақ пен қияр»
Мақсаты: көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағлұмат беру; көкөніс түрлері туралы білімдерін дамыту; ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерін меңгеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Көкөністі жуып жеуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу;
Қажетті құрал-жабдықтар: көкөніс түрлерінің суреті, үлестірмелі материал, ермексаздың қызыл, сары, жасыл және қоңыр , қара түстері , тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, тақтайша
Билингвальді компонент: бақша-огород, қызанақ-помидор, қияр-огурецКезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
Бақша біздің жаман емес
Бұршақ және сәбіз бар,
Пияз бенен қызылша
Қызанақ пен қияр бар
Балалар , бізге келіңдер.
Дәмін татып көріңдер?
-Шеңберге тұрады.
-қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастырушы-лық- ізденістік
-күзде бақшада нелер піседі?
-көкөністерді не үшін өсіреді?
-Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Көкөністерді көп жеу керек. Көкөністі күнделікті падаланатын адамның денсаулығы мықты болады.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық»
Қапшықтың ішіне қияр мен қызанақ салынады. Балаларға қапшықтың сыртынан ұстап, қияр мен қызанақты ажыратып, сипаттама берулерін сұрайды.
-сұрақтарға жауап береді.
-мұқият тыңдайды.
-ойын шартымен танысып,ойынды қызыға ойнайды
Ұйымдастырушылық ізденістік
-Қызанақ пен қиярды көрмей-ақ қалай ажыраттыңдар?
-Олардың түсі қандай?
-Екеуін қосып, не жасауға болады?
-Көкөністерді қай кезде жинайды?
Үлестірмелі материалмен жұмыс:
-Атайдың бақшасындағы көкөністері пісіпті. Біз де атайға көкөніс жинауға көмектесейік.
-жинаған қиярымызды бірінші қызанақты екінші жәшікке саламыз. Қияр мен қызанақ жасау үшін қандай түсті таңдаймыз
Қызанақты қалай мүсіндейміз?
-Осы домалақтың сабағы тұратын орныны саусақ ұшын батырып, сәл шұңқырлаймыз. Шұңқырға кішкентай сабағы мен жапырағын орналастырамыз.
-Қиярды өзіміз білетін қандай тәсілмен жасаймыз?
Қиярдың кішкентай сабақшасын жасаймыз. Енді атайға жәшіктің ішін толтыруға көмектесуіміз керек. Жасаған көкөністерді жәшікке саламыз.
-сұрақтарға жауап береді.
Ынталарын білдіреді.
Қызыл және жасыл
Ермексаз бөлігін алақанға салып, айналдыра домалақтаймыз
Ермексаз бөлігін алақан арасыа салып есіп, сопақша пішінге келтіреміз.
Рефлекстік түзетушілік
Қорытындылау:
-Балалар, қараңдаршы, қандай көп көкөніс жинадық. Бізге ғана емес, бүкіл балабақша балаларына жетеді. Атай да сендерге алғысын білдіріп жатыр
Қуаныштарын білдіреді
Бір-бірінің жұмыстарын қарайды.
біледі: ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерімен қызанақ пен қиярды мүсіндейді;
игереді: ұқыпты жұмыс істеуді; көккөністің адам ағзасына пайдасын;
меңгереді: домалақ және сопақ пішіндер жасауды;
Толтырған: Жердентапқанова Г.О.
Тексерген: Апбасова Г.Қ.