- Учителю
- Дос болайық бәріміз! (Өзін - өзі тану)
Дос болайық бәріміз! (Өзін - өзі тану)
Пәні: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Дос болайық бәріміз.
Мақсаттары:
1. Білімділік:Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік
беру.
2. Дамытушылық:Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
3. Тәрбиелік:Бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: карта, дәптер, түрлі түсті қарындаш.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Балалар тәрбиешімен Х. Талғаровтың «Дос болайық бәріміз» өлеңінің
бір шумағын бірігіп айтады:
Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Әңгімелесу
- Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Достық»
аялдамасына назар аударайық. Бұл аялдамада біз «Дос» және «Достық»
туралыц әңгімелесіп, қалай достасу керектігін үйренеміз.
- Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.
- Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма?
Ойлап көріңдерші?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек,
жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін
біздерге дос, жолдас екен.
- Достық-адамдардың бір - біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы,
татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.
«Досыңды тап» ойыны.
Балалар екіге бөлінеді. Бір топтың балаларының көздері таңылып, өз
достарын танып, табу ұсынылады. Олар өз досын қолын, шашывн,
киімдерін ұстап, сипау арқылы табуына болады. Достарын тапқаннан
соң орындарын ауыстырады.
Қимылды ойын «Поезд»
Ойынның шарты:
Тәрбиеші топтағы балаларды екі топқа бөледі. Бірінші топтың
балалары бір - бірінің белінен ұстап поезд болады, екінші топ
балалары «Поезд» әнін айтады.
Достық ережесі.
- Жолдастарыңа көмектес. Егер қолыңнан бір нәрсе келсе оларға да
үйрет.
- Жолдастарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс.
- Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін айтып,
түсіндір.
Қорытындылау:
- Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын
білдік. Достар қашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен
реніштерін бірге бөлісетіндерін түсіндік.