7


  • Учителю
  • Методы и приёмы для использования сказок в воспитании детей (каз. яз.)

Методы и приёмы для использования сказок в воспитании детей (каз. яз.)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Ертегілер оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер

Еліміздің айқын мақсаттарының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білімді, өресі биік, денсаулығы мықты өкілдер болады...» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз.

Қазіргі заманда қоғамыздың іргетасын ңығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қоғамның ең манызды міндеттері болып саналады. Бала тәрбиелеудің жаңа қаруы ретінде халық ауыз әдебиеті, ертегілер кеңінен пайдалану керек. Балаларға оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын ертегілер тыңдату тиімді. Бала тілін дамытуға тек қана ертегі оқып беріп қоймай, ертегіні рөлдерге бөліп сахналату бала тілін дамытуға зор ықпалын тигізеді. Ертегі арқылы біз балаларды тәрбиелейміз, дамуына жағдай жасаймыз, жанын емдейміз, өмір заңы туралы білім береміз.

Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ертегіні мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:

-қиял- ғажайып ертегілер

-жануарлар жайында

-шыншыл ертегілер

-тұрмыс-салт ертегілері

Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.Онда шындық мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

Қиял-ғажайып ертегілері. Мысалы: «Алтын шашты қыз», «Ер Төстік», «Ұшқыш кілем».

Шыншыл ертегілері: «Аяз би», «Қырық өтірік», «Тоғыз тоқылдақ», «Бір шіңкілдек».

Хайунаттар жайындағы ертегілер: «Қасқыр мен жігіт», «Байғазы», «Түлкі мен қасқыр», «Түлкі, түйе, қасқыр».

Тұрмыс-салт ертегілері: «Ақылды әйел», «Үш өсиет», «Үш ауыз сөз», «Білгір адам», « Өнеге».

Ертегіні оқу барысында балаларға бұл ойдан шығарылғандығын, өмірде кездеспейтіндігін айтамын. Кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретемін. Басқа ертегілерге қарағанда, жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ. Ертегі оқып болған соң, талдауды бастап кетуге болады. Балалар ықылас танытқан жағдайда, ертегі мазмұнын қайталаймын.

Ертегі мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілімен жүргізіледі.

а) Мәтінді толық мазмұндау

ә) эпизодтарға байланысты басты оқиғаларды теріп мазмұндау

б) өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау

в) тәрбиеші сұрағына жауап беріп мазмұндау.

Ертегілердің құрылысы

Ертегілер ауызша айтылатын көркем әңгіме болғандықтан, оған әрбір баланы қызықтыра түсу жағын ойлау керек, кейде ертегіші әңгімесін:

Ерте, ерте, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен,

Мұзға жығылған екен

Сирағы сынған екен... - деп, немесе:

Бар екен, жоқ екен,

Бөрі бекеуіл екен,

Түлкі жасауыл екен... - деп тақпақтай жөнеледі. Осыдан әрі қарай негізгі әңгіме оқылады.

Ертегілердің бала дамуындағы танымдық- адамгершілік және эстетикалық міндеттерінің маңызы болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу дағдыларын, өз сөзін, ойын дұрыс жеткізуге, өз ана тілін жетік білуге, меңгеруге, тіл тазалығына, ойлай, қиялдай, армандай білуге баулиды.Танымдық қасиетін, шығармашылық қабілетін арттырады.

Ертегі келесі даму түлеріне жағымды әсер етеді:

  1. Сенсормоторлы - балардың өзі сезген көңіл-күйін қадағалау қабілетін дамытады,

  2. Эмоционалды-ерікті - баланы адам өмірінде пайда болатын сезімдерімен, олардың мағынасы мен маңыздылығымен таныстыру,

  3. Таным - жұмыс барысында келесі психологиялық процестер дамиды: зейін, есте сақтау, ойлау және де қоршаған орта объектілерін зерттеу

  4. Қатынас - қарым-қатынас үлгісін және шығармашыл өзара іс-әрекет қалыптастыру

  5. Шығармашылық - баланың жаңа мүмкіндіктерін ашу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал