7


  • Учителю
  • Баяндама Ойын арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту

Баяндама Ойын арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі

«Балбөбек» шағын орталығының

тәрбиешісі Абишева Ж.Б.



Баяндама

Ойын арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту



Мақсаты:

-Балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.

Міндеттері:

- баланың танымдық қабілетін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деп жатады. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 3 - 5 жастағы балақайлардың біз ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де мінез - құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту - тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп - салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан - жақты дами алады.

Ойын ұғымына түсініктеме берсек

- бұл адамның мінез - құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс - әрекеттің бір түрі.

Ойын арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру.

"Ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз,ойынды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек.Ойын-жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек".

Я.А.Каменский.

Ойын- балалар әрекетінің бір түрі.Ойын-қарым-қатынас құралы.

Балалармен жүргізілетін ойын түрлері баланың ойлау мен қиял және барлық танымдық процестеріне әсері мол.

Ойын әдісін қолдану барлық сабақтарға тән.Мысалы ойын арқылы тіл сабақтарында балалар ел тарихымен танысады,математика сабақтарында логикалық ойлау қабілеттері қалыптасса,дүниетану сабақтарында олар айналамен танысып,табиғат жөнінде түсініктері кеңейеді.

Ойын балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына,ұйымшыл болуына мүмкіндік жасайды. Ойын әрекеті арқылы балалардың танымдық қызығушылықтары кеңейеді.Ойын жүйелі түрде тақырыпқа сай жүргізіліп отырса,балалар келе -келе өз беттерінше сұрақ бере білуге машықтанады,тыңнан ойын құрастыруға талпынады,оқылған тақырып бойынша өз тұжырымын айта алатын болады.

</ А.С.Макаренко "Бала өмірінде маңызы зор.Ересек адам үшін еңбектің,қызметтің,жұмыстың қанша маңыздылығы болса, ойын әрекетінің балалары үшін маңыздылығы сонша.Жасында ойын әрекетінде қандай болса,есейгенде жұмыста да сондай болады",-деген екен.

Демек,ойын деп қана түсінбей,оның үлкен маңыздылығын ескеру керек.

Сабақта жүргізілетін"Жалғасын тап" деген ойын толық емес сөйлем берілген кезде қолданылады.Балалар қабілеттеріне қарай сөйлемді жалғастырып әкетеді."Ұйқасын тап" ойыны балаларды шығармашылыққа баулиды.Өлең жолдарының алғашқы қатары беріледі де,келесі қатарын балалар ойластырады." Ойын жүргізу аяқ астынан ойластырылмайды.Тәрбиеші белгілі мақсат көздеп,сабақ жоспарына енгізіп,арнайы көрнекіліктер дайындайды.Балаларды түгел қатыстыра отырып,оларды шешім қабылдауға,ойын үстінде тез ойлана білуге жетелеу-тәрбиешінің міндетті.

Психолог А.С.Выготский "Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы,іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адамдар секілді көрінеді",-деп дәлелдеген.Осыдан -ақ ойын әрекетінің баланың даму сатыларына жетелейтінін көруге болады. Қорыта келгенде,әрбір ойын элементтерін балалардың деңгейіне қарай таңдап ала білсе,қолдана білсе болғаны.











































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал