7


  • Учителю
  • Ашық оқу іс-әрекеті: Тақырыбы Үй жануарлары

Ашық оқу іс-әрекеті: Тақырыбы Үй жануарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бейнеу балабақшасы» МКҚК

















Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Ашық оқу іс-әрекеті: Тақырыбы Үй жануарлары

Өткізген тәрбиеші: Жайылханова Шынар









Бейнеу селосы-2016 жыл.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға , айтқандарды зейін қойып тыңдауға , үй жануарлары туралы мақал мәтел, тақпақтар айтқызу сұрақ-жауап,жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.

Тәрбиелік: Уй жануарларына қамқорлық жасау.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру,көрсету.

Көрнекілік: Үй жануарларының сурттері, слайд.



Ұйымдастырушылық қозғаушылық

























































Ұйымдастырушы ізденушілік

Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»

сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Көп танасты көреміз

Алдымыздан кезіккен

Бәріне де ізетпен

Иіліп сәлем береміз

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?





- Сендер көктем мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?





- Өте жақсы. Жарайсыңдар!



- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?









- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның бірі.

- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?

Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!



Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.

Төрт түлік туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған.(Слайдтан көрсету)

(Осы кезде боран соғып, есік ашылып бақташы кереді)

Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.

- Бұл қай жер екен?

- Қандай балабақша?

- Естілмейді қандай балабақша?





- Мен, желден ығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі оқу ұйымдастылырған

іс - әрекетінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.

Бақташы ата: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?



Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.

Бақташы ата: Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!



Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

(Түйе)



Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Бірақ тағы сақалы бар

(Ешкі)



Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыпыртқысы бар

(Сиыр)







Екеуі елеңдеп келеді

Төртеуі төбелесіп келеді

(Жылқы)











Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағың

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын

Ойнақтайды ботақан

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді бұзауқан.



Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.

Тәрбиеші: Ендеше бақташы атамызға тақпақтар айтып берейік!

















































Балалар амандасады



















Көктем

Үш ай бар

Жаңбыр жауады,ағаштар бүршік жарады,шөптер өседі,малдар төлдейді



Асық ойнаймыз,ақсерек көксерек,футбол ойнаймыз









Қойдың,сиырдың даусы

























- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.























































- Балабақша

-«Бейнеу» балабақшасы

-«Бейнеу» балабақшасы



Балалар:- Жоқ





























Балалар: Қой





- мә - мә маңырайды







Түйе - бө - бө боздайды











Ешкі

- бе - бе бақырады











Сиыр

- мө - мө мөңірейді







Жылқы

- е - е - е кісінейді





















Балалар тәрбиешімен бірге қимылмен орындайды























Ақ бұзауым ұнайды

Мө - мө деп сүт сұрайды

Келеді өсіп күн сайын

Тұмсығын созып қарайды

Тілімен мұрнын жалайды



Кіп - кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп

Қошақаным өзім деп.



Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.



Шөре - шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секектеме деміңді ал

Селтеңдемей құлағың



Айналайын, ботам

Қандай күлте жотаң

Табандарың жалпақ

Теріп жейсің жантақ

Рефлексті коррекциялаушы

Тәрбиеші: Қане, балалар Бақташы атамызбен бірге «Сиқырлы қалташа»

ойын ойнайық.

(Төрт түліктің даусы естіледі)

Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты

Бақташы ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды.

Жақсы сау болыңдар!

Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!

- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?

- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?

- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?









Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық

.

























Сау болыңыз

Қой,сиыр,ешкі,жылқы түйе

Бота,лақ,бұзау,қозы,

құлын.



Жылқы - кісінейді

Сиыр - мөңірейді

Қой, ешкі - маңырайды

Түйе - боздайды.



Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп, айтамыз





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал