7


  • Учителю
  • Сахнаға баулу/вариативтік сабақ/, даярлық тобы

Сахнаға баулу/вариативтік сабақ/, даярлық тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сахнаға баулу /Вариативтік сабақ/

Тақырыбы: «Дәрігер» сюжетті рөлдік- ойын

Мақсаты: Оқушылардың тілін ,ойлау қабілетін, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту; Денсаулықты сақтауға, тазалыққа,сыйласымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу

Барысы:

І.Ұйымдастыру. /Шаттық шеңбері/

ІІ.Сабаққа дайындықтарын байқау. Сабаққа көңіл аудару.

Өткен сабақтардан отбасы туралы білімдерін байқау, туған-туыс кімдер екенін баларға айтқызу.

Кіріспе.

. Балаларға«Дәрігер Айболит» ертегісін естеріне түсіруді ұсынады.

- Дәрігерге нелер келді?

  • Ол қалай емдеді?

- Сендер үй жануарларына қандай көмек көрсетер едіңдер?

  • Өз бетінше жануарларды емдей аласыңдар ма?

Біздің қамқорлығымыз жануарларға өте қажет. Адамдар сияқты жануарлардың да денсаулығы мықты болуы керек. Ауырған жануарда микроб болып, ол адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан барлық жануарларды арнайы дәрігерге көрсетіп, егу және жақсы күтім болуын, дұрыс тамақтануын қадағалау қажет. Егуден басқа, әр 2-3 айда жануарларға ішек құртқа қарсы дәрі беру керек. Жануарлармен бірге ойнағаннан кейін міндетті түрде қолды жуу қажеттігін ұмытпа. Дәрігер Айболит өзінің достарына жақсы қамқорлық көрсетеді, ал сендерге оларды жақсы көріп, аурудан қорғауды ұсынады.

Әңгімелесу.

Балаларға: «Біздің жерімізде бізбен бірге өсімдіктер, жөндіктер, балықтар, құстар, аңдар мекендейді және осымен қоса өте көп микробтар, бактериялар мен вирустар бар. Олардың ішінде адамға пайдалы, қажеттісі де, жұқпалы және вирусты ауруларды тудыратын өте қауіптісі де бар. Бірақ адам осы кішкентай зияндылармен күресуді үйреніп қана қоймай, аурудың алдын алуды да үйренді», - деп түсіндіру.

Аурудың алдын алу - денсаулықтың жаңа ережелері мен пайдалы кеңестері арқылы іске асады.

Доппен ойын: «Жақсы - жаман».

Балаға допты лақтырып, «тісті тазалау», «алманы жумай жеу» т.с.с. сөздер айту. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады.Балалардан далада ойнағанды, секіргенді, жүгіргенді ұнататындары туралы сұрайды. Бала құлап, жарақат алған кезде қан ағады. Осы кезде не істеу керек?

«Дәрігер» сюжетті рөлдік- ойын (рөлге бөліп,ойын ойнату)

«Қуыршақты емдейміз».

Балаларға жараны қалай емдеу керектігін және оған не қажет екенін айтып, көрсету.

  • Жараны таза сумен жуып, йод жағу керек.

  • Жараға кір, шаң түспес үшін, таза дәкемен таңу қажет.

Ал енді дәрігерге келіп ем қабылдайық, кім қандай ем қабылдағысы келеді?

(балалар келіп ем қабылдау ойынын ойнайды)

Дәрігер кеңесі:

Биылғы жылы кімнің тұмаумен немесе суық тиіп ауырғанын сұрап, сол кездегі көңіл күйлерін айтуды ұсынады.

  • Сендер суық немесе тұмау тиіп ауырған кезде тыныс алу жолдарында үлкен мөлшерде шырыш пен қақырық жиналады. Шырышты қабық тітіркеніп тұрады, сондықтан сендер жөтеліп, түшкіргілерің келеді. Осы кезде мұрыннан және ауыздан шырыш тамшылары ортаға тарайды. Жөтеліп түшкірген кезде тыныс алу жолдары тазарып, осылай ағзамыз қорғанады. Шырыш тамшыларымен бірге ауаға үлкен мөлшерде вирустар мен микробтар тарайды. Егер де түшкіріп, жөтелгенде ауру адам аузы-мұрнын қолорамалымен жаппаса, көптеген адамдарға ауру жұқтыруы мүмкін. Сондықтан сендер ауырып қалған жағдайда, өздеріңді, қоршаған адамдарды сыйлап, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз, мұрындарыңды қолорамалмен немесе қолдарыңмен басу керек.

Естеріңде болсын, қолданған қол орамалды үнемі, жиі ауыстырып тұру керек.



Төмендегі ережелерді есте сақтандар:

- Қолды жиі жуу керек.

- Йт, мысықпен бірге ұйықтауға болмайды.

Егер үйдегі жануарларың ауырған жағдайда, дереу мал дәрігеріне қарату қажет.

Қорытынды:

  • Тазалық көптеген ауруларға қарсы күреседі.

  • Табиғатты қорғау керек.

  • Дәрігер кеңестерін үнемі есте ұстайық!

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды марапаттау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал